Қостанай облысы, Рудный қаласы,
Қашар кентіндегі «№2 Қашар орта мектебі» КММ мектебіндегі
шағын орталық бөліміндегі «Балапан» тобында тәрбиешісі
Медетбаева Айгуль Давлетназаровна
Білім бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру, сурет салу.
Тақырыбы: Кеседегі қазақ оюлар.
Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық ыдыс - аяқтарымен таныстыру. Бұл ыдыстарды тұрмыста тұтынатыны туралы балаларға түсінік беру. Кесені дәстүрден тыс жолдармен әшекейлеуді үйрету. Балалардың саусақ икемдіктерін қалыптастыра отырып, суретке деген қызығушылықтарын арттыру. Эстетикалық талғамдарын бекіту.
Сөздік жұмыс: ұлттық ыдыс - аяқ, кесе.
Билингвалдық компонент: ыдыс - аяқ - посуда, қасық - ложка, шәй - чай.
Мотивациялық - қозғаушылық
Тәрбиеші балалармен қол ұстасып шеңбер құрайды:
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
- Өте жақсы. Балалар, бір - біріміздің алақанымыздан не сезініп тұрмыз?
- Жылулық.
- Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, мына жерден сендер қандай заттарды көріп тұрсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Бұл – қазақ халқының ертеден келе жатқан ұлттық ыдыс - аяқтары. Біз бүгінгі бейнелеу сабағында осы ұлттық ыдыс - аяқтармен танысып, оларды әшекейлейміз.
- Балалар, мына менің қолымдағы - кесе, шынаяқ, аққұман, ағаш қасық, табақ...- бұл) қазақ ұлттық ыдыстары – деп аталады.
- Балалар, қараңдаршы ыдыстар әр - түрлі оюлармен әшекейленген.
Балалар
біз бүгін сол ыдыстардың ішінен кесе жайлы әңгіме қозғаймыз.
- Балалар, кім айтады кесе бізге не үшін керек?
- Дұрыс айтасыңдар.
- Кім айтады, кесені неден жасайды?
- Жарайсыңдар!
Тәрбиеші:
Қазақ халқының әр затты ою - өрнекпен әшекейлеп отырған.
- Біз бүгінгі сабағымызда қазақтың ұлттық ыдыстарының ішіндегі кесені алып әшекейлейміз.
Қызықты сәт:
Есік қағылады
Қонаққа Қуыршақ бала келеді.
Сәлеметсіздер ме? балалар
- Балалар, с әлеметсіз бе?
- Қуыршақ бала:
- Мен сіздердің ою - өрнек туралы айтып жатқандарыңызды естіп қалып келдім. Менің қоржынымда мынадай
ою - өрнектер бар.
Мен бұл ою - өрнектердің қалай аталатының білмеймін.
Тәрбиеші:
Қане, балалар, біз Қуыршақ балаға көмектесейікші.
Ал мынау қандай ою түрі?
МҮЙІЗ» - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою - өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мүйіз» ою - өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады
Ал мынау қандай ою түрлері?
- Гүл оюы.
- Тарақ оюы.
- Ирек су оюы
Балалар байқасаңдар біздің барлық заттарымыз ою - өрнекпен әшекейленген мысалы: сандық, көрпелер мен жастықтар, ыдыстар мен киім-кешектер т. б. Әр оюдың өзіндік ерекшелігі мен құпиясы бар.
Балалар айтыңдаршы әдемі ою - өрнегі бар бұйымдарды жасайтын адамды кім деп атаймыз?
Балалар енді кесені Ирек су оюымен әшекейлейік
- Ирек су оюы балалар, толқын
сияқты иректеліп келеді.
Сондықтан ирек су өрнегі деп аталады.
Ирек су оюының түсі көк, көгілдір, сия көк болады.
Ою заттың шетінде, жиегінде орналасады. Бұл әсемділікті білдіреді.
Бояумен жұмыс жасамас бұрын, жұмыс кезеңдегі ережелерді есімізге түсірейік.
Балалар:
Бояуды ағызуға, көзге жақындатуға, Киімге жағуға болмайды, бояумен ұқыпты жұмыс істеу керек.
- Ал енді, балалар, қазір мен сендерге кесені қалай әшекейлеу керектігін көрсетемін.
біз бүгін қылқаламды саусақтың көмегімен кесеміздің сыртын Ирек су оюымен әшекейлейміз.
(тәрбиеші жұмыстың орналасу тәртібін көрсетеді). Ал бояуды әркім қалауы бойынша пайдалануға болады.(тәрбиеші балаларды бояумен, бояғышпен дұрыс жұмыс жасауды үйретеді). Тәрбиеші жұмыс жасай алмай жатқан балаларға көмектеседі.
Толық нұсқасын жүктеу
Кеседегі қазақша оюлар
- aiboll
- 7 наурыз 2016
- 9341
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ыдық аяқтар, қазақша ою өрнектер, балабақшаға арналған жоспар
Ұқсас жаңалықтар:
Өрнек әжеге қонаққа барамыз
Қол таңбасын әжемнің анық көріп, Бұл кестенің сырына қанық болып, Өнерімен өзгелерді тамсандырған Қошқармүйіз өрнегін салып беріп....Сиқырлы сандық
Ерте, ерте ертеде әдемі киіз үйде ата мен әже өмір сүріпті. Бір күні әже атаның көрпешесі жоқ екенін байқап оған көрпеше беруді ұйғарыпты. Әже...Қуыршақ Көркеммен саяхат
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, "Балдәурен" балалар бақшасынің тәрбиешісі Сүтбаева Айгүл Танжарбайқызы...Торсықты әшекелеу
Мақсаты: Балаларды Қазақтың ұлттық ою өрнектерімен таныстыра отырып ұлттық өнерді сүюге. еңбекке тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін...Ою-өрнек
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, "Жұлдыз" балабақшасы Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Шығармашылық Тақырыбы: "Ою - өрнек" Тәрбиеші:...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.