Сайтқа кіру Тіркелу

Бас әріппен жазылатын сөздер

Қазақ тілі (2 - сынып)
Тақырыбы: Бас әріппен жазылатын сөздер
Мақсаты: Жер - су, хайуанаттар аттарының бас әріппен жазылатынын меңгерту; қойылған сұрақтарға толық, түсінікті, дәлелді жауап беруге машықтандыру; өз ойын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру
Оқыту нәтижесі?
Сөйлем ішінде кездесетін бас әріппен жазылатын сөздерді дұрыс жазуға үйренеді. Кейбір заттардың аттары бас әріппен жазылмайтынын ажырата алу
Негізгі идеялар:
Тақырып туралы түсінік
Оқыту тәсілдері
Сұрақ - жауап, топпен жұмыс,, талдау,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. (Шаттық шеңбер ұйымдастыру)
Армысың асыл күн!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу бре,
Міне менің қолым.
- Бүгінгі сабақта барлығымыз бір - бірімізге сәттілік тілейміз.
Мотивациялық кезең (қызығушылықты ояту)
Мұғалім:
Сақтайық кәне, тыныштық,
Бүгінгі сабақ тым қызық.
«Ойлан, ойлан және ойлан»,
Есесіне бар сыйлық.
Оқушылар:
- Ол не сыйлық?
Мұғалім:
- Қандай сыйлық күтіп тұрғанын сабақтың аяғында білесіңдер. Ол үшін сабаққа белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды толық орындау керек.

Топпен жұмыс ұйымдастыру.
1) Бейнефильм арқылы сабақ түрін анықтау. (Қысқы универсиада - 2017 жарыстары)
2) Универсиада жөнінде қысқаша шолу.
3) Топтарға бөлу.(Қазақстан, Ресей)
4) Топ басшыларын сайлап алу, міндеттерімен таныстыру
5) Жетондармен марапатттау, соңында медальдармен марапатталуы жөнінде айту

ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Тест.
1. Зат есім нені білдіреді?
А) Заттың түсін білдіреді.
Ә) Заттық қимылын білдіреді
Б) Заттың атын білдіреді.
В) Заттың санын білдіреді.

2. Зат есімнің сұрақтарын белгіле:
А) Қанша? неше? нешінші?
Ә) Кім? не? кімдер? нелер?
Б) Қандай? қай?
В) Не істеді? не қылды? қайтті?

3. Зат есім болатын сөзді белгіле:
А) жазды
Ә) алпыс
Б) қызыл
В) дәптер

4) Көп нүктенің орнына зат есімді қой.
(кімдер?)... серуенге жиналды.
А) бұлттар
Ә) кітаптар
Б) балалар
В) үйлер
Кілттері:
1. Б
2. Ә
3. В
4. Б
ІІІ. Жаңа сабақпен таныстыру
Мұғалімнің кіріспе сөзі: (аңызды оқу)
Ерте, ерте ертеде сұлу әрі өжет құс Сұңқар өмір сүріпті. Ол өзен бойы мен тау етектерінде асыр салып ойнағанды, биікке самғап ұшуды қатты ұнататын. Бірақ өкінішке орай, биік тау шыңдарының басында үркек арқарлар мен тәкаппар қырандардан басқа онымен ойнайтын ешкім болмайды. Ал Сұңқар өте көпшіл әрі достық пейілді болатын. Бір күні Сұңқар өзі өмір сүріп жатқан елдің қаласы – Алматыда қысқы универсиада ойындары деп аталатын үлкен мереке өтетінін естиді. Бұл ойындарға әртүрлі елдерден өзі сияқты батыл, мықты әрі төзімділер келеді екен. «Міне, енді мен өзіме қай жерден дос табу керек екенін білем», деп қаунған Сұңқар жолға шықты... Сөйтіп біздің ортамызға келіп қалыпты.

Мынау - Сұңқар.
Ол - Қысқы универсиаданың бойтұмары

Бүгінгі Универсиадада мынадай спорт түрлерінен жарыстар өтеді:
1) Мәнерлеп сырғанау – бұл спортшының музыка ырғағымен мұзда конькимен жасалатын қимыл - қозғалысы.
1 - тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазу.
Менің фамилиям -.... Атым -.... Әкемнің аты -.... Анамның аты -.... Мен өз отбасымды мақтан етемін.
Отбасыңда тағы кімдер бар? Толықтырып айт. Адамның аты – жөнін қандай әріппен жаздың? Себебін түсіндір.

Қорытынды:
Адамның аты - жөні бас әріппен жазылады.
Көркем жазу минуты
Дәптерлеріңе әдемі, көркем етіп Уу әрпі мен Универсиада деген сөзді жазайық.
2) Шаңғы жарыстары - шаңғымен жылдамдыққа жүгіру.
2 - тапсырма: (4 - жаттығу)
Мәтінді оқу. Жер - су аттарын теріп жазу.
Қарағанды
Қарағанды қаласы Сарыарқаның оңтүстігінде орналасқан. Ол - өндірістік қала. Өнеркәсібінің басты саласы - таскөмір өндіру. Қала Бұқпа өзенінің жағасында тұр. Қаланы сумен нұра өзені, «Ертіс - Қарағанды» каналы қамтамасыз етеді.
Өзің білетін жер - су аттарын жаз.
Өзендер:...,...,....
Қалалар:...,...,....
Таулар:...,...,....
СЕРГІТУ СӘТІ (би)
3) Шайбалы хоккей - мұз алаңында өтетін спорттық командалық ойын. Барлық ойыншылар конькиді пайдаланады. Қақпаны қақпашылар қорғайды.
3 - тапсырма: (2 - жаттығу)
Жаңылтпашты жаңылмай айту.
- Дұрыс! – деп Тұраш айтты,
- Бұрыс! – деп Бораш айтты.
- Жалған! – деп Жарас айтты,
- Рас! – деп Рәш айтты.
Қайсысы жалған айтты?
Қайсысы рас айтты?
Жаңылтпаштың ішіндегі балалардың аттары неліктен үлкен әріппен басталып жазылған?
Дұрыс айтқан оқушыға жетон беріледі.

Сөздік диктант
Алматы, ынтымақ, чемпион, алтын,, намыс, сайыс, спорт, достық, денсаулық, бірлік, қуаныш.

4) Фристайл - бұл тау шаңғысы спортының түрі. Кедір - бұдыр жолдың бойымен тау шаңғысымен жылдам құлдилау
4 - тапсырма: (5 - жаттығу) Өлеңді көшіріп жазу. Қала және мемлекет аттарының астын сызу.
Ұшқыш ағалар
Мәскеуге де ұшамыз,
Ташкентке де ұшамыз.
Туваға да ұшамыз,
Кубаға да ұшамыз.
Ұшақпенен балалар
Жердің жүзін аралар.
Олардың қайсысы қаланың, қайсысы мемлекеттің аты? Осы қалалар туралы не білесің? Куба мемлекеті қай құрлықта орналасқан?

5) Конькимен жүгіру спорты - конькимен жылдамдыққа жүгіру. Спортшы тұйық шеңбердің бойымен мұз стадионында қашықтықты барынша жылдам бағындыруы қажет.
Қосымша тапсырма. «Мақал - сөздің мәйегі» жалғасын табу.
Дені саудың – жаны сау.
Шынықсаң шымыр боласың.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
Спорт - бейбітшілік елшісі.
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда.

Рефлексия:
«Сөйлемді аяқта» әдістемесі
Оқушыларға «Бүгін...» сөзі айтылып, сөйлемді ауызша аяқтау тапсырылады. Дайындық уақыты 10 секунд. Одан кейін әрбір оқушы өз сөйлемдерін дауыстап айтады. Бұған мұғалім де қатысады.
- Нені бұрын білдім?
- Нені бүгін білдім?
Марапаттау рәсімі
1 - орынды иеленген жеңімпаз топты марапаттау
2 - орынды иеленген жеңімпаз топты марапаттау
3 - орынды иеленген жеңімпаз топты марапаттау

Железин №3 жалпы орта білім беру мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Ибрагимова Л. П.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×