Сайтқа кіру Тіркелу

Ғажайып білім әлемі

Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: «Қызықты математика»
Тобы: Мектепке даярлық тобы
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбы: «Ғажайып білім әлемі»
Құзыреттілікке жеткізетін ұйымдастырылатын оқу іс - әрекет мақсат - міндеттері: Әр түрлі тапсырмалар бере отырып есептей білуге үйрету. Балалардың сөздік қорын байыту, қойылған сұрақтарға нақты жауап беру және бірін тыңдай білу қабілеттерін қалыптастыру. Топпен дұрыс жұмыс жасау, жақсы қарым - қатынаста болу қабілеттерін дамыту. Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет барысында жұмбақ, дидактикалық ойындарды берілген шарт бойынша орындауға дағдыландыру.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: саяхат
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ - жауап.
Көрнекілік: суреттер, математикалық жұмбақтар, математикалық мақал мәтелдер, ойыншықтар, ноутбук
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Баланың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шатық шеңбер:
Бәріміз бірге тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Жақсы - жақсы сөздерді,
Қонақтарға сыйлайық!
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
Балалар шеңбер болып тұрады

Іздену - ұйымдастырушы Дидактикалық ойын «Қай ойыншық жоқ»
Ойынның ережесі: Ойыншықтар үстел үстінде тұрады, балалар көздерін жұмып 1, 2, 3 дегенде көздерін ашып қай ойыншық жоқ екенін тауып айтады.
Музыка ойналып, Буратино есік қағып кіреді.

Буратино: Саламатсыздар ма балалар?
Балалар осы жер «Ғажайып білім әлемі ме?»

Тәрбиеші: Жоқ, Буратино, бұл жер балабақша.

Буратино: Балалар мен алтын кілтімді жоғалтып алдым, кім алып кеткенін білмеймін. Маған көмектесіңдерші. Кілтімді іздеп келе жатып, жолда ақ тиінді көріп едім, кілтіңді «ғажайып білім әлеміне» барсаң табасың деді. Мен «ғажайып білім әлеміне» қалай барсам екен баратын жолды таба алмай адасып, осы топқа кіріп кетіппін. Маған баратын жолды көрсетіп жібересіңдер ме?
Тәрбиеші: Еш уайымдама, Буратино. Қане балалар Буратиноға көмектесеміз бе?
Олай болса балалар Буратиноны ертіп, жол көрсетіп, «Ғажайып білім әлеміне» бізде саяхатқа шығып қайтайық. Саяхатқа шығамыз ба?
Балалар саяхат кезінде бізге әртүрлі қиындықтар кездеседі, сол қиындықтарды бірге жеңе білейік. Ол үшін бір - бірімізді сыйлап, тыңдауымыз керек. Балалар қане енді паровозға мініп, жолға шығайық.
Тәрбиеші: Олай болса балалар Буратиноны ертіп жол көрсетіп, «Ғажайып білім әлеміне» саяхатқа шығайық. Саяхатқа шығамыз ба?
- Балалар саяхат кезінде бізге әртүрлі қиындықтар кездеседі, сол қиындықтарды бірге жеңе білейік. Ол үшін бір - бірімізді сыйлап, тыңдауымыз керек. Балалар біз 1 - ші аялдамаға жеттік.
Бұл бірінші аялдама: «Қызықты математика» аялдамасы.
1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санау.
2 - ші аялдама «Математикалық жұмбақтар»
1. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
2. Екі айнасы бар, екі найзасы бар.
Төрт сылдырмағы бар.
Бір шыбыртқысы бар.
3. Бұлбұлдың екі құлақ, бір басы бар Салдыраған сегіз жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салп, айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар.
4 Екі ағайынды екеуі де бір үйде
Бірін бірі көрмейді
5. Өзі 4 қанатты және 6 аяқты
Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты.
3 - ші аялдама «Математикалық мақал - мәтел»
1. Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
2. Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас.
3. Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
4. Бес бармақ жиылса
Жұдырық болады.
5. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
Жалқаудың екі досы бар: бірі - ұйқы, бірі - күлкі.
4 - ші аялдама. « Логикалық есептер»
1. Қоршаудан қоянның 8 құлағы көрініп тұр. Қоршаудың артында қанша қоян тұр?
2. Бір ағашта жеті алмұрт,
Бірін бердім Санатқа.
Бірін бердім Қанатқа
Сенде қалды неше алмұрт
Үйге келді Мадияр
Оған қоса Алдияр
Кейін келді Айдана
Қанша болды бар бала?
Оң жағыңда 5 сарбаз.
Сол жағыңда 5 сарбаз
Болады барлығы неше сарбаз?
5 - аялдама Дәптермен жұмыс.
Көк шалғында асыр салып жүрген лақтарды сана. Керекті цифрды дөңгелектеп сыз.
Сергіту жаттығуы:
Ал санайық 1, 2,
Топаңдап біз билейік
Аяғымыз қайда екен?
Міне аяқ алақай
1, 2 деп басайық
Айналып билеп алайық
5 - ші аялдама. « Ақпарат құралымен жұмыс»
Буратино: Алақай, алақай менің кілтім табылды» ( Қақпаның алдында Буратиноның кілті тұрады) Қақпаның үстіңгі жағында «Ғажайып білім әлемі» деген жазуы бар.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы біз алтын қақпаға келіп қалыппыз. «Ғажайып білім әлемі» деген осы жер балалар. «Ғажайып білім әлемі» бізге ең бастысы білім сыйлады. Біз бәріміз бірігіп, қызықты тапсырмалар орындадық, Буратиноға көмектестік.
Буратино: Балалар сендерге көп - көп рахмет. Сендер маған «Ғажайып білім әлеміне» баратын жолды көрсетіп, алтын кілтімді табуға көмектестіңдер, көптеген тапсырмалар орындадыңдар. Өмірде тек білімді емес қайырымды балалар екенсіңдер. Мен осындай «Салтанат» балабақшасының ақылды, тапқыр, білімді балаларының барына қуанып тұрмын. Мен сендерге арнап сыйлық ала келдім.(Буратино сыйлықтарын таратып кетіп қалады )
Тәрбиеші: Міне балалар Буратиноға көп көмек көрсеттіңдер. Кілтін табуға көмектестіңдер. Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды, тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындықтарыңды көрсеттіңдер. Осымен ғажайып білім әлеміне саяхатымыз аяқталды, енді өзіміздің тобымызға оралайық. Саламатсыз ба Буратино!

Иә, көмектесеміз.
Түйе
Сиыр
Домбыра
Көз
Инелік
4 қоян
5 алмұрт
3 бала
10 сарбаз

Балалар сергіту жаттығуына қатысады.
Қорытындылаушы - Балалар сендерге саяхат ұнады ма?
- Сендер саяхатқа қайда бардыңдар?
- Біздер кімге көмектестік?
- Өте жақсы балалар, енді қол ұстасып, бір біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, бүгінгі саяхатымызды аяқтай отырып қонақтармен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы
Сау саламат болайық.
Сау болыңыз! Балалар жауабы
«Ғажайып білім әлеміне»
Буратиноға

Қонақтармен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:

Баланың білуі: Балалардың ұлттық психологиясын қалыптастыру. Ұжыммен әр түрлі есептер шығару дағдысын білу
Баланың меңгеруі: Математикалық мақал - мәтелдерді меңгеру.
Баланың жасай алуы: Баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×