Сайтқа кіру Тіркелу

Абайла бөбегім

№59 «Ақбөбек» балабақшасы тәрбиешісі Жолдығұлова А.

«Абайла бөбегім» ойын сауық ертеңгілігі
Мақсаты: балалардың жолда жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру, және іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету, жол белгілерімен таныстыру, бағдаршам туралы түсінік беру.
Көшеде жүру ережесін білдіру арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп, балаларды сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Машина, велосипед, шарлар, жол белгілері, ысқырғыш.
Музыка жүріп тұрады.

Жүргізуші: Қайырлы күн балалар, тәрбиеші апайлар, бүгін ортаңғы топ балаларының арасында жолда жүру ережесін сақтау, ойын сауық кешімізді бастаймыз.
Көшеде біз сақ болайық,
Қаймықпасын ата - ана,
Жолда сақ бол лайық,
Жасұлан деген атқа
дей келе кешімізге қатысатын жасұландарымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Балалар ортаға келіп тұрады.

Жүргізуші: Балалар жол ережесін сақтауға дайынбыз ба?
Балалар хормен: Жол тәртібін білейік,
Аман - есен жүрейік.
Жүргізуші: жол заңы дұрыс жүріп абай болуды талап етеді. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында доп қуалайтыны, жүріп бара жатырған машинаға жабысатыны салдарынан бұзылады. Ережені дұрыс сақтамағандықтан да ауыр жарақат алып жатады. Сондықтанда балалар жол ережесін үнемі есімізден шығармауымыз керек.
Балалар біз осы жол ережесін білеміз бе?

Жұмбақтар: Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ тоқта, жүр дейді. ( бағдаршам)
Кәне, айналамызға қарайықшы, жол бойынан қандай өзгерістерді байқап тұрсыңдар?
Бағдаршам, жол белгілері. «Бағдаршам» әні орындалады.
Осы кезде Дымбілмес велосипедпен жол ережесін бұзып келеді.
Жол сақшысы ысқырып тоқтатады да, Дымбілмеске жол ережесін түсіндіреді. Дымбілмес кешірім сұрап балалардың қасына барады.
Жол сақшысы: Балалар Жолдан өтерде өте сақ болыңыздар. Жаяу жүргіншілерге арналған жолақ жолдармен өтіңдер. Жолдан өтерде абай болыңдар жарай ма.

Бағдаршам: Мен жол реттеуші бағдаршаммын, менің үш көзім бар, олардың әрқайсысының атқаратын міндеті бар.
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар.
Біз қай бағдаршамға қараймыз?
Балалар жауабы.

Жүргізуші: Біз жаяу жүргіншілер жолындағы бағдаршамға қараймыз. Қандай түс жанып тұр? Қызыл. Ендеше көліктерге жол береміз.
Сары түс жанды не істеу керек балалар?
Жүруге дайындаламыз.
Жасыл жанды. Енді жүре беруімізге болады.
Жүргізуші: Балалар жол ережесіне түсіндіңдер ме?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×