Сайтқа кіру Тіркелу

Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер

Сабақтың тақырыбы: Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер
Сабақтың мақсаты: Жануарлар топтарын ажырату және олардың өзіндік ерекшеліктерін ажырату.
Міндеттері: - Жануарлардың мекен ететін ортасы туралы түсініктер алу;
- Қоректену жолдарын анықтау;
- Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақтың барысы 1. Ұйымдастыру кезеңінде психологиялық дайындық жасау. Ол үшін мына қанатты сөзді оқыту және талдату:
«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ».
Табиғаттың адам өміріндегі маңызына қысқаша тоқталып өту.

2. Жаңа сабақ жоспары
• Миға шабуыл. «Табиғат» (Ой шақыру)
- Табиғат нешеге бөлінеді? (2 - ге)
- Өлі табиғатқа нелер жатады? (тау, тас, су, т. б.)
- Тірі табиғатқа нелер жатады? (адам, жануар, өсімдіктер)
- Ендеше, тірі табиғаттың бір тобы жануарлар әлемі жөнінде әңгімелесейік. Балалар, сіздер қандай жануарларды білесіңдер? Олар туралы қай сабақта өткен болатынбыз? (Әліппеде)
- Жақсы, ендеше, бізге көмекке сүйікті «Әліппеміз» келсін. (Әліппедегі жануарлар суреттерін қарап, еске түсіру)

3. «Жануарлар әлеміне» қысқаша шолу жасау:
Жануарлар әлемі
Табиғат жағдайы жер шарының барлық бөлігінде бірдей емес. Осыған байланысты жан – жануарлар тіршілік етуге бейімделіп отырады. Олар жер бетінде, суда, ауада, топырақ арасында, өсімдіктер мен жануарлар организмінде тіршілік ете береді. Олар бір - бірінен ұқсастығына, түрлеріне, ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді.

4. Мәтінмен жұмыс.
- Электронды оқулық арқылы мәтінді таныстыру;
- Іштей оқыту;
- Тізбектей оқыту;

5. Мәтіннің мазмұны бойынша талдау - жинақтау жұмысын жүргізу:
1) Дала жануарларын неге «жабайы аңдар» дейміз. өзің білетін жабайы аңдарды ата.
2) Жабайы аңдардың пайдасы туралы айт.
3) Үй жануарлары туралы әңгімеле.
4) Олардың пайдасы туралы өлең - тақпақтар оқып беру:
Сүт
Май алады сүттен,
Қүрт алады сүттен.
Сүт алады молырақ,
Малын баптап күткен.
Ірімшік
Атамның да тісі жоқ,
Апамның да тісі жоқ.
Тәтті ірімшік жинаймын,
Екеуіне сыйлаймын.
Қымыз
Жеңгем бие сауады,
Ағам саба піседі.
«Денсаулыққа дауалы»,
Деп үлкендер ішеді.
Шұбат
Іркіт түстес түрі,
Дәмі сүттің бірі.
Бойға қуат,
Ішкенге ем шұбат.
Қазы
Ет төресі қазыны,
Апам тұздап баптайды.
Ұнға илеп жаз күні,
Күзге дейін сақтайды.
Ет
Майлы ет,
Майсыз ет.
Жесең көп,
Зиян тек.
5) – Бұлар малдан алынатын тағам өнімдері. Ал, «жабайы аңдардан» осындай өнімдер ала аламыз ба? Неліктен?

6. *Бүгінгі өткен тақырып бойынша жануарларды топтау:
- жабайы аңдар
- дала жануарлары
- үй жануарлары
* Олар қайда мекендейді және немен қоректенеді?
*Олардың қандай ортақ белгілері бар, сен соны байқадың ба?
(Ойлануға уақыт беру)
*Олар «сүтқоректілер» деген қорытынды жасау.

7. Дәптермен жұмыс. «Сүтқоректі жануарлар» ұғымын жаздыру.
Қосымша мәліметтер беру.
Сүтқоректі жануарлар
Баласын тірі туып, сүтпен асырайтын жануарларды сүтқоректілер дейді. Қазір дүние жүзінде 4500 – жуық, ал Қазақстанда 150 – ден астам сүтқоректі жануарлардың түрлері тіршілік етеді. Әр түрлі тышқандардан бастап маймылға дейін сүтқоректілер қатарына жатады. Сүтқоректілердің еті, сүті, күші, терісі, жүні, түбіті адам үшін пайдалы. Оларға үй малдары және жабайы аңдар: піл, құлан, түлкі. Қоян т. б. жатады. Зиянды сүтқоректілер де бар. Саршұнақ, суыр, тышқан тұқымдас жануарлар түрлі аурулар таратады.

8. Жаңа сабақты бекіту үшін жұмбақтар жасыру. Жұмбақтың шешімін суреттерден табу.
Ит сияқты пішіні,
Ұнатпайды кісіні.

Жазда сұрғылт.
Қыста аппақ.

Басына өскен тарбиып,
Жапырақсыз бұтағы.
Алады одан қан құйып,
Емге шипа бұл дағы.

Қайда болсын баратын,
Мінсең – ұшқыр қанатың.

Көзін жұмады,
Көзін ашады.
Сыбысын білдірмей,
Ақырын басады.

Адамға серік,
Күзетке берік.

9. Қорытындылау. Жабайы аңдар да, үй жануарлары да өмірге өз төлдерін әкеледі, сүтпен қоректендіреді, есейгенше қорғаны болады. Олардың қайсысының өмірі жеңілірек деп ойлайсың? Әлде бәрі бірдей ме?
10. Үйге тапсырма. Мәтінді оқу. Үй жануарлары мен жабайы аңдарды салыстыру.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×