Тақырып: Елбасымен ел көгерер
Мақсаты: балаларға президентіміз Н. Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан түрлі талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Қазақстан Республикасының рәміздері, Астана қаласы жөнінде түсініктер беру және білімдерін бекіту, өлең тақпақтар арқылы сөздік қорларын дамыту, сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, мемлекеттік тілді, рәміздерді құрметтеуге, ел азаматы атағына лайықты елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд, карта, көрнекі суреттер.
Тәрбиеші: балалар, бүгін ерекше күн. Бүгін біз "Тұңғыш Президент күнін" атап өтпекшіміз. Құрметті қонақтар "Ақкөгершін" ересек тобының "Елбасымен ел көгерер" атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Тәрбиеші: Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз
- Балалар, айтыңдаршы осы біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Қ. Р - ның рәміздерін білеміз бе?
Олай болса Қ. Р мемлекеттік әнұранды орындауға рұқсат етіңіздер.
Әнұран.
Тәрбиеші:
Кең байтақ далалы жеріміз,
Ақ көңіл қонақжай еліміз.
Қазақ иісі аңқып тұрар әр жерден,
Алтын, көмір, мұнай байлық кеніміз.
Байтақ жерді басқаратын қамқоршы,
Қазақ үшін аянбайтын көшбасшы.
Елін сүйген, елі сүйген Президент,
Шуақ шашар елімізге күн болшы.
Тәуелсіздік алып берген біздерге,
Нұр ағадай Президент бар біздерде.
Бейбітшілік ынтымақты сақтаған,
Мақтан тұтып, жар саламын сіздерге!
Тәрбиеші: балалар, айтыңдаршы Қ. Р - ның президенті кім?
Балалардың жауаптары.
- Дұрыс айтасыңдар, олай болса осы біздің елбасымыз жайлы, оның осы орынға лайықты болып сайланып, өмірі мен отбасымен таныстырып өтейін.
"Слайд арқылы Елбасының өмірінен слайд көрсету)
Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы 6 - шілдеде Алматы обылысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылы Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тәрбиесінде болған. Нұрсұлтан атамыз мектепте өте жақсы оқып, білім алған. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарғанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдалушылығына дейінгі жылдан өткен. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшылық қызметтер атқарады. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болатын. 1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығына тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қ. Р Президенті етіп сайлады.
2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз. олай болса ортаға топ бүлдіршіндеріміздің тақпақтарымен ортаға шақырамыз.
Тақпақтар: Бибінұр
Бар әлемге шын танылдық, міне біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан.
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Айдар:
Сегодня в этот мирный час,
Наш Елбасы,
Спешим поздравить вас!
Слов блогодарности, конечно же не хватит,
Чтоб выразить огромную любовь страны,
Ее докажем преданностью мы!
Азиза:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.