Сайтқа кіру Тіркелу

Түрлі-түсті бояулар әлемі

Сабақ тақырыбы: Түрлі - түсті бояулар әлемі
Мақсаты:
Білімділік: балаларды түстермен таныстыру және түстерді ажырата білуге үйрету.
Түзете - дамытушылық: ой - өрісін, ойлау қабілетін, тілін дамыту. Ойынға деген қызығушылығын, есте сақтау қабілетін, ұсақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: балаларды тазалыққа, үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекі - құралдары: слайд, суреттер, акварель бояуы, түрлі - түсті себеттер, түрлі - түсті геометриялық пішіндер, кесінді суреттер, жұлдызқұрттар сандықшасы, сюжетті суреттер.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, үйрету, сұрақ - жауап.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу
- Сәлеметсіңдер ме балалар!
- Балалар, бүгінгі көңіл - күйлерің қалай?
- Тамаша (Балалардың жауабы.)
- Ендеше балалар осындай тамаша көңіл – күймен біз түстермен танысайық.
ІІ. Жаңа сабақ
Слайд арқылы балаларды түстермен таныстыру
Бұл - қызыл түс. Қызыл түс бізге қуанышты көңіл – күй сыйлайды.
Осы қызыл түсті қандай заттар бар екенін экранға қарап атап көрейік: қызғалдақ, қызанақ, қызыл қалпақ, қызыл алма және тағы басқа да қызыл түсті заттар көп екен.
Бұл - жасыл түс. Жасыл жағымды көңіл - күй сыйлайтын түс болып табылады. Енді жасыл түсті қандай заттар бар екенін көрейік: жапырақ, қарбыз, жасыл трактор, жасыл көйлектер және тағы басқа да жасыл түсті заттар көп екен.
Бұл – сары түс. Сары түс ашық көңіл - күй сыйлайды. Сары түсті қандай заттар бар екенін экранға қарап, атап көрейік: күн, бақ - бақ гүлі, қауын, сарғалдақ гүлі және тағы басқа да сары түсті заттар көп екен.
Бұл – көк түс. Көк жақсы көңіл - күй сыйлайтын түс болып табылады. Енді көк түсті қандай заттар бар екенін көрейік: аспан, көбелек, көк доп, көк машина және тағы басқа да көк түсті заттар көп екен.
- Қараңдаршы балалар, мұнда түрлі – түсті жолдар бар және де бұл жолдар әр түрлі екен. Қызыл түсті жолымыз - қисық, жасыл түсті жолымыз - ирек, ал көк жолымыз – үзік - үзік, сары түсті жолымыз - түзу екен. Біз осы жолдармен жүріп, әр жолдың тапсырмаларын орындап көреміз бе?
- Ия (балалардың жауабы )
• Қызыл түсті қисық жолдың тапсырмасы: «Кім жылдам» ойыны
Ойын шарты: қиылған суреттерді құрастыру
Ойын мақсаты: баланың ойлауын дамыту

• Жасыл түсті қисық жолдың тапсырмасы:
Ойын шарты: пішіндерді пайдаланып суреттегі бейнені құрастыру.
Ойын мақсаты: балалардың пішіндер жайлы танымын, ойлауын дамыту

• Сары түсті жолдың тапсырмасы: суретте бейнеленген заттарды түсіне қарай себеттерге орналастыру.
Ойын шарты: түрлі – түсті себеттерге жердегі суреттерді түстеріне қарай топтастырып салу және оның аттарын атау.
Ойын мақсаты: баланың ойлауын дамыту, түстерді ажыратуға үйрету.

• Көк түсті үзік жолдың тапсырмасы саусақпен сурет бояу
Ойын мақсаты: баланың ұсақ қол моторикасын дамыту, түстерді ажырата білуге үйрету.
Ойын шарты: берілген суреттерді саусақпен сурет салу арқылы аяқтау.

Сергіту сәті
Көктем келді тамаша
Ойнайықшы балаша.
Қызыл, жасыл, сары, көк,
Айналада түстер көп.
Шат - шадыман жүрейік,
Ойнайық та, күлейік.

Бекіту.
«Түрлі - түсті жұлдызқұрттар» ойыны
Ойын шарты: сандықшадағы жұлдызқұртты қармақпен іліп, түсіне қарай берілген сюжетті суретке әңгіме құрау.
Ойын мақсаты: баланың сөйлеу тілін дамыту. Ұсақ қол мотрикасын белсендіру, түстерді ажыратуға үйрету.

Қорытындылау: балаларды мақтап, мадақтау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Түстер әлемі

Түстер әлемі

Мақсаты: Балаларды негізгі түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл. Балалардың түсті қабылдау және түс туралы түсініктерін жетілдіру....
Тренинг. Түстер әлемі

Тренинг. Түстер әлемі

Балаларға негізгі түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, жасыл. Балалардың түсті қабылдау және түс туралы түсініктерін жетілдіру. Көру арқылы...
Түрлі - түсті тақтайшалар

Түрлі - түсті тақтайшалар

Атырау қалалық № 20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақшаның Монтессори маманы. Ермекова Шаттық Нығыметқызы...
Түрлі-түсті дөңгелектер

Түрлі-түсті дөңгелектер

Жасы: «2 - 3» Бірінші кіші «Балдәурен» тобы Тақырыбы: Түрлі - түсті дөңгелектер Білім беру саласы: «Таным» Кіші сала: Сенсорика....
Күзгі жапырақ

Күзгі жапырақ

Тақырыбы: «Күзгі жапырақ» Мақсаты: Білімділік: Түрлі түсті сазермекті түсіне, көлеміне қарай іріктеп алу, пішіндерді қағаз бетіне дұрыс орналастыру...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×