Сайтқа кіру Тіркелу

Ә. Қоңыратбаев «Киіктің айласы»

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің I санатты бастауыш сынып мұғалімі
Саулебаева Ләззат Шәкиқызы

Сабақтың тақырыбы: Ә. Қоңыратбаев «Киіктің айласы»
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқуға қызығушылығын ояту, түсініп оқу, жүйелі баяндауға, өз ойын, пікірін ашық жеткізе білуге үйрету, киік туралы мағлұмат беру.
ә) Тәрбиелік: Оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, өзара сыйласуға тәрбиелеу, қоршаған ортаға сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі: Дамытпалы сабақ
Сабақтың формасы: Топтық
Көрнекіліктері: Интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушыларды үш топқа бөлу.

ІІ. Қызығушылығын ояту. Тақтадан киіктің суретін көрсетемін.
- Балалар, суреттегі қандай аң?
- Киік
- Онда бүгінгі сабақта жерлесіміз Әуелбек Қоңыратбаевтың «Киіктің айласы» әңгімесін оқимыз.
Автор туралы мағлұмат беру.
Ә. Қоңыратбаев
1905 ж. Қызылорда облысында туған ................................................................жазушы, ғалым, ұстаз
Орта мектепте оқыту әдістеме.......................................................................... «Сұр көжек», «Балуан»
негізін қалады ..................................................................................................т.б әңгімелері
1986 ж 81 жасында қайтыс болды

ІІІ. «Дөңгелек үстел әдісі
1 топқа: Киік туралы не білеміз?
Бұл сұраққа «Дөңгелек үстел» әдісімен жауап береді. Топтағы әр оқушы киік туралы өз білгенін жазады. Әр оқушы бір сөйлем жазып, кезекті оң жағында отырған келесі оқушыға береді. Келесі оқушы өз білгенін жазады, алдыңғы оқушының жазғанын қайталамау керек. Осылайша әр оқушы өз білгенін жазып шығады. Мысалы, Киік жүйрік аң. т.б.

2 топқа: Тірек сөздермен жұмыс. Тірек сөздер: қасқыр, киік, айла. Осы сөздерді қатыстыра отырып, топтағы балалар шағын әңгіме құрастырады.

3 топқа: «Венн» диаграммасын жасау. Венн диаграммасы қабысып жатқан екі дөңгелектен тұрады. Киік пен қасқыр туралы білетіндерін өз дөңгелегіне жазады. Ал екеуіне ортақ қасиеттерді ортасына жазады.
Мысалы:

Киік---------------------------------------------------------------Қасқыр

ІV. Мағынаны тану

1) «Жигсо – 1» әдісімен оқыту. Мәтінді алдын-ала үшке бөлемін. Әр топтағы балаларды 1, 2, 3 ретімен негізгі топтарды экспорт топтарға бөлемін. 1-лер бір топқа, 2-лер бір топқа, 3 – тер бір топқа ауысып отырады. Мәтінді ретімен 3 топқа оқуға бөліп беремін.
2) Экспорт топтағы балалар берілген мәтін бөлімін өз беттерінше оқиды. Сонан соң, түсінгендерін топта бір-біріне баяндап, мазмұнын талдайды.
3) Экспорт топтағы балалар негізгі топтарына қайта оралды. Негізгі топтан әр оқушы оқыған мәтін бөлімін ретімен баяндап, өз бөлімі бойынша жанындағыларға түсіндіреді. Осылайша мәтіннің толық мазмұны негізгі топта мазмұндалып түсіндіріледі.

V. «Аквариум» әдісімен әр топтан өз ұсыныстары бойынша оқушылар тақтаға шығады. Мысалы, мәтіннің 1-бөлімі бойынша бір топтан, 2-бөлімі бойынша келесі топтан шығады. Олар мазмұнын баяндайды. Осы әдіс бойынша мәтін мазмұнымен барлық сынып оқушылары танысады.

Мұғалімнің мәтінді оқуы. Сөздікпен жұмыс.
Таяқ сілтем жер – жақын жер.
Діңкесі құрыған – шаршаған, қалжыраған.

VI. Толғаныс «Бес жолды өлең» әдісін қолданамын.
Нұсқау
1. Тақырыпты суреттейтін сөз. Зат есім болуы тиіс.
2. Тақырыпты суреттейтін екі сын есім.
3. Іс-әрекетті көрсететін үш сөз.
4. Төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлем.
5. Соңғы сөз синоним болуы керек.

VII. Оқушыларды бағалау, мадақтау.
VIII. Үйге тапсырма
Еркін жазу (эссе) «Киіктің айласы» әңгімесін оқығаннан кейін қалыптасқан киік туралы пікірлерін өз сөздерімен еркін жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×