«Сымбат» жеке мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі:
Алдабергенова Узилдик Жомартовна
Сабақтың тақырыбы: Өзендер. Көлдер және тоғандар
Білімділік міндеті: өзендер, көлдер және тоғандар, олардың айырмашылығы, шаруашылықтағы пайдасы туралы түсінік беру, еліміздегі өзендер және көлдермен таныстыру.
Дамытушылық міндеті: оқушылардың сана-сезімін, ойлау қабілетін дамыту, салыстыра білуге үйрету.
Тәрбиелік міндеті: айнала қоршаған табиғаттың қыр-сырын танып білуге, есте сақтауға, өмірде пайдалана білуге баулу
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: тест тапсырмалары, ауызша баяндау, сұрақ-жауап әдісі, картамен саяхатқа шығу, Венн диаграммасы, мәтелдің мағынасын ашу
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
- Оқушылармен амандасу;
- оқу құралдарын дайындауы;
2. Үй тапсырмасын сұрау:
- Жауын-шашын.Жер асты суы.Құдық
- Тест тапсырмалары арқылы тексеру:
1. Судың 3 түрлі күйі:
А) мөлдір, сұйық, түссіз;
Ә) сұйық, қатты, бу;
Б) ерігіш, қатты, жылы
2. Су өткізбейтін жер асты қабаты:
А) құм
Ә) қиыршықтас
Б) саз
3.Жауын-шашын түрі:
А)бұршақ
Ә) тұман
Б) бұлт
4. Жаңбыр бұлтына айналатын бұлт түрі:
А) шарбы бұлт
Ә)будақ бұлт
Б)қабат бұлт
5.Құдықтың тереңдігі:
А)Жер бедеріне байланысты;
Ә)Жануарлар қажетіне байланысты;
Б)Су қабатының орналасуына байланысты
- Оқушылардың бірін-бірі тексеріп, бағалауы
- Жауын-шашын бұлт өзен, көлдердің булануы
ІІІ.Жаңа материал:
А)Жұмбақтар шешу:
Келеді алыстан Ауыл сыртында сайда,
Ашулы арыстан.
(Өзен)
Жатыр үлкен айна. (Көл)
Ә) Өзендер (слайдтан көрсету)
- Өзендердің негізгі бөліктері: жылға, бастау, сала, саға;
- Жазық жердегі өзендер;
- Таулы жердегі өзендер;
- Өзендердің шаруашылықтағы пайдасы.
Б)Көлдер және тоғандар (слайдтан көрсету)
- Көлдердің көлеміне қарай түрлері;
- Көлдің анықтамасы;
- Көлдің тұщы және тұзды болуы, шаруашылықтағы пайдасы;
- Жасанды көлдер;
В)Қазақстанның физикалық картасы арқылы өзендер мен көлдерге саяхатқа шығу.
- Картада өзен, көлдер қандай түспен берілетіндігін еске түсіру.
- Теңіз және көлдер: Каспий, Арал, Балқаш, Жайсан көлі. Балқаш көлінің басқа көлдерден ерекшелігі.
- Өзендер: Жайық, Сырдария, Есіл, Ертіс, Іле.
Г) –Ал, енді өзіміздің облыс орталығы Ақтөбе қаласының ортасынан қандай өзен ағып жатыр?
- Елек өзені туралы жазған мәліметін оқыту.
- Ал, Шалқар қаласында қандай көл бар?
- Шалқар көлі туралы жазған мәліметін оқыту.
ІV.Сабақты қорытындылау:
- Өзен мен көлді салыстыру: айырмашылығы және ұқсастығы.
- «Су анасы - бұлақ» мәтелінің мағынасын аштыру.
V.Оқушылардың білімін бағалау.
VІ.Үйге тапсырма: Өзендер.Көлдер және тоғандар.
VII. Үйге тапсырма
Еңбек, оқу білім туралы мақалдар.
Ы.Алтынсарин жайлы дерек жинау.
Мәтінді оқу, әңгімелеу
Өзендер. Көлдер және тоғандар
- Узилдик
- 9 қараша 2012
- 38966
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өзендер, Көлдер, тоғандар, бастауыш
Ұқсас жаңалықтар:
Жаратылыстану пәні бойынша ҚМЖ. 5 сынып №4
1. Физикалық және химиялық құбылыстар 2. Өзендер 3. Механикалық қозғалыс 4. Тепе-теңдік 5. Ғаламшардағы тіршілік...Жаратылыстану пәні бойынша ҚМЖ. 5 сынып №2
1. Өзендер 2. Ауаның ластануы, атмосфераны қорғау 3. Бақылау жұмысы 4. Жарық бөліп шығару құбылысы 5. Айналамыздағы дыбыстық құбылыстар...көлдер мен бөгендер
Сабақтың тақырыбы: Көлдер мен бөгендер Мақсаты: Білімділік: Қазақстан көлдері мен бөгендері, олардың ерекшеліктері, су су деңгейінің өзгеруі туралы...Өзен және көл
Ақтөбе облысы №4 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сисенбаева Л. Ө...Өзен және көл
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Жақсыбаева Гүлдана Бауыржанқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.