Сабақтың тақырыбы: 8 саны және цифры.
Сабақтың мақсаттары: 1. Оқушыларды 8 саны және цифрымен таныстыру.
2. Танымдық ойындар ойнату арқылы, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Есептеу дағдыларын қалыптастыру.
3. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Ананы құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, түсіндірмелі - көрнекілік
Көрнекілігі: суреттер, жұмбақтар, интерактивті тақта
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Қане, біздер ойлайық, Ойымызды жинайық. Қандай есеп болса да, Шешпей оны қоймайық.
ІІІ. Өткенді қайталау
а) «Алма теру» ойыны
ә) 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Сандарды тура санау, кері санау.
Осы сандардың ішінен біз бұрын өзімізге таныс емес 8 саны туралы оқып үйренеміз.
ІІІ. Жаңа сабақ
7 санына + 1 санын қоссақ шығады 8 саны.
7+1=8
ІV. Дәптерімізді ашайық, әдемі 8 санды жазайық.
Сегіз саны құрылған Қос дөңгелек – шеңберден. Үлкен шеңбер үстіне Кіші шеңбер жанасқан.
- 8 санына байланысты қандай мереке бар? / 8 наурыз /
- 8 наурыз қандай мереке?
Дүниеде ең жақын адам, ол кім? / ана /
Оқулықпен жұмыс
Теңдіктерді дұрыс құрастырсақ, ана туралы өлең оқимыз
а) №1 Теңдіктер құрастыру.
* +*=8
* + * =8
8-* =
8-* =
* +* =8
* +* =8
8-* =
8-* =
* +* =8
*+*=8
8-*=
8-*=
Ана - деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсын.
ә) №3 Фигураларды атап. Кесінділерді өлшеп, сыз және салыстыр.
см * см
V. Сергіту сәті
Бір, екі, үш қарлығаш боп ұш,
Төрт, бес, алты қарлығаш боп қалқы.
Жеті, сегіз, тоғыз, он
Қайта орныңа қон.
VI.«Көршінді тап» ойыны.
6, 5 , 3 , 7 , 2
Математикалық диктант
7+1=
3+0 =
2+4=
8 - 4=
3 - 0=
8 - 8=
Осы өрнектердің мәнін табайық
Жұптық жұмыс арқылы тексеру
VII. «Қызықты математика»
*Саянда болды 8 алма
Сайданға берді 4 алма.
Ойланып, кәне, көрейік -
Саянда қалды қанша алма? 8 - 4 =4
*Бәйгеге шықты жануарлар
Алға шықты бесеуі.
Қосылды оған екеуі
Мәреге келді нешеуі? 5 +2=7
*Айманда болды бес алмұрт,
Әселге берді екі алмұрт.
Айманның қалды қолында
Неше алмұрт тез ойла? 5 - 2=3
*Сегіз қияр базардан
Сатып алды Сәлімжан.
Бес қиярды алғанда
Қанша қалды дорбада? 8 - 5=3
VІІІ. Қорытынды.
Үйге тапсырма: 72 - бет №5 есеп
Бағалау матрица бойынша
8 саны және цифры
- Ainagul--73
- 1 ақпан 2013
- 18636
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 8 саны және цифры, сабақ жоспары, математика, бастауыш
Ұқсас жаңалықтар:
8 саны және цифры
Мақсаты: а) 8 саны мен цифрын енгізу;8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру; 8...9 саны және цифры
9 саны, оның шығуы, сандарындағы орны туралы түсініктерді, 9 цифрын дұрыс жазуды қалыптастыру. Қосу және азайтуды тиімді әдістерін пайдалана отырып,...7 саны және цифры
7 саны және цифрымен таныстыра отырып, киелі сан екенін меңгерту. Саналы түсіну машығын жетілдіру. Алған білімдерін саралау. Санды санға қосуға...5 саны мен цифры
Қостанай қаласы, №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ермаганбетова Гулсум...5 саны мен цифры
ШҚО, Үржар ауданы, Благодарное орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баелова Найля Көбенқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.