Сабақтың тақырыбы: Жабайы жануарлар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: балалардың орман аңдары жайлы түсінігін қалыптастыру және аңдардың түрлерімен таныстыру.
Түзете - дамытушылық: балалардың ойлау, есте сақтау және ұсақ қол моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: балаларды табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: орман аңдарының суреттері, поезд, тақта, фетрден жасалған орман аңдары және қоректері, қорапшалар, аңдар бейнеленген текше, тақтайша және т. б
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
- Балалар сендердің көңіл - күйлерің қандай?
- Жақсы (балалардың жауабы)
- Ендеше жақсы көңіл - күймен сабағымызды бастайық
Жаңа сабақ
Балалар біз бүгін орман аңдарының төрт түрімен танысамыз. Олар аю, қасқыр, түлкі және де қоян.
- Мына суреттегі аңды – аю деп атаймыз. Аюдың түсі қоңыр екен және де ақ түсті аюларда болады екен. Аю аңдардың арасындағы ең дәуі. Ол балмен және жидектермен қоректенеді.
- Бұл – қасқыр. Қасқырдың түсі сұр болады. Ол – жыртқыш жануар. Қасқыр етпен қоректенеді.
- Мына суреттегі аңды – түлкі деп атаймыз. Түлкіні біз қу жануар ретінде білеміз. Ол да орманда омір сүреді. Түлкінің түсі қызғылт сары болып келеді. Тулкі балықпен, етпен қоректенеді,
- Мына суреттегі аңды – қоян деп аталады. Қоян ақ, сұрғылт түсті болады. Қоянның құлақтары ұзын екен. Қоянды біз өте қорқақ жануар ретінде білеміз. Қоян сәбізбен қоректенеді.
Балалар бұл аңдардың барлығын біз орман аңдары дейміз. Өйткені олар орманда өмір сүреді.
- Балалар қараңдаршы мұнда паравоз және орман аңдары тұр екен. Бұлар поездға мініп жолбарысқа қонаққа барайын десе паравоздың вагондары жоқ екен. Біз бірнеше тапсырмаларды орындап, аңдарға вагондарды тауып беруге көмектесек қалай қарайсыңдар?
• «Аңдар немен қоректенеді?» ойыны
Ойын шарты: тақтада бейнеленген әр аңның өз қорегін табу.
Ойын мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.
• «Аңдарды мекеніне орналастыр» ойыны
Ойын шарты: қорапшаларға орман және үй бейнесі бейнеленген. Үй жануарларын және орман аңдарын оз мекеніне орналастыру.
Ойын мақсаты: балалардың ойлау қабілетін, ұсақ қол моторикасын дамыту.
• «Қызықты текше» қимыл - қозғалыс ойыны
Ойын шарты: текшеде орман аңдарының суреті бейнеленген. Педагог текшені ортаға лақтырады, текшеден қай аңның бейнесі түссе, балалар музыка ырғағымен сол аңның қимылын салу қажет.
Ойын мақсаты: балалардың қимыл - қозғалысын, ірі моторикасын дамыту. Ойынға қызығушылығын арттыру.
Бекіту
• «Жұбын тап» ойыны
Ойын шарты: тақтайшада бейнеленген орман аңдарын тетікше арқылы ашып, қай аңның бейнесі шықса сол аңның жұбын табу.
Ойын мақсаты: балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Қорытынды: балаларды мақтап, мадақтау.
Жабайы жануарлар
- DIKACHUK
- 10 ақпан 2020
- 4753
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жабайы жануарлар, Жабайы жануарлар тіршілігі, орман аңдары жайлы түсінік
Ұқсас жаңалықтар:
"Ақ қоян" Ашық сабақ І кіші топ
Мақсаты: Балаларға қоян туралы түсіндіру. Орман жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Ссөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту....Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Жабайы жануарларды айыра білуге, атай білуге үйрету. Аңдардың балаларын тани білуге, атай...Орман иесіне көмек
Мақсаты: Жабайы жануарлар тақырыбы бойынша берілген сөздер аю, түлкі, қасқыр, кірпі, қоян, тиіндердің жабайы аң екендігін ұғындыру, қазақ тіліне тән...Орман жан - жануарларының қысқы тіршілігі
Атырау қалалық №20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақшасы тәрбиешісі Мединиева Света Нурмукашевна...Жабайы жануарлар
Мақсаты: Әр аңның атын, балаларын ажыратып дұрыс атауға, жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту. Жабайы аңдарға...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.