Тақырыбы: «Зерде» интеллектуалды ойыны
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді жан-жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: компьютер, экран, ұпай көрсетілген қағаздар.
Барысы:
Армысыздар, бүгінгі кешке жиылған математиканы сүюші қауым! Бүгінгі біздің «Зерде» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!
Білімменен тәнті етеді тектілер,
Мұратына білім қалды жеткізер.
Бар ізгілік тек біліммен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.,- дей келе «Зерде» ойынын бастайық. Ендеше сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырайық.
Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едің талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділ қазым,
Еңбегін тапқырлардың әділ сына – деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық.
Сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады:
1. Таныстыру
2. Бәйге
3. Жеті әлем
4. Қалт етпей, қағып ал, жауабын тауып ал.
5. Логикалық есептер.
6. Жазбаша сауалнама
1. Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талантқа
Ендеше ойыншылар өздерін таныстырып өтсін.
4а « Қыран тобы»
4ә «Тұлпар тобы»
4б «Сұңқар тобы»
Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки, жауабын мен білім деп?
2. Ойынымыздың келесі кезегі «Бәйге» бөлімі:
Бұл бөлімде 30-дан бастап 50 аралығындағы ұпайларға арналған сұрақтар жасырылған. Ұпай ұяшықтарын таңдап, берілген сұраққа жауап бері керек. Дұрыс жауап болса, таңдаған ұпайды алады. Жауап бере алмаса келесі топ жауап беруге болады, ол ойыншы таңдалынған ұпайдан 10 ұпай кем алады. Солай ойын жалғаса береді. Таңдау кезегін бірінші болып 4 сынып оқушыларына берейік.
Сол жақтағы 20. Айналадағы дүние тұстары нешеу?
Ортадағы 30: Басталатын нүктесі бар сызық./сәуле/
Оң жақтағы 30: Шаршының периметрі 44см, қабырғасы неше тең?/11см/
Сол жақтағы 40: Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінің неше асығы бар?/33 асық/
Ортадағы 40: Бұл ұпайды таңдаған ойыншыға 10 ұпай қосылады. Тағы таңдау құқығына ие болады.
Оң жақтағы 40: Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсысы? /Ажар/
Сол жақтағы 50: Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?/0 саны/
Ортадағы 50: Ең кіші төрт таңбалы сан. (1000)
Оң жақтағы 50: Үш тауық 3 күнде 3 жұмыртқа табады. 12 тауық 12 күнде неше жұмыртқа табады?(12/22)
3. Сайысымыздың келесі бөлімі «Жеті әлем» Бұл ойында әр жеті пәннен тапсырма беріледі.
Математика:
1 сұрақ. Егер сан 0, 2, 0, 4, 6, 8 цифрларынан аяқталса, онда ол бөлінеді нешеге? /2-ге/
2сұрақ. Қандай сан натурал сан болмайды? /0 сан/
3 сұрақ. Ешқашан қиылыспайтын түзулер / параллель/
Қазақ тілі
1-сұрақ Күрделі баяндауышы бар сөйлемді тап
Айнұр кітап оқыды.
Дәурен ертегіні қызыға тыңдап отыр.
2 -сұрақ Қай дауысты дыбыс әрі жуан, әрі жіңішке дауыстыға жатады? (у)
3 -сұрақ Байсалды сөзіне қарама-қарсы сөзді тап.
Ағылшын тілі
1. сұрақ Ағылшын тіліндегі ператтын аты:
1. 2. Бейне сұрақ. chiken, milk, ice cream, rice осы сөздердің қазақша аудармасын ата?
Дүниетану.
1- сұрақЖаңбырдан кейін ағаш, томардың қай жақ беткейі тез кебеді?
2-сұрақ: Судың жер бетін тілімдеп, жырып кетуінен не пайда болады?
3-сұрақ: Мұнай – газ кен оны деген не?
Орыс тілі
1-сұрақ: Назави гласные звуки: а, в, г, о, и, л, м, у, р, с, е, э, х, ф, я.
2-сұрақ. Что такое антонимы?
Музыка
1-сұрақ Елімай жыры қай жылы пайда болған?
2-сұрақ Құрманғазының күйлерін ата: Кісен ашқан,.......
3-сұрақ Домбыраның неше пернесі бар?
Ана тілі
1-сұрақ Әліппенің атасы кім?
2-сұрақ Батырлар жырын ата:...............
3-сұрақ Шоқан Уәлихановтың шын аты:..............
4. Логикалық есептер.
1-сұрақ Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда тырна 2кг болады. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады?
2- сұрақ Нұртуған мектептен үйге дейінгі қашықтықты адыммын өлшеді. Ол қос – қостан72 рет және үш-үштен 27 рет адымдады. Нұртуған қанша адым жасаған?
А) 81 в) 99 с) 144 д) 225
3 -сұрақ Логикалық сұрақ. 35 санының соңғы цифрын өшірсек, ол қанша бірлікке азаяды?/32/
4- сұрақ Сандары белгілі бір байланыспен орналасқан. Сандар байланысы ерекшелігін тауып қатарды жалғастыр:
9, 7, 10, 8, 11, 9, 12,... /10, 13, 11.../
5 -сұрақ. Ауылда 3күн, 3түн боран соқты. Неше тәулік боран болды?
6- сұрақ. Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер алашқа
Қалады сонда қанша алма. /24/
7-сұрақ. Бір бірімен жарысқа Төрт аю, бір арыстан Екі қой мен бір түлкі Бәрі нешеу кім білді?/сегіз/
8-сұрақ
Алпыс төрт бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар.
Ақ, қарағып бөлгенде,
Бірін-бірі қуғандар,
Ханы үшін де, жаны үшін де
Бермейді олар намысын. /шахмат/
5. Келесі бөлім «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал»
230002+320200
6 см =? Мм
5000х30
111111х3
5т =? Кг
105х40
1260х7
25км/сағ х 6сағ =? Км
2500х60
10356-645
45км: 5сағ =? км/сағ
6. Жазбаша сауалнама
Шарты: Әр топ басшылары берілген бетшелерді таңдайды. Таңдаған тапсырмаға 8 мин дайындалады.
1. 127 жылқысы бар үйірден келесі үйірге үштен бірін және екеуін айдап әкетті. Сосын қалған жылқылардың жартысын әкетті. Қанша жылқы қалды?
А) 16
б) 11
с) 6 д)
8 2. Сөз тіркесі қатарын тап.
а) Талпынған бала
в) Егін пісті.
г) қоңырау соғылды.
с) Жаңбыр жауды
3. Асан 600г тосапты 6 минутта жейді, ал Үсен оған қарағанда 2есе тез жейді. Екеуі бірігіп осы тосапты қанша уақытта жейді?
А) 1мин
б) 2мин
в) 3мин
г) 4мин
4. Картада қаланы қандай шартты белгімен көрсетілген?
а) Текше.
б) Тең жартысы бойалған дөңгелек
в) Дөңгелек
г) Қосу белгісі.
5. Бір біріне қарама-қарсы келе жатқан пойыздардың ара қашықтығы 1200 км. Бір пойыздың жылдамдығы 58км /сағ. 3 сағаттан кейін бұлардың арақашықтығы қандай болмақ?
А) 810км
в) 910км
с) 390 д) 820км
6. Шахтадағы көмір өндіретін орынның аталуы:
а) Қуақаздар
б) Забой
в) Кен орны
г) Карьер
Сайыскерлердің қорытындысын шығарғанша көрермендерге викториналық сұрақ:
Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр?
7 ыдыста тосап болды. Сонда бір ыдысқа неше кг тосап құйылған?
Отбасында жеті қыз және әр қайсысында бір-бірінен інісі бар. Отбасында неше бала бар? /8/
Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
Өсімдік мүшелерін ата?
«Зерек интеллектуалды ойынымызды аяқтаймыз. Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Осымен сайысымыз аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет!
Зерде (интеллектуалды ойын)
- Нұргүл-76
- 1 ақпан 2013
- 32609
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сайыс, жарыс, бастауыш, интеллектуалды ойын, математика, қазақ тілі, дүниетану
Ұқсас жаңалықтар:
XXI ғасыр көшбасшысы ойыны
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға, жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға үйрету. Міндеті: 1. Білімділік: Ойы жүйрік, танымдық...«ЗЕРДЕ» интеллектуалдық - танымдық ойыны
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы, «Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш...ХХІ ғасыр көшбасшысы
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Майтөбе ОМ МДШО - ның математика пәнінің мұғалімі Кальпебаева Асия Дарханқызы...Математика елінде
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №14 ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі: Умбетова Гульмира Борисовна...Математика майталманы
Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназия Сейтбекова И. Т....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.