Атырау қаласы №2 орта мектебінің даярлық тобы мұғалімі
Құдайбергенова Ақырыс Нұрдаулетқызы
Ұлттық ойындар: Дене тәрбиесінде.
Сабақ тақырыбы:Ұлттық ойындар.
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ертеден қалыптасқан, атадан-балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері туралы түсінік беру. Қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты екенін түсіндіру. Балаға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Асықтар, таяқша, қолдан жасалынған аттар, тақия.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу рәсімі. «Тілек шеңбері»
Балалар тілек шеңберінде бір-біріне жағымды тілек білдіріп, жарқын көңіл-күй, достық сезімін сыйлау.
ІІ. Ұлттық ойындар туралы түсінік беру. Ойындар ойнату.
Ұлттық қимыл ойындары:
«Айгөлек»- бұл ойында балалардың бір-біріне деген қарым-қатынасы мен топталып ойнату, ептілікке, алға қойған мақсатын аяғына дейін орындату және сөздік қорын, тілін дамыту мақсаты қойылған.
«Тақия тастамақ»- шеңбер жасап отырып, бала сезімін ояту, аңғара білуге, шапшаңдыққа, ептілікке баулу.
«Көтермек»- баланың күшін сынап, өз бойындағы күшті қалыптастыра білуге, жеңе білуге үйрету.
Ат сайысы. Оның түрлері: ат омырауластыру,
аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б. Олар үлкен тойларда ұйымдастырылады.
«Хан алшы»- ойын ауызбірлікке, ептілікке, зейінділікке, төзімділікке, достыққа тәрбиелеп, асықтың алшы, бүк, шік, тәйкі, хан деген ұғымдарын қалыптастырып, есте сақтау қабілетін арттыруға арналған.
ІІІ. Қорытынды.
Ұлттық ойындар
- Раушан М
- 4 қыркүйек 2012
- 13655
- 0
- 0
Ілмек сөздер: мектепалды даярлық, ұлттық ойындар
Ұқсас жаңалықтар:
Ұлттық ойындардың денсаулыққа пайдасы.
Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала...Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №14 ОЖББМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Еслямгалиев Әділғазы Еркінғалиұлы...Ұлттық ойындар
Алматы қаласы №118 балабақшасы тәрбиешісі Шаймуханова Алия Бекенқызы...Математика сабағында ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы
Атырау қаласы № 2 орта мектебінің даярлық тобы мұғалімі Құдайбергенова Ақырыс Нұрдаулетқызы...С дыбысы мен әрпі
Атырау қаласы № 2 орта мектебінің даярлық тобы мұғалімі Құдайбергеноа Ақырыс Нұрдаулетқызы Ұлттық ойындар: Сауат ашу сабағында. Сабақ тақырыбы: С...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.