Сайтқа кіру Тіркелу

Әрқашан күн сөнбесін!

Ертеңгілік іс - шара тақырыбы: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Мақсаты: Аналар мерекесіне арнап өлең, тақпақтарды аналармен бірге жатқа айтуға, әдемі би – билеуге, ән айтуға үйрету, өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу
1. Жүргізуші:
Қош келдіңіздер! Аяулы әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Әрқашан күн сөнбесін!» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

Құрметті: ата - аналар, бүлдіршіндер ертеңгілікті бастамас бұрын менің досымды таба алмай тұрмын маған кім көмек береді екен!
Ой, достар мынау Гүлханшайымның себеті ғой ол гүл теріп жүріп ұйықтап қалған екен, кәне гүлдерді теріп жинап берейікші.
Ойын: әр түсті гүлдерді себетке жинап, гүл ханшайымын ұйқыдан ояту.
1. Жүргізуші: Гүлханшайым досым көктем мезгілі келді ғой, сен ұйқыңнан оян аналар мерекесін тойлайық тұршы, сенің себетіңе гүл жинап қойдық!
2. Жүргізуші: Гүлханшайым неткен әдемі гүлдер, достар рахмет мені оятқандарыңа, Әлемде өзгермейтін 3 ақ зат бар, ол ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі екен кәне, олай болса аналарға арнап мерекемізді бастайық.
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.
1. Жүргізуші: «Халық аралық әйелдер» мерекесіне құттықтау сөз «Асанәлі» балабақшасының басшысына беріледі.

Бүлдіршіндердің орындауында ән: «Апам үшін күнде де»

2. Жүргізуші:
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағында қысылмай.
Тақпақтар:
Шоқан
Салтанат
Анам мені «күнім»дейді,
Жанымызды жайнатқан,
Мен қуансам күлім дейді.
Сіздерсіз ғой, аналар.
Зор денсаулық, мол бақыт,
Тілейміз біз балалар.
Аякөз
Жүсіп
Құтты болсын ақ мамам,
Қасымда бол ақ әжем,
Сегізінші наурызың.
Тілеймін тілек бір саған.
Досхан
Алтынай
Құшағына кіргенде,
Мама мереке, құтты болсын!
Жылынамын бір демде
Жания
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен!
Дариға
Асқар Інжу
Әлпештеген аялаған,
Ана - өмір жарығы,
Ақ сүт берген анашым.
Ана өмір бұлағы.
1. Жүргізуші:
Жанымызды жайнатқан,
Сіздерсіз ғой аналар,
Зор денсаулық мол, бақыт,
Тілейміз біз балалар.
Ағген мен Салтанаттың өнерін қабыл алыңыздар.
«Алма берсең жейсің бе?»
Би: «Саңырауқұлақ» Би жетекшісі: Бақтығалиқызы Айымгүл
Биші бүлдіршіндер: Дулат, Тамирлан, Дәурен, Досхан, Жания, Ағлен,
Салтанат, Бибімариям,

1. Жүргізуші:
Жарқын жүзді жан анам,
Сіздей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.
Аналар мерекесіне арнап әдемі тақпақтар арнаймыз.
Дулат
Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген анашым,
Тақпақ айтып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Бекзат
Ана өмір тірегі,
Ана өмір жүрегі.
Айкөркем
Алтын әжем ол менің,
Мені жақсы көреді.
Шахназ
Анашымның әлдиі,
Жүрегімде тұрады.
Ағлен
Жарқын жүзді жан – анам,
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.
Алпыс Інжу
Тентек болсам кешірген,
Ауырмашы ақ мамам.
Рустамбек
Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ мамам.
Дәурен
Шай қайнатып берейін,
Шекер салып жан әжем.
Нұрайна
Менің әжем әліде,
Ұқсамайды кәріге,
Шай қайнатып береді,
Біздің үйдің бәріне.
Бибімариям
Менің әжем бұл әжем,
Айтқан сөзім дәл әжем,
Аман болса көреді,
Қызығымды әлі әжем.

2. Жүргізуші: Гүлханшайымы
Еркелесем күнім дейтін,
Ұрысқаны білінбейтін,
Маңдайымнан иіскеп менің,
Құлыншағым күнім дейтін.
Би: «Әдемі гүлдер» Би жетекшісі: Бақтығалиқызы Айымгүл

Тақпақтар:
Аяулым Арайлым
Құтты болсын мереке! Анашым менің әдемі!
Бейбарыс Әдемі
Мерекеңе мен бүгін, Әлпештеген аялаған,
Гүлтеріп беремін. Ақ сүт берген анашым.

Өркен Ақнұр
Жақсы көрем күлкіңді, Менің мамам сүйкімді,
Айналайын ақ мамам. Бәрінен де жақсы адам.
Тамирлан
Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Еркеназ
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас үйеміз.

1. Жүргізуші: 8 - наурыз мерекесі құтты болсын!
Құрметтейік балалар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды,
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.

(Ата - аналармен ойын ортаға бес ананы шақыру.)
Ойын: « Біз доспыз»
Ата – аналар бір – бірімен достасады.
2. Жүргізуші: Гүлханшайымы
Ойын шарты: әр ұлттың әуені қосылады, билеп көрсету.
(ортаға қағазға жазылған қазақ, орыс, өзбек,)
«Асанәлі» балабақшасының әдіскеріне құттықтау сөз беріледі.
1. Жүргізуші: Ата - аналарды марапаттау
2. Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, аналар мерекесіне, бүлдіршіндерімізге арнап құтты сөз беріледі.
Ата - аналар төрайымы:

Гүлдер тобының «Әрқашан күн сөнбесін» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық! Бүлдіршіндердің қызығына тоймай жүре беріңіздер. Жұлдыз бен күндей өмірлеріңіз жарық болсын. Сау болыңыздар! Күніміз жарқын болсын!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын

Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын

Мақсаты: Балаларға 8 наурыз халықаралық мерекесі екенін ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге...
8 наурыз мерекесіне арналған сценарий

8 наурыз мерекесіне арналған сценарий

«Анамызды аялайық!» Мақсаты: Балаларға 8 наурыз халықаралық әйелдер күні екенін түсіндіру. Аналарын, әжелерін, апаларын, сіңлілерін сыйлауға, оларды...
Ана - өмірдің гүлі

Ана - өмірдің гүлі

Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Ана - өмірдің гүлі» Сабақтың мақсаты: 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күнімен аналарды құттықтау....
Аналар асыл қазынам

Аналар асыл қазынам

Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге...
8-наурыз

8-наурыз

ШҚО, Семей қаласы, Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 орта мектептің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Ибраева Жангуль Бауыржанқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×