Сайтқа кіру Тіркелу

Балабақшадағы бейнелеу өнері

Кеңес: Балабақшадағы бейнелеу өнері
Балабақшадағы балаларға көркемдік тәрбие беруде айнала қоршаған өмірдегі, болмыстағы табиғаттағы, көркем өнердегі әсемдікті қабылдау, оған қызығушылық сезімдерін тәрбиелеу, ой - өрісін кеңейтіп көркемдік таным, түсінігін, сұлулыққа деген сүйіспеншілігін арттыру, көркемдік талғамын қалыптастыру мақсаты қойылады. Жыл бойына жүргізілетін педагогикалық үрдіс барысында тәрбиеші негізгі белгіленген уақытта бейнелеу өнерінен балалардың бұрын меңгерген білім - білік дағдыларын қайталап бекіте отырып жаңа материалды игерудің қызғылықты әр түрлі әдіс - тәсілін таңдап алып, сурет салу, мүсіндеу және қиып жапсыруға қажетті құралдарды пайдаланудың тиімді жолдарын қарастырады, бейнелеу іс - әрекеттерінің мақсаты, міндеттері айқындап алып, оны жүзеге асырудың бағыт - бағдарын белгілейді. Сурет салатын немесе мүсіндейтін затты немесе құбылысты бақылату, талдау, түр - түсі, көлемі, пішіні жайында мағлұмат беріп, оны зердеде сақтай білу дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Тәрбиеші бейнелеу сабақтарында ауызша баяндау, сұрақ жауап, өткенді қайталау, бекіту жұмыстарынан кейін жаңа сабақты түсіндіру, үлгіні талдау, көрсету, бейнелеу іс - әрекетіне бейімделудің әр түрлі тәсілдерін тақырыпқа сәйкес таңдап, жалпылама нұсқау беріп іс - әрекетке бағыттайды. Балалар іс - әрекетке кіріскеннен кейін басшылық жасап, жеке нұсқаулар беріп көмек көрсетіледі. Әр баланың бейнелеу іс - әрекетіне қабілетін ескере отырып бағыт беріледі. Дайын болған жұмыстардың бірнешеуін алып тақтаға іліп, балалардың назарын аудара бастайды. Қалған балалардың да жұмыстарын аяқтау талап етіліп, еңбек нәтижесін балалармен бірлесіп талдау жасайды. Қорытынды ой - пікірлерді өзі айтып, сәтті шыққан мадақтап үлгі етеді. Кейбір сәтсіздіктер мен жұмысқа ұқыпсыздықты болашақта қайталайтындай етіп ұсыныс жасай отырып ескерту. Іс - әрекет барысында шаршағандық байқалса сергіту сәтін өткізіп алып қайтадан жұмыстарын жалғастырады. Уақытты үнемді пайдалану тәрбиешінің ізденісіне, шығармашылығына педагогикалық шеберлігіне байланысты болмақ. Өмір құбылысын көркемдік тұрғысынан қабылдау әрқашанда дара, әрі таңдамалы. Оның негізіне әсемдікке эмоция білдіру жатады.

Бала әрқашанда табиғаттағы, заттық дүниедегі, өнердегі әсемдікке, адамдардың мейірбан сезіміне үн қосады. Мұның өзіне сәбидің басынан кешірген қуанышының, талпынысының, толғанысының маңызы зор. Көркемдік тәрбие әдістері алуан түрлі. Олар көп жағдайда көркем ақпараттың көлемі мен сапасына, ұйымдастыру мен іс - әрекет түрлеріне, баланың жас ерекшелігіне бағынышты. Бұл жерде педагогтың даярлық деңгейі, шеберлігі мен қабілеттілігінің атқаратын ролі аз емес. Бала әлеуметтік ортадан, заттық дүниеден, табиғи құбылыстардан, көркем шығармалардан алады. Сондықтан да суреттердің, ертегінің мазмұнын, әуеннің сазын тұтастай қабылдау өте маңызды. Бұдан әрі педагог балаға дыбыстарды беріле тыңдауға, заттың бояуы мен пішініне зер сала қарауға көмектесу үшін оның назарын бөлшектерді қабылдауға, мақсатты бақылауға аударады. Тәрбиеші балалардың көркемдік әсері қалай қабылдайтындығына қарай өнер туындысымен, музыкалық әуен сазын, әнді, ертегіні тыңдай, суреттерді көре отырып, тікелей әңгімелеп, түсіндіріп, сұрақтар қою арқылы көркемдік тәрбиенің әдістері мен тәсілдерін көрнекі және ауызша деп бөлуіне болады. Оларға белгілі бір талаптар қойылады. Сөйлесу барысында балалар суреттің, өлеңнің, әннің мазмұнын немесе тапсырманың мәнін ғана түсінбей, кейіпкерлердің көңіл күйлеріне сәйкес жайды бастарына кешіру үшін де жарқын образдылыққа жетулері қажет. Әдістер іс - әрекеттің ұйымдастырылу формасына байланысты өзгеріп отырады. Бейнелеу сабақтарында тәрбиеші дәл нұсқаулар береді, балаларға орындау тәсілдерін өздері табуын ұсынады, т. б. Мысалы: 1. Жапсыру сабақтарында балалардың жеке бөлшектерін зат құрастыруға немесе тұтас материалдан, жеке бөлшектерді мүсіндей білуге мүмкіндік беретін әдіс - тәсілдер қолданылады. Демек, үйрету жеткілікті түрде тікелей өтеді. Баланың дербес іс - әрекет етуінде үлкендердің жетекшілігі жанама ықпалмен шектеледі, ол тек іс - әрекетке итермелеп, еске түсіреді және қателерді түзетеді. Балалардың жас ерекшеліктеріне, даярлық деңгейіне, жеке ынтасы мен талаптарының артуына қарай әдістер күрделеніп отырады. Педагогикалық ғылым мен тәжірибе эстетикалық сезімдерінің қарым - қатынастарының, ой - қорытындылауының, бағалауының тәжірибелік іс - әрекеттерінің қалыптасуына көмектесетін неғұрлым тиімді әдістерін анықтайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:

"Көркем бейнелеу көрмесі (графика, пейзаж, потреттер, натюрморт, қолөнер, ...

Мақсаттары: 1. Тәрбиелік: Шеберліктерін шыңдау, төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 2. Дамытушылық: Өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау...
Сынып жетекшісінің портфолиосы

Сынып жетекшісінің портфолиосы

Сынып жетекшісі білуі тиіс: • Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңын • Бала құқықтары туралы конвенцияны...
Күзгі натюрморт

Күзгі натюрморт

Сабақтың мақсаты: Бейнелеу өнеріндегі тақырыптық картинаның рөлі мен тарихы және оның жанрлық түрлерін ажырата білу...
Балабақшада серуенді ұйымдастыру және бақылау

Балабақшада серуенді ұйымдастыру және бақылау

Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, педагог оны табиғатпен...
Затқа қарап бейнелеу (натюрморт)

Затқа қарап бейнелеу (натюрморт)

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Бабатай орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі Мамбетқұлова Жанат Талғатқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×