Ана тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қар астындағы ұялар (аңшының әңгімесі)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қандай құстар қар астына ұя жасайды және олардың қыстағы тіршілігі жайлы біліп - тану.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз бетімен мәтінмен жұмыс жасау арқылы тәжірибе жасап үйренеді, қысқа мерзімді жоба жазады, өз жұмыстарын қорғай біледі, өз пікірін ортаға сала отыра көпшілікпен пікір алмасады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдістер: диалогты оқыту әдісі, Сыни тұрғыдан оқу мен жазуды дамыту технологиясы, талдау, жинақтау, сұрақ – жауап, жұмбақ шешу, логикалық тапсырмалар, жеке жұмыс, жұппен жұмыс, топпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, бейнелеу, музыка
Ақпараттық құралдар: интерактивті тақта, компьютер.
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі.
«Шаттық шеңберіне» шақыру
Сәлем саған күн нұры,
Сәлем саған жер - ана.
Сәлем саған достарым,
Сәлеметсіз бе мұғалім!
- Балалар бір - біріне жылы лебізді тілектер айтады.
1) «Миға шабуыл» интерактивті тақтадан сурет көрсету арқылы есте сақтағандарын айтқызу.
Жеке жұмыс.
Проблемалық сұрақ қою: Бәріне ортақ логикалық сұрақ қойылады?
Сауысқанды атқанда неге қарға құлады?
Оқушылардың ойын тыңдау.
Жұппен жұмыс.
2) «Сөз бұлты»(түсіндірмелі сөздер) кестесін толтыру
Сөздер----- Менің ойымша ------- Дұрыс жауабы ------- Сөз тіркестері
Қырат
Таса
Шілдер
Жайбарақат
Ғайып
Ызғырық
Омбылай - омбылай
Шым-шытырық
Сұқсам
Дүмімен
Шолақ
Кеуек
3) Топпен жұмыс. Қыс айларын атау арқылы сыныпты 3 топқа бөлу
1 - топ «Желтоқсан» айы
2 - топ «Қаңтар» айы
3 - топ «Ақпан» айы
Жұмбақтар шешу:
1. Қыс та бар да, жазда жоқ.
2. Тал басында,
Түндіксіз отау.
3.«Ненің ізі?» ойыны. Берілген суреттен құстың ізін тап:
Мәтінмен жұмыс.(Болжау стратегиясы)
Мәтінді үш бөлімге бөлу. Әр бөлімді топтарға тарату. Мәтін бөлімдерін топтар іштей оқып шығады. 1 оқушыдан дауыстап мәнерлеп оқыту
Құстар неге қар астына ұя жасайды екен соны білгілерің келе ме?
Қыстың аязды ашық күні еді. Мен мылтығымды иығыма асып, таудан төмен түсіп келе жаттым. Бет алдымдағы қыратта қар үстінде бір топ шіл көрінді. Мен ағаштардың тасасымен шілдерге қарай беттедім. Екі көзім соларда. Тесіліп қарап келемін. Шілдер мені көрген жоқ. Еш нәрседен қауіптенетін емес. Оларды көріп мен де жайбарақаттыққа түстім. Асықпай жүріп келемін, шілдерге анда-санда ғана қарап қоямын.
Әрі қарай не болады деп ойлайсыңдар?
Осылай жүріп келе жатып шілдерге көзімді тағы да тіктім. Бірақ олар көрінбеді. Міне, ғажап! Шілдер қайда ғайып болды. Олар ұшып көкке көтерілген жоқ. Қар үстімен жорғалап, басқа жерге де кеткендей болған жоқ. Үлкен арша ағашының түбінде отырып біраз демалдым. Шілдер жүрген қыратқа көз алмай қараймын. Бірақ олар көрінер емес. Кешікпей солтүстіктен ызғырық жел тұрды. Күн бірте-бірте суыта бастады. Мен орнымнан тұрып қайтадан жаңағы шілдер жүрген қыратқа қарай аяңдадым. Қыратқа қалың қар түсіпті. Омбылай-омбылай шілдердің ізіне де жеттім. Шым-шытырық көп ізге үңіле қарап, біраз тұрдым. Қар үстіндегі іздердің арасынан әр жерден іннің аузына ұқсас тесіктер көзіме түсті. Ішіне қолымды сұқсам, жып-жылы. Қардың астына әдейілеп ін жасаған сияқты. Мен әлгі іннің маңын аяғыммен таптап, мылтығымның дүмімен ашып тазалауға кірістім. Көп кешікпей, бір шіл ұстап алдым.
Қардың құстарға қаншалықты пайдасы бар екендігін білгілерің келе ме?
Шолақ тонымды тастап, жұмысқа кірістім. Қар асты тармақ-тармақ ін екен. Кейбір жерлер дөп-дөңгелек, үп-үлкен, бейне бір қоянның кеуегі тәрізді қуыстар да кездеседі. Олар қыстың суығынан қорғанатын шілдердің ұялары екен. Сөйтіп мен осы жолы шілдер жасаған қар астындағы ұяларды көрдім. Қай жерді ашсам да, жер беті де, шөптер же жып-жылы. Құр, кекілік сияқты құстар да осылайша қар астына кіріп суықтан қорғанады. Қоян да кеуегін осылайша қар астына жасайды екен. Ал тышқандар қыстыгүні қар астындағы індерінде жатып балалайды. Мұның бәрі, әрине, қардың жануарлар мен өсімдіктерді суықтан қорғайтынын көрсетеді.
4) Блум таксономиясы.
1. Талдау.
2. Жинақтау.
3. Бағалау.
Күтілетін нәтиже: Әр топқа проблемалық сұрақтар қою арқылы әр топ өз пікірін параққа жазады(10 минут)
Рефлексия жасау
Сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы бейнелеу.
Үйге тапсырма беру:
1) Тәжірибе жасау.
2) Неліктен құстар қар астына ұя жасайды? кестесін толтыру.
Жұмыс түрі Нәтиже Нені шешу керек?
3) Қысқа мерзімді жоба, 2 - 3 балаға беру.(2 апталық жоба кураторлық сағатта қорғау)
Сабақ соңында үйге эксперимент жасауға бердім. Ертеңіне Ануаров Аслан деген оқушым өзі жасаған эксперименті бойынша сынып оқушыларына өз тәжірибесін айтып көрсетті.
Ануаров Аслан мынадай эксперимент жасаған:
Қатты аяз күні екі шөлмекке су толтырып, аузын мықтап бекіткен. Түнге қарай 1 шөлмекті қардың астына көмген, 2-шөлмекті қардың үстінде қалдырған. Ертеңіне екі шөлмекті қараса, қар астындағы шөлмектегі су қатпаған екен, ал қар үстіндегі шөлмек ішіндегі су қатып қалған екен. Бұдан оқушы қар асты қаншалықты жылы екендігін бақылағанын көруге болады.
Осы бақылағандарын сынып оқушыларына айтып, пікір алысты.
Қар астындағы ұялар (аңшының әңгімесі)
- Шамиғанова
- 25 қаңтар 2013
- 12618
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Ашық сабақ, ана тілінен ашық сабақ жоспары, қар астындағы ұялар, бастауыш
Ұқсас жаңалықтар:
Қ.Жұмаділов. «Қаздар қайтып барады» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы адам психологиясының ішкі сезім толғаныстарын суреттеуде жазушы шеберлігін...Қазақ әдебиетінің негізгі бағыттары, көрнекті өкілдері
8 - сынып бойынша "Қазақ әдебиетінің негізгі бағыттары" - тақырыбында өткізілген ашық сабақ қысқа мерзімді жоспары...Ақ қыс. Т. Айбергенов
Сабақтың мақсаты: Ақын өмірімен қысқаша таныстыру, өлеңдегі қыс бейнесін басқа ақындардың қысымен салыстыру....Қайырымдылық
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Абай орта мектебі Сейтмағанбетова Жұпар Баймұқашқызы...Ақ боран
ШҚО, Семей қаласы «№ 32 ЖОББ» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Сахариева Гульнар Назархановна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.