Сайтқа кіру Тіркелу

Сөз таптары 2 сынып

Қазақ тілі
Сыныбы: 2
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары туралы түсінік
Сабақтың мақсаты: Сөз табы ұғымымен таныстыру және сөз таптары туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
1) Әрбір сөздің белгілі бір ұғымды білдіретінін, сөйлемдегі сөздердің орны мен өзара мағыналық байланысы болатынын түсіндіру;
2) Жазба тілін, байланыстырып сөйлеуін дамыту.
3) Ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу, пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, өз бетімен жұмыс, СТО әдістері
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, мазмұнды суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылығын ояту
Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру
Топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру.
Карточкалар тарату.
Карточкада

Сызбалар бойынша бірнеше мысалдар жазу ұсынылады. Жазған мысалдарын дәлелдейді.
ІІ. Мағынаны ажырату
Кестемен жұмыс
312 - жаттығу
Күн, ата, ақ, отыз, көк, екі, жазды, шықты, үлкен, жазушы, келді, қырық, адам, үй.
Оқушылар сөздерді топтастырады. Әр бағандағы сөздердің мағынасына назар аударады. Сұрақ қояды.
Сөз таптары
Зат есім Етістік Сын есім Сан есім
Кім? Не? Не істеді? Қандай? Қанша?
Күн
ата
жазушы
адам
үй жазды
шықты
келді ақ
көк
үлкен отыз
екі
қырық
Заттың атын білдіреді Заттың қимылын білдіреді Заттың сынын білдіреді Заттың санын білдіреді
Ереже: Сөздер мағынасына қарай бірнеше сөз таптарына бөлінеді. Зат есім, етістік, сын есім, сан есім - сөз таптары
ІІІ. Ой толғаныс
Дәптермен жұмыс. Терме диктант.
Анама гүл сыйладым. Анар би биледі.
Айжан кітап оқыды. Әжем сиыр сауды.
Дүкеннен көк көйлек сатып алдым. Судың түсі мөлдір.
Бүгін бес сабақ болады. Мен тоғыз жастамын.
Тапсырма:
1 - ші жолға заттың атын білдіретін сөздерді жаз
2 - ші жолға заттың қимылын білдіретін сөздерді жаз
3 - ші жолға заттың сынын білдіретін сөздерді жаз
4 - ші жолға заттың санын білдіретін сөздерді жаз
314 - жаттығу. 5 топқа 5 түрлі ребус беріледі. Әр топ өз ребустарының шешімін тақтаға іледі. Сұрақ қояды. Қай сөз табына жататынын айтады. Сол сөздерді пайдаланып сөйлем құрайды. (Анам тоғыз қызыл шар алды.)

Дәптермен жұмыс.
315 – жаттығу. Көп нүктенің орнына заттың атын, сынын, қимылын, санын білдіретін сөздер тауып жазады. Неліктен сол сөзді жазғанын дәлелдейді.
Заттың сынын білдіретін Заттың қимылын білдіретін Заттың санын білдіретін
... бояу сиыр...... дәптер
... үй қар...... қалам
... ауа құс...... сызғыш
... су ұшақ...... көйлек
... адам балық...... шар

316 – жаттығу. Топтық жұмыс.
«Байқоңыр – ғарыш айлағы» бейнекөрінісін тамашалайды. Топпен мәтін құрайды.
Көмек – нұсқау.
1. Адамзаттың ең алғаш ғарышқа сапары қай жерден басталды?
2. Жердің тұңғыш жасанды серігі қай қаладан ұшырылды?
3. Ғарыш алаңына ең алғаш аттанған кім?
4. 1991 жылы ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкерін білесің бе?
5. Қазақстандағы ғарыш айлағы қалай аталады?

Кері байланыс.
Үйге тапсырма: 116 – бет. 313 - жаттығу
Жұмбақты оқып, жатқа жаз, шешуін тап.
Заттың атын, сынын, санын білдіретін сөздерді тап.
Бағалау.

Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп - лицейі,
бастауыш сынып мұғалімі Имадилова Арай Бақытқанқызы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Заттың санын білдіретін сөздер

Заттың санын білдіретін сөздер

Заттың санын білдіретін сөздер жайлы түсініктерін пысықтай отырып, білімдерін тексеру, грамматикалық ұғымды үйрету, сөз таптары туралы білімдерін...
Баланың тапқырлығы. Заттың қимылын білдіретін сөздер

Баланың тапқырлығы. Заттың қимылын білдіретін сөздер

Қысқа мерзімді жоспар (Блум таксономиясы бойынша құрылған) Ана тілі (1 - сынып) Тақырыбы:Баланың тапқырлығы. Заттың қимылын білдіретін сөздер.у....
Ләйлігүл. Заттың қимылын білдіретін сөздер

Ләйлігүл. Заттың қимылын білдіретін сөздер

Тақырыбы: Ләйлігүл. Заттың қимылын білдіретін сөздер. Мақсаты: 1. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуын жетілдіру. 2. Заттың қимылын білдіретін сөздер...

"Сөз таптары"

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, № 8 облыстық арнаулы - санаториялық мектеп – интернаттың тәрбиешісі, бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Шынар...
Атаның ақ батасы. Заттың сынын білдіретін сөздер.

Атаның ақ батасы. Заттың сынын білдіретін сөздер.

Жезказған қаласы, №10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Абдраимова Женисгул Абибуллаевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×