Сабақтың мақсаты: қазақ ертегілері, олардың ерекшелігі, сахналау арқылы театрланған іс әрекет арқылы балаға рухани адамгершілік тәрбие беру. мазмұнын таныстыра отырып, жағымды - жағымсыз кейіпкерлерді өздігінен ажырата білуге үйрету.
Әдіс - тәсіл: көрсету, түсіндіру.
Көрнекіліктер: жануарлардың суреттері, бетперделері
Билингвальді компонент: жануарлар - животные
Оқу іс - әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Бағыттап ұйымдастыру Шаттық шеңбері:
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман! Тәрбиешімен бірге қайталайды.
Ұйымдастыру - іздену Ерте, ерте, ертені
Аңыз қылған, ән қылған,
Кел, ертегі тыңдайық
Ата - бабаң қалдырған!
Түйе; Мен түйемін, таудаймын
Керуен тартар қуатым.
Көп күн шөлге шыдаймын
Дертке шипа шұбатым.
Сиыр: Мен мүйізді сиырмын,
Бұзауымды іздеймін.
Сүт пен қаймақ беремін.
Барыс: Барыс қарда сырғанап,
Тау аралап жүреді.
Тасқа жатса, тоңбайды
Қыстың жайын біледі!
Қоян: Аппақ қоян, ақ қоян,
Сондай қорқақ, сақ қоян.
Біздің үйге тығылсаң
Сандығыма сап қоям!
Жылқы: Қымыз берген жылқымын
Көк шалғында аунаймын.
Мінгізіп ап балдарды
Желдей ұшып заулаймын!
Қой: Мен момақан қойыңмын
Ешбір жанға тимеймін.
Жүн беремін киімге
Өзім бірақ кимеймін.
Тауық: Күні бойы қыт - қыттап
Көң тырнаған тауықпын.
Балақандар жесін деп
Көп жұмыртқа тауыппын!
Ит: Қысы - жазы адамға
Серік болып жүреміз.
Күзетеміз қойларды
Қасқыр келсе үреміз!
Боямақпен жұмыс.
Жануарлардың суреттерін бояуды ұсынамын.
Сергіту сәті:
Кел, балалар, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Біз алуан жануар
Мәңгілік дос болайық!
Түйе: Жылдың басы мен боламын!
Тышқан; Ендеше, кім бірінші күнді көрсе, сол жыл басы болсын.
«Қамажай» биін билейміз.
«Атап көрсет» ойыны.
Жануарларды атап, қимылмен көрсету керек. Дауысын салу.
Дидактикалық ойын
«Суреттер сөйлейді»
Үй жануарларын атап, суреттерін көрсету.
Жаттығу жасайды
Билейді
Ойын ойнайды
Ойын ойнайды
Рефлексивті - түзетушілік Сабақтан алған әсерлерін сұраймын. Белсене қатысқан балаларды мадақтаймын. Айтады
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: жыл басы жануарлары туралы
Түсінеді: ертегінің мазмұнын
Қолданады: тапсырманы орындауды
Жыл басына таласқан жануарлар ертегісін сахналау
- Ergalieva1976
- 4 сәуір 2016
- 8292
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тәрбие сағаты, технологиялық карта, сабақ, сабақтан тыс шара, ашық сабақ балабақша
Ұқсас жаңалықтар:
"Ақ қоян" Ашық сабақ І кіші топ
Мақсаты: Балаларға қоян туралы түсіндіру. Орман жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Ссөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту....Жабайы жануарлардың тіршілік мекені
Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсінік беру. Оларды орманда мекен ететіні жөнінде айту. Балалар үй жануарлары және жабайы жануарларды ажырата...Жыл басына таласқан хайуандар туралы ертегі
Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді, сүтімді ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын, – дейді....Үй жануарлары
«Балалардың үй жануарлар туралы түсініктерін кеңейту, Олардың сыртқы келбетінің сипаттық ерекшеліктерімен, мінез - құлықтарымен, тіршілік әрекетімен...Үй жануарлары
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір - бірінен ажыратуға, әңгімені мұқият, зейін қойып, тыңдауға...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.