Пәннің аты: Әдебиеттік оқу
Мұғалім: Калакбашова Карлығаш
Сабақтың атауы Иса Байзаков "Алтай аясында"
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабдығы
Түрі Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Иса Байзаковтың өмір жолынан мәлімет беру.
Міндеттері: — Оқушыларға Алтай жерінің сұлу табиғатын, кен байлықтарын бейнелеуіш сөздермен түсіндіру арқылы, өлеңді талдай білу, сөйлеу, ойлау қабілетін дамыта отырып, эстетикалық тәрбие беру.
Қолданылатын модулдер: Сыни ойлау, Оқыту үшін бағалау, АКТ, автордың портреті, постер қорғау
Стратегиялық іс әрекет: «Ой қозғау», «Кезектесіп қайталау», «Ой талқы»
Ұйымдастыру кезеңі Топқа бөлу: I топ: Маңғыстау таулары
II топ: Алтай
III топ: Алатау
Психологиялық дайындық Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Үй тапсырмасын тексеру Мәтінді үш бөлікке бөлу: Бүркіттің хали
Бүркіттің әрекеті.
Бүркіт туралы не білесіңдер?
Қызығушылықты ояту Қызығушылық ояту: Видео ролик
Оқушылар көңіл бөледі.
Ой қозғау - Видео ролик не туралы?
- Ол жөнінде не білесіңдер?
Тақырыпты ашу, айту, мақсатпен таныстыру. Мақсатқа идея қосады.
Мағынаны тану Иса Байзаков (1900 - 1946) Павлодар облысы, Ертіс ауданы, "Үлгілі" колхозында дүниеге келген. Ол - ақын, әнші, композитор. Әкесі Байзақ, шешесі Ғазиза сауықшыл, өнерпаз адамдар болған. Иса тоғыз жасқа келгенде шешесі қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Жастайынан ақындық, әншілік, домбырашылық өнермен көзге түсті. Оның "Қойшының ертегісі", "Кавказ", "Ақбөпе" т. б. шығармалары бар.
Иса Байзаков атамыз бұл өлеңде Алтайдың сұлұлығын барынша керемет суреттеген. Айтар болсақ, бірінші жолдарында сұлұ екендігі. Оның баурайында бұғы, марал, өршіл киіктің ойнақ салатынын бәрі - бәрі айқын, әсерлі етіп суреттеген. Ал алқабында аю, қобылан, құланның, еліктің мекендейтін суреттеген. Біз бесінші жолында зер салып, қарасақ Алтай тек табиғатымен емес, сонымен қатар кен орындарымен әйгілі екенін білеміз. Ашып айтар болсақ, Алтайды ақын көрнекті, керемет суреттеген.
Сөздік жұмыс:
Аясына - құшағына Өршіл - биікке құмар
Күйік - мұң, қайғы. Сайын - кең, кең жазық.
Сергіту сәті: Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай - ақ.
Ой толғаныс I топ: а) Алтай тауының әсемдігі (жібектей бұлт, сұлудай торғын киген, ақша қары ақ күмістей)
II топ: ә) Алтай тауының биіктігі( өршіл биік, бұлттан өзге қона алмаған)
III топ б) Алтайдың аңдары және кен байлығы
Постер қорғау арқылы
Қорытынды Өлеңде қандай таулары жырланған?
Өлеңде Алтай тауындағы өндірілетін қандай кендер туралы айтылған?
Қазақстандағы Алтай тауынан басқа қандай тауларды білеміз?
Үйге тапсырма Өлеңді жаттау. Алтай таулары көп мәліметтер жинау. Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Біз не білеміз?
Біз не үйрендік?
Біз не білгіміз келеді? Стикерлерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Иса Байзаков "Алтай аясында"
- karlygash
- 10 қараша 2018
- 1731
- 0
- 0
Ілмек сөздер: мәтінмен жұмыс, Иса Байзаков, Алтай аясында
Ұқсас жаңалықтар:
Қайталау. Теңдей (тең бөліктерге) бөлуге берілген есеп
1) Мазмұнына байланысты: Теңдеу шешу тәсілін меңгереді. Теңдеу шешу - теңдеуді дұрыс сандық теңдеуге айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу...Алтай тауы
Алтай туралы өз ойларын білдіруіне мүмкіндік жасау...Асқар Алтай «Дегелеңдегі жарылыс»
ШҚО, Семей қаласы, №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені" бастауыш сынып мұғалімі Нугуспанова Шынар Туленовна...Алтай тауы
Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Алтайдың географиялық орны, геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары, өзендері мен көлдері табиғат зоналары,...«Ақсақ киік» С.Сейфуллин
ШҚО, Семей қаласы Қ.Рысқұлбеков атындағы № 33 мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ошибаева Ғалия Бекеновна Тақырыбы: «Ақсақ киік» С.Сейфуллин . М/ы:...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.