Атырау қаласы №35 мектеп-гимназиясы
Асанғалиева Дина
Сабақтың тақырыбы: "Әліппеге мың алғыс"
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушылардың әліппеге деген сүйіспеншілік сезімін тудыру, өздерінің өздерінің сауатын ашқан кітабы "Әліппеге" байланысты өлең, тақпақтарын мәнерлеп айтуға үйрету;
2) Оқушылардың ақыл-ой, өрісін, дүниетанымын кеңейту.
3) Оқушыларды білімді болуға, мәдениетті болуға, оқушыларды өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
"Әліппе – бүкіл білім, ғылым соқпағының басы "
Қына тасқа бітер,
Білім басқа бітеді.
"Оқу – инемен құдық қазғандай"
Кітапсыз – білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Сабақтың барысы:
1.Әдеби – монтаж
2.Өтірік өлең, жаңылтпаш, санамақтар
3.Концерттік бағдарлама
1-бастаушы:
Армысыңдар мұғалімдер, әз жандар!
Білім іздеп, инемен құдық қызғандар
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан
Өмір деген үлкен жолда, тарландар.
2-бастаушы:
Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
1-бастаушы:
Қош келіпсіз, өрт тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер
Бүгін міне Әліппеменен қоштасады
Азамат боп, кешегі сәби еркелер
- Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар.
2-бастаушы:
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым данасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы
1-бастаушы:
Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы
Жас балаға нұр шашқан
Қандай кітап тіл ашқан?
Хор: Әліппе, Әліппе
2-бастаушы:
Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достассақ,
Әліппемен қоштаспақ!
1-бастаушы:
Ой білімі жаңғырып,
Әліппеден мәңгілік
Әріптерді таныған
Өңкей білгіш балдырған
Хор: Отан әні
Фатима: Қымбатты ата-аналар! Біз кітаптар мен журналдарды оқи алатын болдық. Бұл өнерді бізге "Әліппе" досымыз үйретті.
Ерғанат: Оқуды көп ойладық,
Қызығына көп тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық тоймадық
Айнұр: Бұрқыраған білімнің
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том-том қалың кітаптың
Басы болған Әліппем!
Әсем: Енді біз жаза білеміз,
Білмеуші едік әріпте
Оқимыз қазір ертек те,
Үйреттің оны, Әліппе
1-бастаушы:
Айтыңдаршы балалар,
Болашаққа жол ашар
Іші толған әріпке
Білімдіге жарық не?
Хормен: Ол сүйікті "Әліппе!"
Ол сүйікті "Әліппе!"
Әліппе: Армысыздар жас достар!
Армысыздар ата-ана
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаңа
Менің атым Әліппе
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқып ер жеткен
Бауыржан да Мәлік те
Диана:Әліппем менің Әліппем!
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен
2-бастаушы:
Мектебің мынау сыныбың,
Осында он жыл тұрасың
Тарыдай боп кіресің,
Таудай боп шығасың.
Хор: "Сәлем, саған мектебім" әні
Рамазан: Ашып бердің алдымнан,
Кең дүние есігін,
Соғылған сом алтыннан,
Әліппе - білім бесігі
Дана:Сырлы әріптер, сыр түйісіп,
Сабырмен саған қарайды
Сырларын білсең, бас иіп,
Керегіңе жарайды
Нұрасыл: Әліпбиді білдіңдер
Әр әріпті танып дәл
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар
Гүлдәурен: Атам мен әжем де
Әкем мен анам да
Шопан, ұшқыш, ғалым да
Кейбір мықты ғалым да
Тіл сындырып әріпке
Ашқан алғаш Әліппе!
Хор: Әліппе әні
Айнұр: Ата мен әже, ана да
Алма мен алмұрт тереді
Ауылға Арман бала да
Арбамен тасып береді
Нұрасыл:Әжем ертіп әкелді
Әкем сатып әперді
Әйнек салды әйнекші
Әдемілеп пәтерді
Альбина:Ғимарат көп қаламда,
Ғаламат көп ғаламда
Ғылым қуып жалықпай
Ғалым болам қалайда
Ерболат: Бұғы бұлақ басында
Бұзауы бар басында
Баспай бөрі бұларға
Бұғып жатыр асуда
Арша: Үйде - ойыншық үлегім
Үлегімді үремін
Үремін де, үнемі
Үстіне өзім мінемін
Нұрдәулет: Вагондар тұр тізіліп
Бақытжан жүр қызығып
Вокзал басын қызықтап
Зәуре де жүр сызылып
Диана: Ие керек итке
Ине керек жіпке
Иба керек қызға
Иық керек жүкке
Рамазан: Ойнап барсам орманға
Оспан да жүр сол маңда
Омартадан бал жедік
Олег доста болғанда
Ерғанат: Есек бірде еңіреп
Есі кетіп ақырды
Есеп қиын тегі деп
Ешкі досын шақырды
Дана: Гауһар жеңін түрінді
Газға балық қуырды
Гүлзарларға су себелеп
Газетке де үңілді
Санжар:
"Лағым" десең
"Лашын " десең
"Лағыл" десең
Әрқашанда сөз басында
"Л" тұрады ұқсап шыңға
Әсел: Сара келіп сабақтан
Сан шаруаны тындырды
Самаурынға салатын
Сексеуілді сындырды
Сазан балық қуырды
Содан соң, сауды сиырды
Рамазан: Дәуренің
Дутары бар
Даңғарадай
Дамылсыз
Даңғырлатар
Далада жай
Ерболат:Уықтардың барлығын
Уыққапқа сал күнім
Уыққапқа салған соң
Уыздап жеп ал, күнім
Гүлдәурен: Шоршиды шортан шорағай
Шабақ аулайды шағала
Шегіртке қуып Шорабай
Шапқылар шилі жағада
Хор: Қош келдіңіз, Ана тілі
Альбина:
Айналдым сені аяулы менің Әліппем,
Құралған 42 қымбат әріптен
Үйреніп, оқып жаздым мен қолға қалам алып
Қадірледім қасиетіңді танып мен
Санжар:
Енді біз жаза аламыз
Әріпті қосып, әріпке
Риза болып саған жүреміз
Қош бол, сүйікті Әліппе
Мұғалім:Оқушылар, сүйікті әліппемізге рахметімізді айтып,кейінгі бүлдіршіндерге табыс етеміз. Енді сіздерден кейінгі бүлдіршіндердің сауатын ашсын
Хормен : Рахмет, сізге Әліппе!
Рахмет, сізге Әліппе!
Бастаушы:
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз
Ата- ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты, міне балаңыз.
Хормен: Қош бол, құтты Әліппем!
Қош бол, құтты Әліппем!
Мұғалім: Оқушылар өнерімізді одан әрі жалғастырайық. Өтірік өлеңдеріміз, жаңылпаштарымызды, санамақтарымызды айтайық.
Айбек:
Ыстық көлдің ызғарынан ықпадым
Ызғырықта ырғайларға ықтадым
Ырдуанмен ысқырықтай ысқырып
Ықыршықты ылпаменен ыстадым
Арша:
"Р" –ды анық айтамын
Рельс,- деп
Рауғаш, ринг, радио,ребус,- деп
"Р"-ды табам
Ракета, рояльдан
Робот, рюкзак разъезд, рамадан
Фатима:
Қос,қас, құс
Қош,қаш,қыш
Қон,қан,қын
Қор,қар,қыр
Құрай білсең тек
Қиысар сөз көп
Альбина:
Пластилинмен жасадым Парашютті
Пәуеске арба парта,пеш,пароходты
Пианино,піл,пингвин,папаханы
Пышақ,пияз,помидор,панаманы
Айбек:
Қаңбақ, жаңғақ, ақ, шық, жең
Жаңбыр,қайың,таң,тың,сең
Ң- нан сөз жоқ басталған
"Ң" үлестен бос қалған
Гүлдәурен:
Ісек ібілісті ініне індетті
Інген ісекке інжу іздетті
Інжуді Іледен іздеген ісектің
Ішегі ісініп. індеті індепті
Алиман:
Чапаевтай батыр да
Чуковский ақын да
Чиппомино тапқыр бар
Чекистердей батыл да
Чукша, чукваш, басқалар
"Ч" әрпінен басталар
Айнұр:
Күз,кез,көз
Күш,кеш,көш
Кір,кер,көр
Күл,кел,көл
Кілең,қысқа сөз
Кім оқиды тез?
Әсем:
Ай,тай,май
Шай,жай,сай
Ой,той,қой
Бой,бай,лай
Сөз соңында кілең -"й"
Аты оның –қысқа й
Дана:
Жая,мая,сая
Аяз,пияз,сия
Аяқ,таяқ,қия
Шаян,қоян,ұя
Бәрінде бар "я"
Ия?!
Мұғалім:Біздің оқуымызға, жазуымызға өлең, жаңылтпаштар жаттауымызға көмектескен кімдер?
Хормен: Ата-анамыз.
Ендеше ата-анаға алғыс айтайық
Хормен: Ата-анаға мың алғыс!!!
Айнұр:
Есімде ұстаздың қарсы алғаны
Айқара есік ашып, тастағаны
Жетектеп бір сыныпқа алып барғаны
Ұстаз –ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты
Әлихан:
Үйретіп бізге алғаш әліппені
Ұстазым ғылымға жол салып берді
Адамның ой-арманы, мақсаттары
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Алиман:
Өмірге жол бір өзіңмен бастадым
Альфавитті алғаш сенен жаттадым
Ұстаз - ана естен кетпес мәңгілік
Мейіріммен жауырыннан қаққаның
Фатима:
Жүзің жылы құшағың кең
Сенен түлеп ұшамын мен
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен
Дана:
Ақылшы асыл ұстазым
Өзіңе мен де ұқсармын
Жеткенше қайрат күш - әлім
Биікке самғап ұшамын
Хор: Мұғалім – ол біздің
Хормен: Ұстаздарға мың алғыс
Әліпппеге мың алғыс
- Нұргүл-76
- 21 қазан 2012
- 5486
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әліпппеге мың алғыс, бастауыш
Ұқсас жаңалықтар:

Қош бол, сүйікті Әліппем
Қымбатты аталар мен ақжаулықты аналар! Бүгін 1 - сынып оқушылары өздерінің сүйікті әліппелерімен қоштасқалы отыр. Міне, бүгін біз барлық ғылымның...
Бастауышым - балбұлағым
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, №1 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Құрмашева Нұргүл Алтайқызы...
Әріпті алдым танып мен, Қош бол, алтын Әліппем!
Қостанай қаласы, №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гулсум Ермаганбетова...
Әліппемен қоштасу
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың...
Әліппемен қоштасу
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.