Сайтқа кіру Тіркелу

Балабақшада қазақ тілін оқытуда инновациялық технологияны қолдану

«Ана тілім – ар - ұятым» деген сөз ұранға айналатындай кезең жетті. Ендеше неге ана тілімізді дамытуда шорқақтық танытып отырмыз? Өткен тарихпен бүгінгі заманның ерекшеліктерін болашақ ұрпаққа жеткізу - біздің борышымыз.

Бүгінгі болған оқиға - ертеңгі шежіре. Осы шежірені ертеңгі ұрпақтың қай тілде немесе қандай түсінікте қабылдайтыны бізге белгісіз. Қасиетті тілімізді ары қарай дамыта түсу, бұрынғы бар байлығы мен қалыптасқан нормаларын бұзбай сақтау бүгінгі парызымыз ғана емес, ертеңгі ұрпақтың алдындағы жауапкершілігіміз.
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде және «Тіліміздің мемлекеттік қызметте де, ғылымда да, білім беруде де орыс тіліндей болып қолданылуы үшін қолдан келетіннің бәрін істеу керек»- деген елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тұжырымдамасы бар.
Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйретуде жаңа бағытта, жаңа мүмкіншіліктерге ие бола отырып өз салт - дәстүрімізді, тәлім - тәрбиемізді бере отырып жаңа белестерге жеткізу болып саналады. Қазақстан жаңа белестер кезеңінде, жаңа биіктерге көтерілу кезінде өз тілімен өркендей алатын мүмкіншіліктерге жету керек.
Тілді өркендетуді балабақшадан бастау керек. Сондықтан да білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейтесті мәселелерінің бірі: білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекетттік тілдің мәртебесін көтеру.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту барысында бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудің білім - деңгейі нақты бағдарламамен берілген. Қазақ тілін оқыту «Біз мектепке барамыз», «Қарлығаш», «Зерек бала» бағдарламаларында жүзеге асырылады. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді.
Пәннің негізгі мақсаты - балаларды қазақша сөйлете білуге үйрету болғандықтан, мұндағы негізгі жұмыс – балдырғандардың сөздік қорларын молайту. Сонымен қатар сабақ барысында жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, балаларға қазақша сөздерді дұрыс айта білуге, қойылған сұрақтарға жауап беруге, естіген сөздерін бұзбай жеткізе білуге, әсіресе құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуға, сөйлемді дұрыс құрауға, ауызекі тілде сөйлей білуге үйретеміз.
Қазіргі кезде қазақ тілін оқытуда инновациялық технология әдістерін қолдана отырып, сапалы білім беру, балалардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіре отырып, танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, баланың жеке басының интелектісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу – басты мақсат болып табылады.
Қазақ тілі пәнінен ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерінде жаңа технологиялардың элементтерін қолдана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың тілді меңгеруге деген қызығушылығын арттырады. Жалпы жаңа педагогикалық технологиялар баланың жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Баланың жан - жақты дамып, жетілуіне, шығармашылықта жұмыс істеуге бейімделуіне, топта, жұпта жұмыс істей алу қажеттілігіне жетелейтін бірден - бір әдіс. Атап айтсақ, сын тұрғысынан ойлау, тірек – сызба технологиясы, дамыта оқыту, деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы және т. б.
Инновациялық технологияның бірі - деңгейлеп оқыту технологиясы баланың жеке мүмкіндігіне, жеке тұлғаның жан - жақты дамуына бағытталған. Деңгейлеп оқыту технологиясында баланың жан - жақты мүмкіндігін ескере отырып, жеңілден ауырына қарай деген принципті қолданып, өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің дамуына ықпал етіледі.

Деңгейлеп оқыту технологиясының негізгі сатылары мыналар:
1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
2. Төменнен, жоғарыға қарай деңгейлік тапсырмалар беру;
3. Балалардың тақырыптан алған білімдерін бекіту.
4. Балалардың білімін бағалау.
Мақсаты:
1. Әр баланы оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту.
2. Деңгейі төмен балалармен жеке жұмыс жасау, қолдау көрсету;
3. Дарынды баланың тереңірек білім алуына жағдай жасау;
4. Баланың ынтасын, қабілетін арттыру.
5. Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті барысында жағымды эмоция сезімдерімен қанықтыра алу;
Ерекшелігі:
1. Таланттар, дарынды балалар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер тіл үйренуге ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.
2. Балалардың оқуға деген ынтасы артады.
Мысалы, осы әдісті мектепке дайындық және ересектер топтарында қолдануға болады. Топтағы балалардың деңгейлері әртүрлі болғандықтан тапсырмаларды да деңгейлеріне қарай беру арқылы оларға тіл үйретуде елеулі жетістіктерге жетуге болады. Мектепке дайындық топтарындағы деңгейі төмен балаларға тақырыпқа сәйкес естиярлар немесе ересектер топтарындағы балаларға арналған тапсырмаларды беріп, орындалған соң деңгейі жоғары балалармен бірдей бағалап, мадақтаған жөн. «Тапсырманы орындадым», - деп қуанған балада алға қарай ұмтылыс пайда болары анық.
Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:
- баланың пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
- танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
- баланы шығармашылық жұмысқа баулиды;
- мұғалімнің уақытын үнемдейді;
- қосымша мәліметтер береді.
Яғни, әр қазақ тілі оқу іс - әрекеттерінде слайдтар қолдану арқы - лы өткізсек, балалардың тілге деген қызығушылығын арттыра алатынымыз сөзсіз.
Жаңа технологияларды оқу іс - әрекетінде қолдану тиімді. Соның бірі – “Сын тұрғысынан ойлауды дамыту” (СТО) технологиясы. Мұнда әр баланың ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады, бала өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда балаға ойланып - толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға бала шығармашылығын қалыптастыра - тынын атап өту керек. Оқу іс - әрекетінің қай құрылымында болмасын мұғалім “Сен не ұқтың?”, “Сен нені білгің келеді?” және «Сен неге бұлай ойлайсың?» деген сұрақтарды балалардан сұрап отырғаны абзал.
Инновациялық технологияның тағы бір түрі - Эйлер Венн диаграммасы. “Венн”диаграммасын қолдану арқылы заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. Мектепке дайындық топтарында өтілген тақырыптарды қорытындылау кезінде осы технологияны пайдалану тиімді. Мысалы: «Жемістер» және «Көкөністер» тақырыптарын бекітуде мұғалім балалардан алма мен қызанақтың ұқсастығын мен айырмашылығын табуды сұрайды. Балалар олардың ұқсастығы - пішіні, түстері екендігін айтса, ал айырмашылығы – өсетін орны, дәмдері, біреуі - жеміс, екіншісі - көкөніс деп жауап береді.
Сондай – ақ, өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді болып табылады.
Қазақ тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді.
1. Мұғалімнен кейін қайталау арқылы сөздердің фонетикалық жағын меңгерту.
2. Балалардың тыңдау зейінің қалыптастырып, сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру
3. Балалардың сөздік қорын молайтып, оны дұрыс қолдана білуге үйрету
4. Жай грамматикалық құрылымдарды меңгерту.
5. Балалардың ойын дамыту, дұрыс айту, дұрыс білу дағдысын қалыптастыру.
Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарын біліп орындауы тиіс.
Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады:
1. Ойынның өтілетін сабақтарының мазмұны мен тақырыбына сай болуы.
2. Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу.
3. Ойынның ойналу түрі топ болып ойнау.
4. Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы.
5. Қолданылған сөздер, сөз тіркестері, өлең таңдау
6. Ойындардың өту барысының жоспарын жасау.
Сабақта мынадай ойындарды ойнауға болады:
1. Сиқырлы қоржын. (Тақырыптар: «Жемістер», «Көкөністер», «Ыдыс - аяқ»
«Ойыншықтар» т. б.)
2. Үйде кім жоқ? (Тақырып: «Отбасы мүшелері»)
3. Аудармашы. (Тарлық тақырыптарға келеді. Мұғалім сөзді қазақша айтса, бала орысшаға аударады немесе мұғалім орысша айтып, қазақша аудармасын сұрайды)
4. Снежный ком.(Балаларға сөздерді жаттатып отырып, бір сөзден төрт сөзге дейін жаттатып, үйрету, лексиканы үйрету кезіндегі барлық тақырыптарда қолдануға келеді.)
5. Не жоқ? (Тақырыптар: «Үй жануарлары», «Жабайы жануарлар», «Киімдер» т. б.)
6. Кімнің дауысы? (Барлық тақырыптарға қолдануға келеді. Бір бала тақтаға шығып теріс қарап тұрады, мұғалім келесі бір баланы шақыртып жаңа тақырыптан бір сөзді айтуды сұрайды, бірінші бала кімнің дауысы екенің айтып және сол сөздің суретін көрсетеді)
7. Үстелде не жоқ? т. б. ( «Оқу құралдары», «Азық – түлік» т. б.)
Бұл ойындар балалардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан - жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі.
Сондықтан бағдарлама бойынша бекітілген оқыту үрдісінде ойын түрлерін сабақ үрдісінде үнемі пайдалнып отыру керек.
Оқу үрдісінде «Ойын түрлерін пайдалану біріншіден, балалардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады. Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді.
Нәтиже:
1. Әр баланың шығармашылығы артады.
2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады
3. Баланың жеке қабілеті анықталады
4. Бала топ жаруға ұмтылады.
5. Баланың ойлау қабілеті дамиды
6. Әр бала өз деңгейімен бағаланады.
Сонымен қатар, балалардың тілдерін дамыту үшін әр сабақта өлең – тақпақ, жұмбақ, мақал – мәтел, жаңылтпаш, сергіту сәттерін жиі пайдаланамыз. Және де сабақтан тыс «Тілашар», «Сөз мәнері» деген үйірмелер өткізіледі. Жоспар бойынша мерекелік
іс – шараларға өлеңдер, әндер жаттап, түрлі ойындар үйренеді. Бірақ, соның ішінде бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін – бұл ертегілер әлемі.
Ертегілер балаларды білгір, батыл, ойшыл, еңбекқор, өнерпаз болуына ықпал етеді. Ертегілер немесе шағын көріністер бойынша қойылым көрсету үшін алдымен жүйелі түрде дайындық жұмыстарын түсіндіреміз. Содан кейін балалар өздеріне ұнаған кейіпкерлерін таңдап алады. Сонда ғана әр балаға олардың сөздерін қайталатып, жатқа үйретеміз. Ал, ертегіні сахналаған кезде балалар өздерінің қалаған кейіпкерлерінің сөзін жатқа айта отырып, мінез – құлқын, іс – әрекетін көрсетуге тырысады. Ертегі арқылы баланы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге болады.
Ата – бабамыз қалдырған асыл мұраны қолданғанда біздің көздеген мақсатымыз – болашақ ұрпақты еңбекке, адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу, ойлау қабілеттерін дамыту.
Біздің міндетіміз – мемлекеттік тілдің мерейін үстем етіп, аясын кеңейтіп, мемлекеттік тілімізді өрге бастырып, тіл дәрежесін көтеру болып табылады.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Қызықты ағылшын тілі» вариативтік компоненті арқылы бала тілін ақпараттық  ...

«Қызықты ағылшын тілі» вариативтік компоненті арқылы бала тілін ақпараттық ...

«Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі -...
Тіл дамыту бағдарлама

Тіл дамыту бағдарлама

Мұғалімнен кейін қайталау арқылы сөздердің фонетикалық жағын меңгерту. Балалардың тыңдау зейінін қалыптастырып, сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру...
Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретудегі «PlayBus» жобасыны ...

Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретудегі «PlayBus» жобасыны ...

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №35 «Шұғыла бөбекжайы» ағылшын тілі мұғалімі Джармағамбетова Гульбану Темирханқызы...
Мектеп жасына дейінгі жалпы тіл кемістігі бар балалардың ойлау қабілетін ой ...

Мектеп жасына дейінгі жалпы тіл кемістігі бар балалардың ойлау қабілетін ой ...

№20" Алтын балық"мүмкіншіліктері шектелген балалар арналған балабақшасының логопеды Гаухар Дайрабаева Тлековна...
Ойын-оқушы білімін берік меңгерту құралы

Ойын-оқушы білімін берік меңгерту құралы

№ 25 гимназия Екібастұз қаласы Шаланова Гульмира Тлектесовна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×