Сайтқа кіру Тіркелу

Сан есім

Атырау облысы, Атырау қаласы,
Қ. Смағұлов орта мектебінің I санатты
бастауыш сынып мұғалімі Ажғалиева Гулзира Ажғалиқызы

Қазақ тілі
Сыныбы: 4
Сабақтың тақырыбы: Сан есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Заттың санын білдіретін сөздерге жаттығу жұмыстарын жүргізе отырып қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін мәтін ішінен таба білуді үйрету. “Қос“ сөзінің мағынасын түсін.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын байыта түсу. Сөздерді мағыналарына қарай орнымен қолдана білуге үйрету және логикалық ойлау қабілеттерін дамыта түсуге жұмыстану.
Тәрбиелілігі: Қазақ халқының салт – дәстүрлерін дәріптей отырып, еңбекті сүюге, төрт түлік малды танып – білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағы.
Сабақтың әдісі: Көрнекілік, сұрақ – жауап, сауалнамалық әдіс, ойын, тірек
схемасымен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Сюжетті сурет, (балық аулау), сауалнама, тірек схемасы.
Сабақтың жабдықтары: Бор, тақта, сүрткіш, маркерлі тақта, магнитті тақта Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын балық аулау ойыны арқылы тексеріп, бағалау.
Ойын әдісі: 5 – 6 оқушыдан жауап алу, ережені қорыту.
Мысалдар, сөз, сөйлем ойлау. Сөйлем ішінен дара және күрделі сан есімдерді табу.

Оқулықпен жұмыс:
Тексттегі сан есімдерді туып астын сызу.
Шығармашылық жұмыс.
Қос – сөзінің мағынасын түсініп, сан есіммен алмастыру. “Жұбы жазылмайды“ деген сөзге талдау жүргізу.

411 – жаттығу.
Ауызша орындау.
Математика пәнімен байланыс.
Он бір түйе, бес жылқы
Екі сиыр, бес ешкі
Екі қоян, үш түлкі
Таба алмасаң бол күлкі.

Сан есімді тауып, сұрақ қою.
Сюжетті суретпен жұмыс
Ана тілі сабағымен байланыс
Суретке қарай отырып сан есімдерді қатыстырып шағын әңгіме құрастыру.

Үйге тапсырма: Ұлы жеңістің 60 жылдық торқалы тойына арнап 5 дара, 5 күрделі сан есімдері бар сөйлемдерді құрастыру.

412 – жаттығу. Өзіндік жұмыс.
Берілген сөздерді сөзбен жазу.
413 – жаттығу. Терме диктанты.
Сан есімдері бар сөздерді теріп жазу.
Қорытынды бөлім.
Сауалнама әдісін пайдалана отырып, сабақты қорыту.
Алдыңғы сабақтарда өтілген сөз таптарын қайталау мақсатында сауалнама тапсырмаларын орындау.
Маркерлі тақта:
1. Сын есімді зат есімнен сызық арқылы байланыстыр:
сұрғылт - жылқы
асау - су
таяз - бұлт
2. Сан есімді тауып астын сызу.
Отыз, бойшаң, мысық

Сабақты қорыту.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Негізгі және туынды зат есім 31 - 37 жаттығулар

Негізгі және туынды зат есім 31 - 37 жаттығулар

Мақсаты: 1. Негізгі және туынды зат есім есімдерді пысықтау. Сөз ішінен негізгі және туынды зат есімдерді тауып, талдай білуге үйрету....
Дара және күрделі сын есім

Дара және күрделі сын есім

Мақсаты: 1). Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сын есімнің дара және күрделі түрлерімен...
Зат есімнің жасалуына жаттығу жұмыстары

Зат есімнің жасалуына жаттығу жұмыстары

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы № 4 Хромтау орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Касенова Жанагул Амангосовна...
Жалқы есім мен жалпы есім (2-сынып)

Жалқы есім мен жалпы есім (2-сынып)

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Кожабекова Жанна Амантаевна Сабақтың...
Сан есімді қайталау

Сан есімді қайталау

Ақтөбе қаласы,"Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Насумова Замзагуль Сагинбаевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×