Сайтқа кіру Тіркелу

Баланың денсаулығы-ұлт саулығы (Спорттық ойын сауық)

Балалардың денсаулығы - ұлт саулығы.
(спорттық ойын - сауық)
Мақсаты: Бір ортақ мақсатты жұмыла бірігуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл - әрекетке жаттықтыру. Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру. Сымбаттылыққа, шымыр болуға, ептілікке тәрбиелеу. Күш қуат пен секіргіштікті дамыту.
Әдіс - тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, монтессори, дәстүрден тыс тәсілі.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, кішкене доптар, шелектер, күректер, әуе шарлары, кубиктер, таяқшалар, шығыршықтар, орамалдар, жіптер, гүлдер, көбелектер, қыстырғыштар, кедергілер, кеглилер.
Жүру барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ата - аналар, апайлар, бүлдіршіндер! Бүгінгі өткелі тұрған «Баланың денсаулығы - ұлт саулығы» атты спорттық ойын - сауығымызға қош келдіңіздер! Ендеше спорттық ойын - сауығымызды бастамас бұрын әділ - қазы алқасын таныстырып өтейін:
1. Балабақша меңгерушісі: Гүлнар апай.
2. Балабақша медбикесі: Нәсіп апай.
3. Балабақша психологы: Айба апай.
Ендігі кезекте ортаға сайысқа қатысушы «Күштілер» және «Шымырлар» топтарын шақырайық. Балалар залға бірінің артынан - бірі тізбектеліп қолдарына жалау ұстап кіреді. Енді мен спорттық ойын - сауықтың кезеңдерімен таныстырып өтейін:
1. «Көңілді әуе шарлар» ойыны.
2. «Кім ұқыпты» ойыны.
3. «Түйілген орамал» ойыны.
4. «Күлімде, Күн» ойыны.
5. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны.
- Балалар екі қарсылас топ бір - бірлеріңе сәлемдемелеріңді жолдаңдар.
Сайысымызды бастаймыз. 1 - ші кезең. «Көңілді әуе шарлар» ойыны. Ойын шарты: әуе шарларын қолымызға ұстап, кеглилердің арасымен өтіп, межені айналып, қайтарда жүгіріп келу.
– Бәрекелді балалар не деген шапшаңсыңдар.!
2 - кезең. Келесі ойынымыз «Кім ұқыпты». Шартымен таныстырып өтейін: шығыршықтан секіріп, жерде жатқан көбелектерді жоғарыда тұрған гүлге оралған жіпке, аяқтың ұшы көтеріп, қолдарымызды созып қыстырғышты ашып ілу.
- Өте тамаша балалар!
3 - ші кезең. «Түйілген орамал» ойыны. Ойын шарты: шығыршықтан ортасынан өтіп, отырғыштың үстінен түйілген орамалды алып келу.
Әділқазы алқасы әділ бағаларыңызды берсеңіздер!
4 - ші кезең. Ойнайық та, ойлайық та ойнайық,
Күшімізді көрсетейік, сынайық – деп «Күлімде Күн» ойынын ойнайық. Шарты: Кубиктердің арасымен өтіп, шеңберге, шашылып жатқан таяқшалардан күн бейнесін құрастыру.
- Жарайсыңдар балалар қандай әдемі Күн!
5 - кезең. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. Ойын шарты: мына қолымыздағы күрекке салынған допты жерге түсірмей шапшаң шелектің ішіне түсіреміз.
- Балалар сендер бүгінгі спорттық ойынға белсенді атсалыстыңдар.
Ендігі кезекті әділ - қазы алқасы сіздерге сөз берейін. Балалар жеңістерін құтты болсын. Әрқашан биіктерден көріне беріңдер.
Осымен «Балалардың денсаулығы - ұлт саулығы» атты спорттық ойын - сауығымыз тәмамдалды. Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын! Келіп тамашалағандарыңызға рахмет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×