«Биле, биле» би байқауы
Жүргізуші:
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін өнерпаздар сайысады.
Армысыздар, бармысыздар, өнер сүйер қауым! Ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі 5 - 8 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Биле, биле» атты би байқауына қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Арайланып әрбір таңымыз,
Арайланып әнмен сәніміз.
Туған жердің төсінде тұрып,
Шырқатайық кәне бәріміз.
Бүгінгі қатысушыларымыз билейтін билерінің жанрларын алдын ала ұйымдастырушылардан алған болатын. Сол түскен жанр бойынша билерін орындайтын болады. Атап айтар болсам,
1. 5а орыс биі
2. 5ә еркін тақырыпта
3. 6а заманауи би
4. 7а қазақша би
5. 8а рок биі
6. 8ә вальс
Жүргізуші:
Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, биші деп те айт оны.
Биіңе сенің бағасын қояр төрелерді,
Сайлап алып, жалғастырсақ қайтеді,- дей келе бүгінгі байқауда мың бұрала билерін ортаға салатын қатысушыларымызға өз төрелігін беретін әділқазылар алқасын таныстырып өтейін:
1. Мектеп директоры Кембебаева Гүлнар Зауланбайқызы
2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сейсеке Ахын
3. Мектебіміздің кітапханашысы Кусаинова Айнұр
Жүргізуші:
Биле, биле өнерпаз
Біз тәнтіміз биіңе.
Таңқалдырып журиді,
Көрсет, кәне, мереке
Олай болса, қазағымыздың ұлттық биін орындау үшін____ оқушыларын қошеметтеп, құрметтеп, сонымен шапалақты аямай соғып қарсы алайық.
Рахмет! Әділқазылар алқасы осы қатысушыларымызға берер бағаларыңызды көтерсеңіздер.
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ,
Ел намысын қорғамақ,
___сынып шықсын ортаға.
Бүгін биші атанбақ.
Келесі сайыскерлеріміздің өнерін қабыл алыңыздар.
Рахмет! Әділқазылар алқасы осы қатысушыларымызға берер бағаларыңызды көтерсеңіздер.
Жүргізуші:
Биім сондай әдемі,
Тілшігім бар тербелген.
Нәзік сазды әуенмен,
Мың бұралып билеймін,- дей келе келесі _________ биін орындау үшін ______________________ бишілерімізді ортаға шақырайық.
Рахмет! Әділқазылар алқасы осы қатысушыларымызға берер бағаларыңызды көтерсеңіздер.
Жүргізуші:
Біздің мектептің қыздары өнері асқан,
Билейді мың бұралып бала жастан.
Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз?
Ортаға шық, қанеки, тартынбастан – деп ___________биін орындау үшін_____________ бишілерінің өнерін тамашалайық.
Рахмет! Әділқазылар алқасы осы қатысушыларымызға берер бағаларыңызды көтерсеңіздер.
Жүргізуші:
Жақсы биде өнеге,
«Сегіз қырлы бір сырлы»
Өнерді үйрен бір – бірлеп,
Биде биле талпынып – дей келе, ___________биін орындау үшін_____________ келесі бишілерімізді ортаға шақырамыз.
Рахмет! Әділқазылар алқасы осы қатысушыларымызға берер бағаларыңызды көтерсеңіздер.
Жүргізуші:
«Қозғалыссыз өмір жоқ, би сүймейтін бала жоқ» - деп ақындарымыз жырлағандай, ортаға соңғы қатысушыларымызды ___________биін орындау үшін_____________ ортаға қошеметтеп шақырамыз.
Рахмет! Әділқазылар алқасы осы қатысушыларымызға берер бағаларыңызды көтерсеңіздер.
Жүргізуші:
Рахмет! Бүгінгі байқауға белсене қатысқан оқушыларымызға алғыс білдіреміз. Әділқазыларымыз ойлана бергенше, 25 - 27 қараша күндері Алматы қаласының Қазақконцерт залында «Нұрлы жастар - болашаққа жол бастар» атты көркемсөз, ән - би байқауында «көркемсөз» номинациясы бойынша өнер көрсетіп, 1 - дәрежелі лауреат дипломымен, медаль және кубогқа ие болған Нұрланқызы Шырынның, 2 - дәрежелі лауреат дипломымен, медаль және кубогқа ие болған Қайырғали Аяулымның, 3 - дәрежелі лауреат дипломымен, медаль және кубогқа ие болған Ерназ Шалқардың өнерлерін тамашалауға шақырамыз. Шырын ортаға келіңіз.
Жүргізуші:
Балалықтың өткізіп балдәуренін,
Тілейміз бақыт, шаттық, қуаныш - дей келе, осымен «Биле, биле» атты байқауымызды аяқтаймыз. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Көріскенше күн жақсы!
Алматы облысы, Балқаш ауданы,
«Бірлік орта мектебі» мкм - нің
педагог - ұйымдастырушысы
Мамырова Карлыга Калкамановна
Биле, биле би байқауы. жүктеу
Биле, биле би байқауы
- aiboll
- 30 қараша 2017
- 20371
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Биле биле би байқауы, бастауыш сыныптарына арналған, тәрбие сағаты
Ұқсас жаңалықтар:
Айгөлек би байқауы
«АЙГӨЛЕК» ән би байқауы Байқаудың мақсаты бастауыш сынып оқушылар арасынан ән - би өнеріне қабілетті оқушыларды анықтау...Үкілі қыз сайысы
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылы,«Амангелді негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі...«Жігіт сұлтаны» сайысы
Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды, Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды. Сол өнердің жолын қуған «Жігіт сұлтаны» сайысына қатысатын...«АЙГӨЛЕК» фестивалі
БҚО, Орал қаласы Круглоозерный орта жалпы білім беретін мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі: Мукангалиева Альфия Жанатовна...Тілдер күніне арналған "Күз аруы"
Тілдер күніне арналған «Күз аруы» байқауы Дайындаған: Аймаханова Жанар Құрманғалиқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.