Сайтқа кіру Тіркелу

Біздің сүйікті - Елбасы

Тақырыбы: Біздің сүйікті - Елбасы
Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейтіп, болашақта ел азаматы атына лайықты болуға тәрбиелеу, еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, еліміздің Рәміздерімен таныстыру арқылы сөздік қорын молайту; тілін дамыту.

Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап
Көрнекілігі: Елбасы Н. Ә. Назарбаев және ел Рәміздерінің суреттері (плакат)
Топ іші мерекеге сай безендірілген.

Жүргізуші:
Биіктей бер, Нұр аға,
Қыран қанат талмасын.
Қадірлемей тұра ма,
Халық сіздей тұлғасын?!

Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға – біздің ұлы адам.

Армысыздар апайлар мен бүлдіршіндер! Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей бергей!
«Балапан» тобы бүлдіршіндерінің 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік ертеңгілігін ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

«Шаттық шеңбері»

Бір шаңырақ астында
Тату - тәтті тұрамыз
Бірге ішеміз асты да
Бірге сайран құрамыз
(Балалар тәрбиешімен бірге шеңбер бойында тұрып, қимыл жасайды)

Жүргізуші: Хор. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ГИМНІ
Сөзі: Ж. Нәжімеденов
Н. Назарбаев
Әні: Ш. Қалдаяқов
- Балалар, біздің мемлекетіміздің аты қандай?
- Қазақстан Республикасы (балаларға қайталаттыру)
- Біздің Елбасымыз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
- Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
- Астана
- Біздің тіліміз қандай?
- қазақ
Балаларға Елбасы туралы түсінік беру
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
1991 жыл 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Міне, сол жылдан бері Қазақстанның Президенті болып, елімізді көркейтіп, бүкіл дүние жүзіне Қазақстан елін танытты десе болады.

Жүргізуші: Ән: Мен кішкентай баламын.
(Д. Омаров)

Жүргізуші: - Балалар, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевқа арнаған тақпақтарымызды айтайықшы?
Елназ:
Елбасы елді қорғайды,
Халқы оны қолдайды.
Омар:
Елбасымыз Нұр аға
Салғызып Алтын орда.
Көркейтті елін қазақтың.
Бекзат:
Жасай берсін елбасы
Қолдап – қорғап ел – жұртын.
Тұмар:
Жасай бер елім, Қазағым!
Жасай бер ағам, Елбасым!

Би: «Көк тудың желбірегені» әніне жалаушамен би билеу.
Бір топ балалардың орындауында
Ойын: «Түсін тап»
Шарты: Тәрбиеші балалардың алдарына екі түрлі түсті жалауды қояды, соның ішінен Қ. Р Туының түсін тани білуі керек.
Мақсаты: Балалардың ел Рәміздеріне деген патриоттық сезімдерін ояту. Түстерді ажырата білу.
Жүргізуші:
Кең байтақ далалы жеріміз,
Ақ көңіл қонақжай еліміз.
Қазақ иісі аңқып тұрар әр жерден,
Алтын, көмір, мұнай байлық кеніміз.

Байтақ жерді басқаратын қамқоршы,
Қазақ үшін аянбайтын көшбасшы.
Елін сүйген, елі сүйген Президент,
Шуақ шашар елімізге күн болшы.

Тәуелсіздік алып берген біздерге,
Нұр ағадай Президент бар біздерде.
Бейбітшілік ынтымақты сақтаған,
Мақтан тұтып, жар саламын сіздерге!
- Құрметті қонақтар, балала! Бүгінгі біздің тұңғыш Президент күніне арналған «Біздің сүйікті - Елбасы» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар!

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кент,і
МКҚК №2 «Айгөлек» балабақшасының
тәрбиешісі Сахитжан Индира Нағашыбайқызы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×