Қарағанды қаласы, Қазыбек Би ауданы,
«№6 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Кордабаева Жулдыз Мухаметжановна
Тақырыбы: Лепті сөйлем
Сабақтың мақсаты: 1.жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы жаңа сабақты меңгеру. Лепті сөйлем туралы түсінік беру арқылы сөйлемдер құрату, ой-өрістерін сөздік қорларын дамыту.
2. Оқушыларды сауатты жазуға үйрету, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, байланыстыра сөйлеуді және жазуды дамыту, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге дағдыландыру.Оқушы бойына жарасымды мінез-құлықтың дағдыларын сіңіру, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, жағымсыз қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: дүниетану, ана тілі
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: сызба, слайд
Сабақ әдісі: көрнекі құралдармен жұмыс, өзбетінше жұмыс, сұраққа жауап, салыстыру және мәнерлеп оқу, интербелсенді тақтамен жұмыс жасау.
І.Ұйымдастыру кезеңі Амандасу Оқушылардың көңіл-күйін бақылау, «Ақ» сөзіне жылы сөздер айту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Ал балалар үйге қандай тапсырма берілді?
Үйге жаттығу берілді.
Қане, оқып шығайықшы.
ІІІ.Өткенді қайталау.
- Қане, балалар, біз сендермен өткен сабақта қандай тақырыптармен танысып едік?
- Ия, Сөйлем және олардың түрлерімен.
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем дегеніміз адамның аяқталған ойы.
- Сөйлемнің неше түрі бар?
- Сөйлемнің үш түрі бар.
- Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
- Сұраулы сөйлем дегеніміз жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем.Сұраулы сөйлемнен кейін (?) белгісі қойылады.
Мысалы: Сен қай сыныпта оқисың?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз бірдеңенің жайын хабарлап тұрады.Хабарлы сөйлемнен кейін (.) қойылады.
Мысалы: Менің апам ауылдан келді.
IV. Жаңа сабақ,
Бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Ендеше, балалар біз бүгін сіздермен сөйлемнің үшінші түрі лепті сөйлеммен танысамыз.Лепті сөйлем дегеніміз адамның көңіл –күйін білдіреді.Сөйлемнен кейін (!) белгісі қойылады.
Мысалы: Алақай, ертең мен киноға барамын!
Көркем жазу Пп Пп парта
V. Оқулықпен жұмыс.
240-жаттығу. (ауызша)
Өлеңді рольге бөліп оқып, көтеріңкі көңіл дауыс ырғағымен айтылған сөздерді тап.Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аудар.
241- жаттығу.(жазбаша) Хабарлы сөйлемді сұраулы және лепті сөйлемге айналдырып жаз.сыныпта өнерлі оқушылар көп.Мектеп ауласында әдемі гүлдер егілген.Сыныпта өнерлі оқушылар көп пе?Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген бе?Алақай, сыныпта өнерлі оқушылар өте көп! Ура, мектеп ауласына әдемі гүлдер егілді!
244-жаттығу.
Сурет бойынша әңгіме құрату.
Әңгімеге ат қою.
- Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?
- Қыс мезгілі.
- Балалар қалай киініп жүр?
- Жылы және жеңіл киініп жүр.
- Олар қайда киініп жүр?
- Олар мұз айдынында ойнап жүр.
- Қане балаларға ат қояйықшы.
- Марат және Әйгерім.
- Олар не істеп жүр?
- Олар кішкентай Гүлназға коньки тебуді үйретіп жүр.
Жақсы, енді суретке қарап ат қояйық.
- Қыс қандай көңілді!, алақай, қар жауды!
VI. Сергіті сәті.
Қане енді орнымыздан тұрып бойымызды жазып алайық,
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына
Қиығын салып көзінің
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
- Қоян қандай аң?
- Қорқақ және су жүрек.
- Оның қандай түстері болады?
- Ақ және сұр.
- Неліктен түстері өзгеріп отырады?
- Жауларынан қорғану үшін.
247- жаттығу.
Берілген сызбалар бойынша сөйлем құрау.
VII.Қорытынды.
Сонымен балалар лепті сөйлем дегеніміз не?
Лепті сөйлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылады?
VIII.Үйге тапсырма.
242-жаттығу.
ІХ.Бағалау.
Лепті сөйлем
- Жузька
- 14 қаңтар 2013
- 50346
- 0
- 20
Ілмек сөздер: Бастауыш сынып, қазақ тілі, лепті сөйлем
Ұқсас жаңалықтар:
Сұраулы сөйлем
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер болып бөлінетінін айтып, сұраулы сөйлем туралы...Лепті сөйлем
Лепті сөйлем жайында білім беру; көңіл – күйге байланысты айтылатын сөйлемдерді басқа сөйлемдерден ажырата білуге үйрету; жазу сауаттылықтарын...Лепті сөйлем
Қарағанды қаласы, № 6 ЖББОМ бастауыш сынып мүғалімі Ахметова Бахыт Махметовна...Сөйлем
Атырау қаласы Ы. Алтынсарин атындағы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Құбиева Зауреш Паңгерейқызы...Сұраулы сөйлем
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы О.А.Жаутіков атындағы №1 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алимжанова Ақерке Сагатовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.