Атырау қаласы, №35 мектеп-гимназиясы.
Бастауыш сынып мұғалімі Асанғалиева Дина
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөз
Сабақтың мақсаты: Біріккен сөз туралы түсінік.
Білімділік: Біріккен сөздердің жазылу ережесі.
Дамытушылық:
1) Тапсырманы орындау арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға баулып, өз беттерімен жұмыс істеуге, алған білімдерін кеңейтуге үйрету;
2) Оқушылардың ой-өрісің дамыту, білімін, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Туған ұлтын сүюге, туған тілін, туған жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Шығармашылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру. Сұрақ-жауап. Оқу жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау.
I. «Қызығушылығын ояту»
II. «Мағынаны түсіну»
III. «Ой толғаныс»
Сабақтың көрнекілігі: «Кубизм» «Фигуралар» «Топтастыру»
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру Оқушыларды үш топқа бөлу.
I-топ
II-топ
III-топ
«Ауылым» «Туған жер» «Қазақ елі»
- Қазақ тілім, өз тілім - ана тілім,
Абай Мұхтар сөйлеген дана тілім!
Қастерлейді ұл-қызын мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім!
- Міне балалар кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі – туған тіліміз қазақ тілі сабағы.
II. Үйге қандай тапсырма берілді? Үш оқушыдан үй тапсырмасы сұралды.
III. Жаңа сабақ:
I. «Қызығушылығын ояту»
Ойын: «Фигураны тап»
I-топ II-топ III-топ
- Екі сөзден тұратын фигураның атын жазу
- Балалар, осы сөздердің ішінен күрделі сөздерді табайық.
- Төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш
- Бұлар қалай жасалған?
- Екі түбір сөздің бірігіп айтылуынан жасалған.
- Олай болса жаңа сабағымыз «Біріккен сөз»
-
IV. Оқулықпен жұмыс.
226-жаттығу
- Берілген сөздерді сөз құрамына талда.
Үш топтың оқушылары тақтаға жазып шығады.
II. «Мағынаны түсіну»
V. Өз беттерімен жұмыс.
227-жаттығу
VI.Сергіту сәті.
- Балалар, туған ел, туған жер туралы өлең оқиық?
Туған өлкем
Көгінде күн нұрын төккен
Жерінде гүл жұпар сепкен
Неткен сұлу неткен көркем
Осы менің туған өлкем!
Ауылым.
Ауылым – Отаным. Ауыл – қазақтың ақ бесігі. Ауыл – ата қоныс. Ауыл – атамекен. Ауыл – ұлылықтың басталуы.
VII. Жаттығу жұмысы. 228 – жаттығу
- Өлеңді көшіріп жаз.
- Біріккен сөздерді тауып астын сыз.
Төмендегі сөздерден біріккен сөз жаса:
Бөрі, жан, басар, дос, гүл, ай.
Айгул. Айжан. Досжан. Бөрібасар. Жандос. Айдос.Гүлжан
VIII. «Кубизм» «Құстар» «Балық» «Өсімдік»
Берілген сөздерден біріккен сөздер құрап жаз.
Құстар:
Балықтар:
Өсімдіктер:
IX. «Ой толғау»
Сурет бойынша сөйлем құрастырып жаз.
X. «Нені оқып үйрендік?»
Сабақта өтілген материалды қайталау.
XI. Үйге тапсырма. 229-жаттығу
«Топтастыру»
Кісі аттары Құс аттары Өсімдік аттары
Жәндік аттары Жер-су аттары
- Балалар, осы тілімізді неге ана тіліміз дейміз?
- Осы тіл анамыздың ақ сүтімен дарыған.
- Осы тіл анамыздың ақ сүтімен бүкіл ізгі қасиеттерді бойымызға сіңіреді.
XII. Бағалау
Біріккен сөздер
- Нұргүл-76
- 21 қазан 2012
- 8290
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш сынып, біріккен сөздер
Ұқсас жаңалықтар:

Біріккен сөз
Біріккен сөз туралы ұғыммен таныстыра отырып, жаттығулар жұмысын жүргізу. Оқушыларды шығармашылыққа баули отырып, ойлану қабілеттерін және сөздік...
Қайталама қос сөздер
Сөйлем ішінен қайталама қос сөздерді табуға, түрлерін ажырата білуге үйрету....
Біріккен сөз
Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Ы.Алтынсарин мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кожагалиева Айнур Набигалиевна...
Біріккен сөздер
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Ісанатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер...
Біріккен сөздер
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Таласбекова Гульнур...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.