Сайтқа кіру Тіркелу

Сан есім

Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі
Курмалова Асель Агисовна

Сабақтың тақырыбы: Сан есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сөз таптарының бірі сан есім туралы түсінік беру. Сан есімнің ережесі мен сұрақтарын түсіндіру. Сабақты түсіндіру барысында жаттығулар орындау.
Дамытушылық: Оқушылардың суреттер, сұрақ – жауап арқылы сөздік қорын, тіл байлығын жетілдіру. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың айтылған сөзге сұрақ қоя білуге және ол сөзге нақты жауап қайтара білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, балық аулау ойыны, ассоциация, Венн диаграммасы.
Көрнекілігі: Сан есімнің ережесі, суреттер, домбыра, балық суреттері.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Балық аулау» ойыны
- Зат есім дегеніміз не?
- Сан есім дегеніміз не?
- Етістік деген не?
- Сын есімге қойылатын сұрақтар?
- Етістікке қойылатын сұрақтар?
- Етістіктің неше түрі бар?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сегіз
жиырма
тоқсан
сегіз жүз
алпыс
екі
Мың
1. 4 + 4 =
2. 12 + 8 =
3. 50 + 40 =
4. 1000 – 200 =
5. 30 + 30 =
6. 12 – 10 =
7. 300 + 700 =

Ойлан, тап! Кестенің бірінші әрпімен бастап тігінен оқысаңдар Сан есім деген сөз шығады. Біз өткен сабағымызда сөз таптарымен таныстық. Сол «Сөз таптары» деген атайдың Зат есім, Сан есім, Сын есім, Етістік деген балаларын бөлек шығарған едік. Сондықтан біз Сан есіммен танысамыз.
Сұрақ – жауап:

Сөз таптары зат есім сын есім етістік сан есім
- Оразбек, сен нешінші сыныпта оқисың?
- Мен екінші сыныпта оқимын.
- Арайлым, сен неше жастасың?
- Мен тоғыз жастамын.
- Айдар, сенде қанша қалам бар?
- Менде он екі қалам бар.
- Балалар, сыныпта неше парта бар?
- Сыныпта он бес парта бар.
Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдерге қанша? Неше? Нешінші? Деген сұрақтар қойылады.
Мысалы. Тоғыз қой. Жиырма ағаш т. б. Сурет бойынша жаңа сабақты түсіндіру.

ІV. Оқулықпен жұмыс.
401 – жаттығу.
- Екі көзің не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін керек.
402 – жаттығу: Жұмбақты шеш, сан есімдердің астын сыз.
Тоғыз белбеу, қос жібек,
Екі мұрын, бір шүмек.

VІ. Сергіту жаттығуы.
1, 2, 3, - ал, қанекей, ұш.
4, 5, 6, 7 – мынау – ауыл шеті.
8, 9, 10 – ал, қанекей, қон.
403 – жаттығу
Біз екінші сыныпта оқимыз. Сыныпта жиырма бес оқушы бар. Әр партада екі оқушы отырады. Мен үшінші партада отырамын.


VІІ. Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма.
Сан есімнің ережесін жаттау.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Сан есім, бастауыш
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×