Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі
Курмалова Асель Агисовна
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің мағынасы туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға зат есімнің мағынасы туралы жалпы түсінік беру. Ол қандай да бір заттың, ұғымның атауы екенін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорын,тіл байлығын жетілдіру. Дүниетанымын белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың айтылған сөзге сұрақ қоя білуге және ол сөзге нақты жауап қайтара білуге тәрбиелу.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, балық аулау ойыны, ассоциация, Венн диаграммасы.
Көрнекілігі: Оқулық, дәптер, ойын түрлері.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Құрал – жабдығын ретке келтіру,оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
307 – жаттығу.
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ойын-серуен сабақ. Біз үй тапсырмасын «Аққала соғу» ойынынан бастаймыз.
«Аққала» бізден көмек сұрай келіпті. Сынып іші өте жылы екен. Сендер менің мына бөліктердегі сұрақтарға жауап берсеңдер мен ерімеймін», - дейді.
1. Мақалды жатқа айт.
2. Мақал ішіндегі зат есімдерді тап.
3. Зат есім деп нені айтамыз?
4.Ақын, сурет сөздеріне сұрақ қой.
5. Кім? Кімдер? сұрағына мысал келтір.
6. Не? Нелер? сұрағына мысал келтір.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, қазір қай мезгіл?
- Қыс.
- Қыста ауа райы қандай болады?
- Суық.
- Қыстың күні аяғымызға не киеміз?
- Етік.
- Етігімізді кім жөндейді?
- Етікші.
ІV. Оқулықпен жұмыс.
308 – жаттығу.
Балалар, ол үшін біз «Шаңғышылар жарысы» ойынын ойнаймыз.
Ойынның мақсаты: «Кім?», «Не?» сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жазу.
Кім? Кенші, Сушы, Биші, Малшы
Не? Кен, Су, Би, Мал
309 – жаттығу. «Шанамен сырғанау» ойынын ойнаймыз.
Ойын мақсаты: Жұмбақты жатқа айт, көшіріп жаз, зат есімдердің астын сыз.
Ауыл сыртында сайда
Жатыр үлкен айна ... (көл)
Қант емес –
Қатты
Мұз емес –
Тәтті. (Науат)
V.Сергіту сәті. «Ұйқасын тап» ойыны.
Аппақ доп тауып
Шақырды ақ ... (тауық)
Алмастан тыным
Шабады ... (құлын)
Өзіңше ноян
Қорқақ кім?.... (қоян)
310 – жаттығу. «Хоккей ойыны»
Ойынның мақсаты: «Хоккей» таяғы мен шайба артында берілген сөздерді топтап жазу.
Табиғат құбылыстарының атаулары: жел, қар, боран, жаңбыр.
Көлік атаулары: арба, трамвай, шана, машина.
VІ. Қорытынды.
«Сөзжұмбақ» шешу
1. Адамдар тұратын баспана.
2. Жер қазатын құрал.
3. Қарға түскен адам аяғы.
4. Шай ішетін ыдыс.
5. Төрт түлік малдың бірі
Бір сөзбен айтқанда бұл сөздер нені білдіреді?
Жауап: Заттың атын білдіреді.
VІІ Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма.
311 – жаттығу.
Зат есімнің мағынасы туралы түсінік
- АсельА
- 12 қараша 2012
- 6396
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш, зат есімнің мағынасы
Ұқсас жаңалықтар:
Зат есім
Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады....Етістік
Атырау қаласы №35 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Молдашева Айгүл Мухесқызы...Зат есім
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Карагулин 18, № 6 орта мектебі ММ Бастауыш мектептің мұғалімі Қожағұлова Гүлжаһан Қожағұлқызы Қазақ тілі пәні Сабақ...Дауыссыз Қ мен Ғ
Ақтөбе қаласы, Бастауыш сынып мұғалімі Курмалова Асель Агисовна Қазақ тілі. 2- класс Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз Қ мен Ғ. Сабақтың мақсаты:...Сан есім
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна Сабақтың тақырыбы: Сан есім. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.