Бас әріппен жазылатын сөздер. Жайлауда
Ана тілі. 1 - сынып.
Сабақ тақырыбы: Бас әріппен жазылатын сөздер. Жайлауда.
Сабақ мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың жер - су атауларын бас әріппен жазуға жаттықтыра отырып, олардың оқу сапасын, таным аясын арттыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлауы мен сөйлеуін дамыту.
Тәрбиелілігі: Табиғатқа деген жақсы қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Алған білім, білік және іскерлік дағдыларын қолдану сабағы.
Сабақ әдісі: сын тұрғысынан ойлау стартегиясы; топпен жұмыс; интерактивті тақтамен және электронды оқулықпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: География пәнімен.
Көрнекілігі: Бас әріппен жазылатын сөздер. Жайлау, елдер суреттері.
Жүрісі:
І. Қызығушылықты ояту. Топпен жұмыс.
Асан, Алатау, Мұрат, Ақтөс, Шымкент, Серкебаев, Құлагер, Талдықорған, Құтжол.
І топ: Адам аттары.
ІІ топ: Жер - су аттары.
ІІІ топ: Үй хайуанаттары мен жануарлар аттарын табады.
( сөйлем ойлату).
ІІ. Мағынаны тану.
1. Суретпен жұмыс.
Берілген Жайлау суреті бойынша оқушылар әңгімелейді.
- 2 -
2. Мұғалімнің Жайлау туралы кіріспе әңгімесі.
3. Оқулықпен жұмыс.
«Жайлауда» мәтінін мәнерлеп оқу. Мәтін мазмұнын түсіндіру.
4. Электрондық оқулық арқылы география пәнінің мұғалімі «Ұлы Жібек
жолы» туралы түсінік береді.
5. – Мәтінді оқушылардың іштей оқуы.
- Мәтін бөліктері бойынша 3 топқа дауыстап оқыту.
6. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар:
І топ: Әңгіме не жайында айтылған?
Қандай жайлаулар бар?
ІІ топ: Адамдар жайлауда не істейді?
Балалар не істейді?
ІІІ топ: Таулы Жайлауда қандай жемістер өседі?
Мәтіндегі берілген жайлаудың аттары қандай әріппен жазылған?
7. Оқушылардан мәтіннің толық мазмұнын сұрау.
8. Дәптермен жұмыс.
Оқулықтағы 229 – жаттығу орындалады. (тақтаға жазады).
9. «Ортадағы қаламсап»
А, Қ, Ж әріптерінен басталатын жер - су атауларын жазу.
10. Сергіту сәті.
(Қазақ халқы жайлауда жүргенде ән айтып, би билеген. Соған
байланысты «Қара жорға» биін оқушылар билейді).
11. Шығармашылық жұмыс.
(Өлеңнен бас әріппен жазылатын сөздерді тауып жазу).
- 3 -
Сырдария
Білем сені, сүйем сені
Сырдың суы – қарт анам!
Сенсің мені әлдилеген,
Туған сенен мен – балаң.
Жазса Тарас Днепрді,
Жазса Пушкин Еділді,
Неге маған жырламасқа,
Сырда туған елімді. (Ә. Тәжібаев.)
Үш топқа өлең бойынша тапсырма беріледі:
І топ: Өлеңді мәнерлеп оқу.
ІІ топ: Кісі аттарын теріп жазу.
ІІІ топ: Өзен аттарын теріп жазу.
ІІІ. Ой толғау. Не үйрендік?
230 - жаттығу. Жұмбақтағы ел атауларын тауып, сабақты қорытындылау.
(ел атауларының бас әріппен жазылатынын айту).
(Елдердің суреттері көрсетіледі).
ІУ. Оқушыларды бағалау.
У. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. Жайлау тақырыбына сурет салу.
Атырау қаласы, Еркінқала селосы,
Еркінқала орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Амирова Эльмира Қадірліқызы
Бас әріппен жазылатын сөздер. Жайлауда
- ramuk_b
- 20 қаңтар 2019
- 6018
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бас әріппен жазылатын сөздер, бастауыш сынып сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:

Бас әріппен жазылатын сөздер
Мақсаты: Жер - су, хайуанаттар аттарының бас әріппен жазылатынын меңгерту; қойылған сұрақтарға толық, түсінікті, дәлелді жауап беруге машықтандыру;...
Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
ШҚО, Семей қаласы, «Қайрат Рысқұлбеков атындағы № 33 ЖОББМ» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Каримова Толкын Тлеубековна...
Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
ШҚО, Семей қаласы, «№ 22 ЖОББМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі Мамырбекова Анар Серикказиновна...
Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Құмсай бастауыш мектебінің мұғалімі Нартаева Казина Жаксылыковна...
Бас әріппен басталып жазылатын сөздер. С.Көбеев «Екі соқа»
Сабақтың тақырыбы: Бас әріппен басталып жазылатын сөздер. С. Көбеев «Екі соқа». Сабақтың мақсаты: Бас әріптен басталып жазылатын сөздер туралы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.