«Күншуақ» тобына ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Тарауы: Сенсорика.
Тақырыбы: «Көңілді ойындар»
Мақсаты:
Білімділігі: Балаларға сезім дамыту оқу іс - әрекеті бойынша өткен тақырыптарды еске түсіріп, білімдерін ойын арқылы жетілдіріп бекіту. Заттардың көлеміне, пішініне, түсіне қарай топтап ажыратып білуге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту, өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Балаларды қамқорлыққа, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Қоршаған ортамен таныстыру, көркем әдебиет, математика.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Пішіндер, әр түрлі ойыншықтар, үлестірмелі құралдар.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Қайталау, сұрақ - жауап, көрсету, ойын ойнату.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Танымды оятушылық - Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Өйткені бізге қонақтар келді. Бәріміз амандасып алайық.
- Сәлеметсіз бе!
- Балалар дөңгеленіп тұрады. Қонақтармен амандасады.
Ұйымдастыру ізденушілік
Сергіту сәті
Рефлексивті - түзетушілік - Балалар, бүгінгі сабағымызға бізге қоян да қонаққа келемін деп, орманда адасып қалыпты. Қане, орманға барып оны тауып алайық.
- Балалар, орманға қандай көлікпен барайық?
- Олай болса, қане поезд болып тұра қалайық.
- Балалар, орманға келдік қане қарайықшы қоян қайда адасып жүр екен. Оңға қарайық, солға қарайық.
- Өте жақсы, олай болса оны тобымызға алып кетейік. Қане, поезға отырайық.
(Пуф - чик - чик, пуууф - чик - чик)
- Балалар, қоянмен амандасып алайықшы.
- Жарайсыңдар, балалар бүгін біз жылдың басынан үйренген білімдерімізді ойын арқылы ортаға саламыз.
- Балалар, үстелдің үстіне қараңдаршы, қандай заттар тұр?
- Ендеше біздің бірінші ойынымыздың аты. «Түсін ажырат» деп аталады.
- Балалар, қоянға мына шарлардың түсін ажыратуға көмектесейікші.
- Өте жақсы, түсін ажыраттық. Енді шарларға қарайықшы, шарларда суреттер бейнеленген екен. Бұл ненің суреттері?
- Дұрыс айтасыңдар олай болса, келесі «Пішіндерді дұрыс орналастыр» деген ойын ойнаймыз.
- Өте жақсы, енді қоянның ойыншықтарына қарайықшы.
Келесі ойын «Салыстыр» деп аталады.
- Балалар, мына ойыншық қалай аталады?
Мына машина қандай?
Ал мына машина қандай?
(Осылай барлық ойыншықтарды салыстырады)
- Мына доп қандай?
- Мұнда бір доп, ал мұнда қанша доп?
Олай болса, балалар сендермен осы доптар арқылы алақанымызға жаттығу жасап алайық.
Сиқырлы доптарды қолымызға алып доп туралы тақпағымызды айтайық.
Добым, добым домалақ
Қайда кеттің домалап
Үстел үстін бүлдірдің
Тәрелкені сындырдың.
- Өте жақсы балалар, келесі ойынымыз «сәбіз теру». Қане, жылдам-жылдам қоянға сәбіз теріп берейік?
- Балалар, менің қолымда неше сәбіз?
- Ал, сендер қанша сәбіз жинадыңдар?
- Өте жақсы
- Балалар, сабағымыз осымен аяқталды, айтыңдаршы, бүгінгі сабақ ұнады ма сендерге?
- Бүгін біз нені қайталадық?
- Қандай ойын ойнадық?
- Сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар білімдеріңді көрсеттіңдер. Ал енді қоян орманға қайтам дейді. Оған «Сау бол» деп айтайық.
Мынау қояннан сендерге естелік сыйлық.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Пішіндерді. көлемді, санауды, салыстыруды.
Игеру керек: Заттар көлемі бойынша үлкен және кіші болатынын, олардың түсі, саны болатынын
Үйрену керек: Көру, есту, түсіну арқылы өз беттерімен іс - әрекет жасауды үйренді.
- поездбен
Балалар тізбектесіп тұра қалады.
- Қоян, әне оң жағымызда жүр.
- Сәлеметсің бе, қоян!
- шарлар
- Қызыл, сары, көк.
- Пішіндердің суреті.
Балалар шарларды сәйкес жәшіктерге салады.
- Машина
- Үлкен
- Кішкентай
- Үлкен, жұп - жұмсақ, домалақ.
- көп доп.
Орындарынан тұрып, кішкентай доптарды қолдарына алып, тақпақтарын айтады. Жаттығуды тәрбиешінің қолына қарап жасайды.
Музыка қосылғанда, балалар қоян сияқты секіріп сәбіз тереді.
- Біреу ғана.
- Көп
Балалардың жауаптары.
Көңілді ойындар
- arailymejebaeva
- 27 тамыз 2019
- 71642
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Ашық сабақ, сенсорика, бала бақша, бала бақшаға арналған ойындар
Ұқсас жаңалықтар:
Менің ойыншықтарым
Балаларға ойыншықтар туралы түсіндіру. Ойыншықтардың аттарын атап, оларды бір - бірінен түсіне, көлеміне қарай ажырата білуге үйрету....Көкөністер мен жемістерді сипаттау
Рудный қалалық әкімдігінің №18 орта мектебі КММ Досымбетова Гүлсім Тұрдыбекқызы...1, 2, 3 цифрлары туралы ұғымды білу, геомертиялық фигураларды ажырату
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, "Айналайын" ясли бақшасының тәрбиешісі Садыкова Жанат...Зат қандай пішіннен құралған?
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, №7 «Балдырған» балабақшасы Садықова Жадыра...Қысқы табиғат
Тәрбиеші: Интыбекова Ж. А....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.