Мақсаты: Ұлттық рәсім туралы қарапайым түсінік қалыптастырып, сыйластық сезімге тәрбиелеу.
Зал бөлмесі Наурыз мерекесіне орай әсемде, сенді безендірілген. Р. Рымбаеваның «Наурыз» әні жүріп тұрады.
Құрметті ата - аналар!
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қатар келген Наурыз мерекесі құтты болсын.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
I - кіші тобының «Күлімде наурыз, күлімде» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Наурыз гүл көктем,
Сәнді де, арайлы
Күлімдеп күн көктен,
Нұр шашып қарайды.
Жас қосатын жасыңа,
Жыл басы бұл - наурыз!
Нәр кіргізген асыңа
Бал татыған сары уыз.
Дәстүрімізге айналған ұлыстың ұлы күнінде келер жылдан үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады екен, ендеше сіздерді ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Тағы да наурыз мерекесі құтты болсын!
Наурыз келсе, құт келгені халайық,
Шашу шашып, ел боп қарсы алайық.
Осы кезде Галина әжей келіп шашу шашады.
Шуақ болып төгіліп,
Жерге дән боп егілер.
Наурыз айы күтуде
Кіп-кішкентай сәбилер,- дей келіп, ортаға кішкентай бүлдіршіндерімізді шақырайық.
Музыка әуенімен қол соғып қарсы алайық.
Осы кезде есік жақтан «сүйінші, сүйінші» екі бала қуанышты көңіл - күймен айқайлап келеді.
«Мына баламыз жақсы хабар алып келе жатыр екен, құтты болсын.
Айналайындар, сүйіншілеріңді ала қойыңдар, аман - жүріңдер» деп сыйлығын береді.
Құрметті қонақтар! Рыскүл атты келініміз сәбилі болып жатыр, өмірге бала келіп жатыр.
Теңеліп түн мен күндізі,
Ымдасып ай мен жұлдызы.
Жайраңдап елдің ұл - қызы
Келді наурыз - көктем айы.
«Ойнап жүрген 2 - 3 бала сырттан келіп, «ата, ата, әже, әже ауылға қонақтар келе жатыр» деп айтады. Осы сәтте ішке Еділбай құда мен Тоқтагүл құдағай келді. Үй иелері Ескендір құда мен Жәмила құдағилар орындарынан тұрып, амандасады. Отырған қонақтармен амандасып, қол алысып, көрісіп, бір - бірін наурыз мерекесімен құттықтайды.
Құрметті қонақтар, ағайындар, былтыр яғни, бұдан бір жыл бұрын Еділбай құдамен Тоқтагүл құдағи мен құдандалы болған едік. Міне сіздердің алдарыңызда Еділбай құда мен Тоқтагүл құдағай, қош келдіңіздер! Жоғары шығыңыздар, төрлетіңіздер.
Наурызбенен құттықтап,
Алыс - жақын қауышты.
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты.
Тағы да наурыз мерекесі құтты болсын!
Құрметті қонақтар, сіздер бүгін Ескедір ағамыздың шаңырағында болып жатқан бесікке салу рәсіміне қош келдіңіздер! Ендеше, бесікке салу рәсімін жасайық. Әуелі баланы бөлместен бұрын, бесікті аластауды Ақзияш әжемізге берейік.
Әже сөзі: Алас, алас, баладан алас,
Үй иесі келді, пәледен алас.
Көзі жаманның көзінен алас.
Тілі жаманның тілінен алас,
Қырық қабырғасынан алас,
Отыз омыртқасынан алас, Бісіміллә, келді, міне, иесі,
Көш пәлесі! – деп бесікті аластайды.
Қош келдің, наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітін жалғапты.
Жылда осылай келе берші жаңарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп жан - жақты.
Енді кішкентай баланы бесікке бөлеуді баланың нағашы әжесі Тоқтагүл құдағайға жолдағалы отырмыз.
Бесікті құралдарын әкелу.
Әже сөзі: Бесікке баланы бөлей отырып,
Аталарың ақырса қорықпа,
Апаларың ақырса қорықпа,
Ойнақтаған ботадан қорықпа,
Тулаған тайдан қорықпа,
Бесігіңде бұлқынып, ұйқылы бол.
Алас, алас, аласы,
Келді, міне, баласы,
Жайлы ұйықтап, дем алсын,
Ұйқысы қанып оянсын!- дейді де, отырғандардан үш қайталап:
« Оң ба?» - деп сұрайды.
Үш қайтара « Оң» деген жауап беріледі.
Бесікте тербете отырып:
- Мойнымдағы маржаным,
Орта толған мал - жаным,
Бесігіңде жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой,- деп әндетеді.
Сәбидің атын қоюды нағашы атасы Еділбай құдаға берейік. Баланы алдына апарып береді.
Ата сөзі: Бісіміллә
Атың сенің Наурызгүл,
Атың сенің Наурызгүл.
Әкең сенің Рысбек, 3 – рет
Анаң сенің Рыскүл, 3 - рет
Бесікке бөлегеннен кейін «Келші, келші балашым» әнін бәрі қосылып орындайды.
Жоралғыларды тарату.
Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлап еліме,
Күлімде наурыз, күлімде.
М. Омаровтың «Шілдехан бесік той» әнін орындайды.
Тағы да қонақтар, ата - аналар наурыз мерекесі құтты болсын. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын, жылдан - жылға аман - есен жете берейік.
Кешіміздің II - бөлімі Дастархан мәзірі. Қонақтармен бала - шағалардың бәрі наурыз дастарханына жайғасады.
Ұлы күні ұлыстың
Күн мен түнді теңеген.
Тәтті дәмін ырыстың
Таттың наурыз көжеден.
Әжем наурыз көжеге,
Жеті түрлі ас салды.
Бидай, күріш, тары бар,
Ащы құрты тағы бар.
Тілектер айтылады. Наурыз көже ұсынылып, бауырсақтар, тәттілер дастархан үстіне шашылады. Дастарханға бата беріледі.
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбенен бірге жырлашы.
Дастарханыма елімнің
Береке, ырыс сыйлашы
М. Омаров. «Қазақы дастарханым» әні орындалады
Атырау облысы, Исатай ауданы,
Аққыстау селосы, «Балдырған» бөбекжай-бала бақшасының
Жоғары санатты Саз жетекшісі: Жұқалтаева Майра Әлмұратқызы
Күлімде, наурыз, күлімде!
- Изтелеуова Ардак
- 2 ақпан 2017
- 2849
- 0
- 0
Ілмек сөздер: наурыз мерекесіне арналған сценарий, күлімде, наурыз, күлімде
Ұқсас жаңалықтар:
Қош келдін, Наурыз!
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;...Бесікке салу жоралғысы
Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары да бар. Соның бірі – бала туылғаннан...Армысың, Наурыз!
Қарағанды қаласы, ҚМҚК "Қарлығаш балабақшасының" 2 санатты тәрбиешісі Ибраева Бақытжан Шокеевна...Наурыз мейрамы дәстүрлі мереке
Алматы қаласы, №118 бала - бақша тәрбиешісі Шаймуханова Алия Бекенқызы...Наурыз
Наурыз тойын тойлап жатыр адамдар, Пісірілді тәтті дәмді тағамдар. Қазан толы наурыз көже жасалған, Наурыз айын " Мырзалы ай"- деп санаңдар....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.