Алғы сөз
Бүгінгі күн талабына сай білімді, логикалық ойлау қабілеті жоғары дамыған тұлғаны қалыптастыру - әр мұғалімнің міндеті. Жалпы математика, дүниетану, ана тілінен тест тапсырмалары жинағы оқушылардың меңгерген білімдерін ағымдағы және қорытынды жасауға арналған 1 сыныптар үшін тестілер берілген.
Жинақталған материалда бірінші сыныптың негізгі үш пәні бойынша бағдарламаға сай құрастырылған. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру қажет. Осы орайда әр баланың білім білік дағдысын анықтауда тест жұмыстарын жүргізу тиімді. Бұл жинақта 1 сынып бойынша негізгі үш пән қамтылған.
Әр пән бойынша тарауға бөлініп құрастырылды. Тест жинағы арқылы оқушылардың ой - өрісін дамытып, байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге үйретіп, әрі оларды жалықтырмай, ойша тұжырымдама жасауға көмекші болып табылады. Бұл еңбектің басты мақсаты - 1 сынып оқушыларының әр пән бойынша алған білімдерін барынша толық қайталау.
Дүниетану
№1. Қоршаған дүние
1. Қоршаған дүние деген не?
а) күн, ауа, жер, су ә) табиғат, нәрселер б) адам жасаған заттар
2. Өлі табиғатқа нелер жатады?
а) күн, ауа, су, тас, құм, саз ә) адам, жануар, өсімдік б) адам жасаған заттар
3. Тірі табиғатқа нелер жатады?
а) ауа, су, тас ә) адам, жануар, өсімдік б) адам жасаған заттар
4. Тірі табиғаттың өлі табиғаттан айырмашылығын айт
а) туады, қоректенеді, өседі, көбейеді, өледі ә) ішеміз, тағам болады, жылу береді б) жарық береді, жылу береді
5. Адам қолымен жасалған заттар
а) адам, жануар, өсімдік ә) күн, ауа, су, тас, тау, құм, саз б) ұшақ, орындық, машина, компьютер
6. Табиғат адамға не береді?
а) адам, жануар, өсімдік ә) тау, тас, құм б) ауа, су, тағам, жылу, жарық
7. Табиғи құбылыстарды тап
а) жаңбыр, қар, бұршақ, найзағай ә) күн, жер, су, тау, тас, құм, саз б) адам, жануар, өсімдік
8. Адам көп нәрсені неден үйренеді?
а) табиғатан ә) жануардан б) өсімдіктен
9. Табиғатты не үшін қорғану керек?
а) өмір сүру үшін ә) үйрену үшін б) демалу үшін
10. Табиғат сұлулығы дегенге қалай түсінесің?
а) өсімдіктері, жануарлары ә) табиғат байлықтары б) айналаны қоршаған дүние
№2. Адам
1. Адамның есту мүшесін тап
а) құлақ ә) көз б) мұрын
2. Адамның көру мүшесін тап
а) құлақ ә) көз б) тіл
3. Адамның иіс сезу мүшесін тап
а) құлақ ә) мұрын б) тіл
4. Адамның дәм сезу мүшесін тап
а) құлақ ә) көз б) тіл
5. Адамның сипап сезу мүшесін тап
а) құлақ ә) тері б) тіл
6. Табиға құбылысын тап
а) өсімдік ә) қар б) жануар
7. Ауа температурасы немен өлшенеді?
а) қолмен ә) көбен б) термометрмен
8. Жылылық қандай таңбамен белгіленеді?
а) - 10 ә) +10 б) 0
9. Суықты қандай таңбамен белгілейді?
а) +8 ә) - 15 б) 0
10. Қардың шартты белгісін тап
а) - ә) * б) 0
№3. Күз
1. Күзгі жапырақтардың түсі қандай?
а) көк ә) жасыл б) сары
2. Күзде ауа - райы қандай болады?
а) бұлтты ә) жаңбырлы б) ашық
3. Бақта нелер өседі?
а) жеміс - жидек ә) көкөніс б) гүлдер
4. Бақтың достарын тап
а) құстар ә) құрт - құмырсқа б) ара
5. Бақтың зиянкестерін тап
а) құстар ә) құрт - құмырсқа б) адам
6. Бақшада нелер өседі
а) жеміс - жидек ә) көкөністер б) гүлдер
7. Бақшаның достарын тап
а) қанқыз ә) ұлу б) шырыш
8. Бақшаның зиянкестерін тап
а) орамжапырақ көбелегі ә) құстар б) көбелектер
9. Жемісті тап, белгіле
а) алмұрт ә) қияр б) сәбіз
10. Көкөністі тап, белгіле
а) алма ә) қарбыз б) жүзім
№4. Адам еңбегі
1. Адамдардың күзгі еңбегі қандай?
а) қысқа дайындық ә) жеміс жинау б) көкөніс жинау
2. Отбасында қысқа қандай дайындық жасалады?
а) тосап жасау, көкөністерді тұздау ә) қысқы киім дайындау б) қысқа жалпы дайындық
3. Ағаштарды тап
а) қайың ә) құлпынай б) жусан
4. Бұталарды тап
а) бақбақ ә) емен б) бөртегүл
5. Шөптесін өсімдікті тап
а) қарағай ә) түймедағы б) шырғанақ
6. Өсімдіктердің ең негізгі мүшесін тап
а) тамыры ә) жапырағы б) сабақтары
7. Бөлме өсімдіктерін тап
а) кактус ә) қалампыр б) жауқазын
8. Өсімдіктердің көбі не арқылы көбейеді?
а) тұқым ә) түйнек б) қалемше
9. Бір тұқымды жемісті тап
а) алма ә) шие б) жүзім
10. Көп тұқымды жемісті тап
а) анар ә) шабдалы б) абрикос
№5. Жануарлар әлемі
1. Жабайы аңдарды тап
а) аю ә) түйе б) ит
2. Қыста ұйқыға кететін аңды тап
а) түлкі ә) борсық б) қоян
3. Күзде аңдардың жүні түсуін қалай атайды?
а) өсу ә) түлеу б) түсу
4. Жабайы аңдар немен қоректенеді?
а) өсімдік, шөп, тамыр, жаңғақ, дәнді - дақыл, бал, жәндіктер
ә) үй жануарлары, құстар, балықтар
б) бауырмен жорғалаушы, қосмекенді
5. Құстар күзде қандай жаққа ұшып кетеді?
а) суық жаққа ә) жылы жаққа б) сулы жаққа
6. Құстар немен қоректенеді?
а) құрт - құмырсқа ә) балықтар б) қосмекенділер
7. Жыл құстарын тап
а) қарлығаш, аққу, қараторғай, көкек ә) шағала, қарға, торғай, сауысқан
б) бүркіт, бірқазан, бұлбұл
8. Киелі, сұлу құсты тап
а) көгершін ә) аққу б) бұлбұл
9. Бейбітшілік құсын тап
а) қарлығаш ә) тырна б) көгершін
10. «Орман емшісі» деп қай құсты айтамыз?
а) бозторғай ә) тоқылдақ б) шағала
№6. Жануарлар әлемі
1. Табиғатта өз бетімен тіршілік ететін жануарларды қалай атаймыз?
а) жабайы аңдар ә) үй жануарлары б) аңдар
2. Адам күтіп бағатындарын қалай айтамыз?
а) жабайы аңдар ә) үй жануары б) аңдар
3. Бунақденеліні тап
а) ара ә) басқа б) жылан
4. Қосмекендіні тап
а) құрбақа ә) тасбақа б) балық
5. Жорғалаушыны тап
а) көбелек ә) көлбақа б) жылан
6. Балықты тап
а) кесіртке ә) сазан б) қолтырауын
7. Құсты тап
а) көкқұтан ә) жайын б) кесіртке
8. Үй жануарларын тап
а) түлкі ә) жылқы б) тиін
9. Төрт түліктің төресін тап
а) сиыр ә) жылқы б) түйе
10. Қазақ халқы қай малды көлік ретінде қолданған?
а) сиыр ә) жылқы б) қой
№7. Қыс
1. Қысқы табиғаттың ерекшілігі қандай?
а) Даланы қар басады ә) Жаңбыр жауады б) күн бұлттанады
2. Қысқы ойындар қандай?
а) коньки, шаңғы тебу ә) доппен ойнау б) жарыс, жүгіру
3. Қыста өсімдіктерде қандай өзгешеліктер болады?
а) өсуі тоқталады ә) өсімдіктер қурайды б) өсімдіктер өседі
4. Қысқа азық қорын дайындамайтын аңдарды тап
а) аю, борсық, кірпі ә) қасқыр, қоян, түлкі б) Үй жануарлары
5. Не қайда қыстайды астын сыз
Аю.. Тышқан.. Құрт - құмырсқа.. Қоян..
(бұта астына, қуыстарға, інге, апанға)
6. Қыста қалатын құсты тап
а) қарлығаш ә) қарға б) көкек
7. Үй жануарлары қыста қайда болады?
а) қорада ә) далада б) өрісте
8. Қысқы шынығу неге пайдалы?
а) оқуға ә) ойнауға б) денсаулыққа
9. Адамдардың егіс даласына байланысты қысқы еңбегіне нелер жатады?
а) көшелерді қардан тазарту
ә) қар тоқтату
б) көкөніс сақтайтын қоймадағы жұмыс
10. Көктемгі ауа райының негізгі ерекшелігі қандай?
а) қар ериді ә) қар жауады б) күн ашық болады
№8. Көктем
1. Қар астынан шығатын алғашқы гүл калай аталады?
а) қызғалдақ ә) бәйшешек б) жауқазын
2. Күнге ұқсайтын гүлді тап
а) бәйшешек ә) өгейшөп б) бақбақ
3. Көктемде бунақденелілер не істейді?
а) ұйықтайды ә) оянады б) көбейеді
4. Көктемде жабайы аңдар не істейді?
а) жайылады ә) балалайды б) өседі
5. Көктемде жыл құстары не істейді?
а) алысқа ұшып кетеді ә) өз мекеніне оралады б) оралмайды
6. Ұя жасамайтын құсты тап
а) қарлығаш ә) көкек б) аққу
7. Көктемде үй құстары не істейді?
а) далада жүреді ә) балапан басып шығарады б) жайылады
8. Көктемде үй жануарлары не істейді?
а) жайылады ә) төлдейді б) көбейеді
9. Көктемде егістікте қандай жұмыстар жасалады?
а) жер жырту, астық тұқымдарын себу
ә) құстарға ұя жасау
б) гүл отырғызу
10. Көктемде күн қандай болады?
а) жылы ә) суық б) аязды
№9. Отбасы
1. Сенің ата - анаң, атаң, әжең, әпкең, ағаң қалай аталады?
а) ағайындар ә) отбасы б) жақындар
2. Отбасы қандай қоғам
а) үлкен ә) шағын б) кішкене
3. «Ашамайға мінгізу» деген не?
а) үлкен той ә) бәйге өткізу б) 5 - 6 жастағы баланы ерге отырғызу
4. Сен туған күніңе кімдерді шақырасын?
а) үлкендерді ә) достарыңды б) көршілер
5. Әрбір отбасының иесі болады?
а) үйі ә) мектебі б) дүкені
6. Қауіпсіздік ережесін сақтау үшін не істеу керек?
а) балконға шықпау, электр тогын ұстамау, үтікті қоспау,
ә) үйде ойнау, жүгіру, секіру б) тамақ жеу, тамақ пісіру
7. Мектеп қандай мекеме?
а) білім беру мекемесі ә) өнер мекемесі б) еңбек ету мекемесі
8. Күн тәртібін сақтау деп нені айтамыз?
а) оқу, тынығу ә) тамақтану, тазалық сақтау б) демалу, тәртіп сақтау
9. Дұрыс дене сымбатын сақтау үшін не істеу керек?
а) партада дұрыс отыру, жүкті көтергендн тепе - теңдікті сақтау керек
ә) партада қисық отыру б) жүргенде қисайып жүру
10. Жекебас тазалығының қандай пайдасы бар?
а) сенін дұрыс өсуіне, дамуына, аурудан сақтануға
ә) пайдасы жоқ б) ауру туғызады
№10. Отан
1. Ең үлкен нағыз Отанын қалай аталады?
а) Қазақстан ә) қала б) ауыл
2. Қазақстанның елордасы қай қала?
а) Алматы ә) Астана б) Ақтау
3. Қазақстанның мәдени орталығы қай қала?
а) Астана ә) Алматы б) Ақтөбе
4. Ауада ұшатын көлікті тап
а) пойыз ә) ұшақ б) автобус
5. Үлкен қалаларда болатын көлік түрлерін тап
а) машина, автобус, мотоцикл
ә) троллейбус, трамвай, автобус
б) жеңіл машина, жүк машина
6. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім?
а) Ю. А. Гагарин ә) Т. Әубәкіров б) Т. Мұсабаев
7. Наурыз мейрамын қашан тойлайды?
а) 8 наурыз ә) 22 наурыз б) 30 наурыз
8. Ән, өлең, жаңылтпаш, әңгіме, жұмбақ жазатын адам кім?
а) ақын, жазушы ә) суретші, әнші б) күйші, биші
9. Жазда ауа райы қандай болады?
а) суық ә) ыстық б) салқын
10. Өзіңді табиғат аясында қалай ұстауың керек?
а) Ағаштарды сындырмау, гүлдерді жұлмау, табиғатты ластамау
ә) ағаштарды сындыру, суды бүлдіру
б) құстардың ұясын бұзу, гүлдерді жұлу
Ана тілі.
№1 Алфавит
1. Көп нүктенің орнына керек әріпті жаз. А…
а) о ә) ң б) а
2. Керек әріпті жаз. Қ…с…. қ
а) ы, ұ ә) а, ы б) о, ы
3. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жаз. П … ш … қ
а) ы, а ә) у, ы б) о, ы
4. Керек буынды жаз. Бота …
а) тан ә) ман б) қан
5. Мақалды аяқта:
Ата бәйтерек, Бала ….
а) құрақ ә) туыс б) жапырақ
6. Сөйлемді аяқта: Қар қалың …
а) төкті ә) шапты б) жауды
7. Үзінді қай мәтіннен алынған?
Бал арасы таңның атысы, күннің батысы бір сәт тыным таппады. Гүлден гүлге қонып, шырын тасыды.
а) қысқа дайындық ә) сырғанақ б) тоқылдақ
8. «Орман емшісі» қай құс?
а) торғай ә) бүркіт б) тоқылдақ
9. Алфавитте неше әріп бар?
а) 10 ә) 42 б) 53
10. Дауысты дыбыстар нешеу?
а) 19 ә) 4 б) 15
№2 Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар
1. Сөйлемді дұрыс аяқтаңдар: Нанды үгітпе, …
а) ойла ә) отыр б) қадірле
2. Сөйлемді аяқтаңдар: … аузыңа салма.
а) алманы ә) инені б) нанды
3. Сөйлемді аяқтаңдар: Әдепті бала ата - анасын ….
а) ойнатар ә) мақтатар б) сөйлетер
4. Сөйлемді аяқтаңдар: Әдепті бала ата - анасын …
а) қуантар ә) ойландырар б) қақсатар
5. «Бүлдіршін» сөзінде неше буын бар?
а) 4 ә) 6 б) 3
6. Жіңішке айтылатын сөзді тап:
а) ата ә) ана б) әже
7. Жылқы атасы -….
а) Шопаната ә) Қамбарата б) Ойсылқара
8. Түйе ….
а) боздайды ә) кісінейді б) маңырайды
9. Жылқының сүтін не дейді?
а) айран ә) қымыз б) шұбат
10. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз:
Ешкінің баласы - …..
а) бота ә) бұзау б) лақ
№3. Сөз
1. Алфавиттегі екі таңба
а) а, е ә) к, қ б) ь, ъ
2. Жіңішке айтылатын сөзді тап
а) апа ә) аға б) әке
3. Жуан айтылатын сөзді тап.
а) әдемі ә) жүзім б) ардақты
4. Жылқыны ұстауға арналған бұйым
а) жіп ә) құрық б) тұсау
5. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жаз: С … б … ғ …
а) а, ы, у ә) а, а, ы б) ы, а, о
6. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой: Қ … р … қ
а) қ, ы ә) у, а б) о, у
7. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз:
Ешкіні … деп шақырады.
а) аухау - аухау ә) шөре - шөре б) пұшайт - пұшайт
8. Тыйм сөзді аяқта: Малды басынан …
а) ұрма ә) жазба б) отырма
9. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз:
… керек әр адамға, әр үйге.
а) ойыншық ә) көлік б) әке
10. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз:
Әке керек ең алдымен …
а) әжеге ә) сәбиге б) дәрігерге
№4. Сөйлем
1. Жіңішке айтылған сөзді тап:
а) дәптер ә) ағаш б) сызғыш
2. Қай сөзде У дауысты дыбыс?
а) балауса ә) тау б) суыр
3. Қай сөзде У дауыссыз дыбыс?
а) аулайды ә) су б) суыр
4. «Құттықтаймын мама туған күніңмен» өлеңінің авторы кім?
а) Ф. Оңғарсынова ә) М. Мақатаев б) М. Жұмабаев
5. И қандай дыбыс?
а) дауысты ә) дауыссыз б) ашық
6. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жаз. … не, … т, …гілік
а) и ә) й б) і
7. Дүниеде не тәтті?
а) бал тәтті ә) су тәтті б) ананың сүті тәтті
8. Дүниеде не жұмсақ?
а) ананың қолы жұмсақ ә) мамық жұмсақ б) қар жұмсақ
9. Тиісті сөзді жаз: … көрген оқ жонар.
а) бала ә) әке б) апа
10. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз:
Анау …, балам ала жүр.
а) құсты ә) тағаны б) мысықты
№5. Буын, сөз, сөйлем
1. Я әрпі қандай дыбыстың орнына жазылады?
а) и+а ә) ш+а б) й+а
2. Қоян деген сөзде неше дыбыс бар?
а) 5 ә) 4 б) 3
3. Аю қандай аң?
а) үй жануары ә) жабайы б) қос мекенді
4. Аю сөзінде неше дыбыс бар?
а) 3 ә) 4 б) 2
5. Тиісті әріпті қой: … н, … ғу, … шу
а) ү ә) ұ б) ө
6. Тиісті сөзді жаз: …- сөздің анасы.
а) кітап ә) білім б) сәлем
7. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз:
Ананың … жылы.
а) құшағы ә) даласы б) мектебі
8. «Нұрмаш» қай мәтіннен алынған кейіпкер?
а) Төзім ә) Бөрік б) Оқымысты бала
9. Еңбек құралын тап:
а) аю ә) тырма б) орамал
10. Бір буынды сөзді тап:
а) аю ә) ою б) көз
№6. Тасымал
1. Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап:
а) тер - ез - е ә) т - ере - зе б) те - ре - зе
2. Дұрыс тасымал жасалған сөзді тап:
а) сыз - ғыш ә) сы - зғыш б) сызғ - ыш
3. Тасымалда қойылатын тыныс белгісі
а) нүкте ә) үтір б) дефис
4. Балықшылар сөзінде неше буын бар?
а) 5 ә) 3 б) 4
5. Тасымалданбайтын сөз:
а) сүт ә) бала б) сынып
6. Жуан айтылған сөзді тап.
а) мереке ә) домбыра б) өзен
7. Үзінді қай өлеңнен алынған?
Дала қандай!
Даладағы ат қандай!
а) Біздің ту ә) Елтаңба б) Арғымақ
8. Төмендегі сөздің қайсысы дұрыс жазылған?
а) оқыу ә) оқу б) оқуу
9. Төмендегі сөздің қайсысы буынға дұрыс бөлінген?
а) ө - зен ә) өз - ен б) ө - зе - н
10. Кім? сұрағына жауап беретін сөзді тап
а) мұғалім ә) көк б) үлкен
№ 7. Буын. Сөз
1. Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап:
а) құл - ын - шақ ә) құ - лын - шақ б) қ - лы - нш - ақ
2. Дұрыс тасымал жасалған сөзді тап:
а) ба - уырсақ ә) бау - ырсақ б) бауы - расақ
3. Сөйлем аяқталғанда қойылатын тыныс белгісі
а) нүкте ә) үтір б) леп белгісі
4. Барлаушылар сөзінде неше буын бар?
а) 5 ә) 3 б) 4
5. Тасымалданбайтын сөз:
а) көз ә) балық б) оқушы
6. Жуан айтылған сөзді тап.
а) көктем ә) қыс б) күз
7. Мереке күндері мен ай аттарын сәйкестендір:
31 желтоқсан Жеңіс
30 тамыз Наурыз
9 мамыр Халықаралық әйелдер күні
22 наурыз Жаңа жыл
8 наурыз Ата Заң
8. Төмендегі сөздің қайсысы дұрыс жазылған?
а) қойан ә) қоян б) қоиян
9. Төмендегі сөздің қайсысы буынға дұрыс бөлінген?
а) кі - тап ә) кіт - ап б) кі - т - ап
10. Не? сұрағына жауап беретін сөзді тап
а) мұғалім ә) сағат б) сары
№8. Сөз. Сөйлем
1. Сөз неден тұрады?
а) әріптен ә) буыннан б) дыбыстан
2. Төмендегі сөздердің қайсысы буынға дұрыс бөлінген?
а) жау - ын ә) жа - уын б) жа - у - ын
3. Төмендегі әріптердің қайсысы дауыссыз дыбыс әріптер?
а) а, ү, ы, е ә) ұ, о, і, ө б) қ, п, ң, с
4. Дұрыс жазылған сөзді белгіле:
а) саяхат ә) сайахат б) сайяхат
5. Қай сөйлем дұрыс байланысып, жазылған?
а) Қыс қызығы басталды. ә) Ұнады сабақ бәрімізге. б) Кірді мектепке оқушылар.
6. Жіңішке дауысты дыбыстар қатарын тап:
а) а, о, ы, у ә) ә, е, ө, і, ү б) ұ, а, й, ы
7. Дұрыс тасымалданған сөзді тап:
а) шебер - хана ә) шеб - ерхана б) шеберхан - а
8. 113 санының дұрыс жазылуын белгіле:
а) жүз онүш ә) жүз он үш б) жүзон үш
9. Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс жазылған?
а) кітаб ә) кітап б) кітәп
10. Жұмбақтың шешуін тап: Шипалы мұртты, Томпиған ұртты.
а) дәрігер ә) итмұрын б) мысық
№9. Сөйлем. Әңгіме
1. «А» қандай дыбыс?
а) дауысты ә) дауыссыз б) жіңішке
2. Күз айларын көрсет.
а) наурыз, сәуір, мамыр ә) желтоқсан, қаңтар, мамыр б) қыркүйек, қазан, қараша
3. Күзде күн қайтеді?
а) Суыта бастайды. ә) Жылына бастайды. б) Ысиды.
4. Күзде жапырақтар қандай түсті болады?
а) қара ә) сары б) жасыл
5. Жемістерді көрсет.
а) алмұрт, қызылша ә) картоп, сәбіз б) өрік, алма
6. «Ә» дыбысы қандай?
а) жіңішке ә) жуан б) дауыссыз
7. Саябақта не өседі?
а) гүл ә) бала б) көлік
8. Өзенде не бар?
а) көше ә) саябақ б) балық
9. Малға деген сөзге сұрақ қой.
а) Неге? ә) Кімге? б) Қайда?
10. Қай сөйлем дұрыс құрастырылған.
а) Суық қыс келді.
ә) Коньки тепті балалар.
б) Адамдар киінеді жылы.
№10. Әңгіме
1. Көп нүктенің орнына керекті әріпті жаз. Айдын дал…ға шықты.
а) а ә) у б) е
2. Жылдың қай мезгілінде оқушылар мектепке барады.
а) көктемде ә) жазда б) күзде
3. Егіншілер не істейді?
а) Жеміс - жидек жинайды. ә) Үлкендерге көмектеседі. б) Егін орады.
4. Мақал - мәтелді аяқта. Отан оттан да ….
а) бесік ә) ыстық б) аудан
5. Қазақ тілінде неше әріп?
а) 33 әріп ә) 42 әріп б) 40 әріп
6. Қайсы ағаш түріне жатады?
а) раушан ә) шырша б) қар
7. Өлеңді жалғастыр. Аялаған мені
Ән қанатымен, …
а) ұзақ өмірді ә) құттықтаймын сені б) шуағымсың – сен
8. Сынып бөлмесінде нелер бар?
а) ағаш, үй, көше ә) тақта, бор, қалам б) Ай, Күн, Аспан
9. Оқушы құралдарына не жатады?
а) тақта, терезе, есік ә) қалам, қарындаш, дәптер б) оқушы, мұғалім, бала
10. Бір жылда неше мезгіл болады?
а) үш ә) төрт б) бес
Математика
№1. 1 - ден 10 - ға дейінгі сандар нумерациясы
І нұсқа
1. Қай сан 8 - ге қарағанда 2 - ге кем?
а) 5 ә) 6 б) 10
2. 6 - ға 3 - ті қоссақ, қанша болады?
а) 9 ә) 3 б) 8
3. 7 саны мен 3 - тің қосындысы.
а) 5 ә) 6 б) 10
4. Бірінші қосылғыш - 5, екіншісі – 2,. Қосындысын тап.
а) 3 ә) 6 б) 7
5. 10 мен 1 сандарының айырмасын тап.
а) 8 ә) 9 б) 6
6. Қай өрнектің мәні 0 - ге тең?
а) 0+9 ә) 7 - 7 б) 1+1
7. 8 саны 5 - тен нешеге артық?
а) 3 ә) 5 б) 4
8. Екі өрнекті салыстыр. 8 - 4 * 0+3
а) = ә)> б)31 Әйнекшенің орнына қандай цифр қоясың?
а) 0 ә) 1 б) 3
№7. Жыл бойы өткенді қайталау
І нұсқа
1. 88 9 -
А) 4 С) 7 В) 1 Д) 8
4. 9 - дан 1 - ге кем сан.
А) 10 С) 8 В) 7 Д) 9
5. 7 санына іргелес сандарды тап.
А) 6 мен 8 С) 6 мен 9 В) 5 пен 7 Д) 5 пен 8
6. Дұрыс жауапты тап. Азайғышы - 6, азайтқышы - 2, айырманың мәні - 4.
А) 6+2 = 4 С) 4 + 2 = 6 В) 6 – 2 = 4 Д) 6 – 4 = 2
7. Дұрыс жауапты тап. «7 мен 1 - дің қосындысы 8».
А) 7 - 1= 8 С) 7 + 1 = 8 В) 8 – 1 = 7 Д) 8 + 1 = 7
8. 9 бұл 6 мен
А) 2 С) 4 В) 1 Д) 3
9. 63 + 5 өрнегінің мәнін тап:
А) 67 Ә) 68 Б) 66
10. Ең үлкен екі таңбалы сан:
А) 10 Ә) 1 Б) 9
№10.
1. Теңдеудегі х - тің мәнін тап. х - 3 = 5
А) 2 С) 8 В) 9 Д) 13
2. 9 ондықтан 7 ондықты азайт.
А) 20 С) 30 В) 16 Д) 50
3. Қалып қойған санды көрсет. – 5 < 7 - 4
А) 8 С) 10 В) 9 Д) 7
4. 10 - нан 1 - ге кем сан.
А) 8 С) 9 В) 9 Д) 10
5. 8 санына іргелес сандарды тап.
А) 7 мен 9 С) 7 мен 10 В) 6 пен 7 Д) 6 пен 9
6. Дұрыс теңдікті тап. «Бірінші қосылғыш - 6, екінші қосылғыш 3 болса, өрнектің мәні 9 - ға тең».
А) 6 - 3= 9 С) 9 - 6 = 3 В) 6 + 3 = 9 Д) 4 + 3 = 7
7. Дұрыс теңдікті тап. «6 мен 2 - нің айырмасы 4 - ке тең».
А) 6+2 = 4 С) 6 - 2 = 4 В) 6 – 4 = 2 Д) 2 + 4 = 6
8. 9 бұл 7 мен
А) 1 С) 4 В) 3 Д) 2
9. Тура теңдікті тап.
А) 5 - 3= 5 С) 6 + 2 = 8 В) 10 – 5 = 7 Д) 3 + 4 =2
10. Есептің жауабын таңда. Арманның 5 машинасы, ал Нұржанның 3 машинасы бар. Балалардың қанша машинасы бар?
А) 5 + 3= 8 (м). С) 8 – 5 =3 (м). В) 5 – 3 = 2 (м). Д) 3 + 2 = 6 (м).
Тестер жинағы 1 сынып
- ramuk_b
- 7 қазан 2017
- 4164
- 0
- 0
Ілмек сөздер: тестер жиынтығы, бастауыш сыныпқа арналған, математика, ана тілі, дүниетану пәндері бойынша
Ұқсас жаңалықтар:
Тест. Математика 2 сынып (III тоқсан)
Тест Математика 2 – сынып (III тоқсан)...1 сынып. Сауат ашу. Тест
1 сынып. Сауат ашу. Тест №1 (Мамыр 2014) 1) Жуан сөзді белгіле. А) Орман Ә) Кейіпкер Б) Кітап 2) Жіңішке сөзді белгіле. А) Машина Ә) Көбелек Б)...Тест
Сауат ашу. 1- сынып...Баланың тіл байлығын дамыту
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №13 «Ертөстік» бөбекжай- балабақшасы Жамекова Кулай Ермековна...Буын және тасымалды қайталау.
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы, Бестерек орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мухаева Зауре Тюлюбайқызы 2 сынып қазақ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.