Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы
Қараой мектеп балабақшасының
бастауыш сынып мұғалімі
Жайгалиева Айнамгул Адилхановна
Сабақтың тақырыбы: Кері есептер
Сабақтың мақсаты: Кері есептер жайлы оқушылардың білімдерін жетілдіру. Кері есептер құра білуге үйрету.
Оқушылардың сабақта алған білімдерін жүйелеу, пысықтау. Логикалық ойын арқылы баланың қиялын ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интер. тақта. плакаттар, гүлдер.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка.
Сабақтың барысы:
I. Алғашқы ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық дайындық.
Қуан шаттан,
Қуан шаттан
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн,
Күліп шықшы күн бүгін.
II. «Бұлт ыдырату есептері» ойыны
6+4
9-2
3+4
8-5
3+7
5-3
III. «Наурыз» атты сөзжұмбақ
1. Бауырымен жорғалаушы
2. Киелі құс
3. Биылғы жыл
4. Жыртқыш құс
5. Өзі сары, іші тәтті.
6. Өзі тәтті, сырты қатты.
«Наурыз» сөзімен байланыстыра отырып, сабақтың жүргізілу барысын хабарлау
- Наурыз айында қар астынан жарып шығатын гүлдерді білесіңдер ме?
- Олай болса, балалар, бүгін өз білімдеріңді көрсете отырып, алдарыңа гүл жинайсыңдар. Сабақтың соңына қарай жинаған гүлдеріне байланысты баға аласыңдар.
- Олай болса, Дәптерімізді ашайық.
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық.
Әдемі етіп жазайық.
IV. Жаңа сабақ.
Кері есептер №1
а) көк шар – 5
қызыл шар – 3-еуі артық?
ә) қызыл шар-8
көк шар- 3-еуі кем?
б) Көк шар – 5 кем?
қызыл шар –8 артық?
№2 Дәптермен жұмыс
а □ а + 9
b □ b – 3
с + 0 □ 3+с
9 – с □ 10 -с
V. Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз
Мойынымызды бұрамыз
Қолымызды көтеріп
Саусақты ашып-жұмамыз
Одан соң төмен түсіріп
Алақанды соғамыз.
Басты төмен саламыз
Жаттығу жасап осылай
Үлкен боп ертең шығамыз.
№3 Қиылысатын фигураларды тап
№5 шығармашылық есептер
Үйлерде ..., ..., ... тұрады. Үшбұрыш пен дөңгелек терезелері үлкен үйлерде, ал дөңгелек пен шаршы шатыры биік үйлерде тұрады . әр фигура қандай үйде тұрады?
VI. Сабақты қорыту
«Қай қатар жылдам?» ойыны
VII. Үйге тапсырма: 153-бетте № 4
VIII. Бағалау.
Кері есептер
- Айнурка
- 5 қаңтар 2013
- 23796
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Кері есептер, математика, бастауыш, есеп
Ұқсас жаңалықтар:
Өзара кері есептер
Оқушылардың өзара кері есептер құрау, шығару тәсілдері жайлы білімдерін кеңейту, жан-жақты ойлауын, ізденуін, ең негізгі ұғымын бөліп алуын, оқығанын...Белгісіз азайтқышты табуға берілген есептер
Есептің жаңа түрімен таныстыру, берілген есепке кері есептер құра білу дағдыларын қалыптастыру....4 саны оның құрамы және жазылуымен таныстыру
ШҚО, Аягоз ауданы, №2 "Д. Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" КММ 5 жас даярлық тобының тәрбиешісі Садвакасова Гульнур Турарбековна...10 санын қосу және азайтуды бекіту
Қызылорда қаласы №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Жақсыбаева Гүлдана Бауыржанқызы...Бұрыш, тікбұрыш, тіктөртбұрыш
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сапақкөл орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Бисенгалиева Шаттық Жумаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.