Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Аққала»
Мақсаты: Балаларға шеңбер және сопақ пішіндерді алу үшін бұрыштарды дөңгелектеп кесуге, композицияны құруға үйретуді жалғастыру.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, сергіту сәті, қорытындылау.
Көрнекілік: қыс көрінісі суреттері, геометриялық дөңгелек пішіндер, үлгі, желім, қылқалам, бояулар.
- Балалар бүгінгі күн ерекше, өйткені біздің топқа қонақтар келді.
Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылды,
Көкке шуақ шашылды.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге тәрбиенің басы ғой.
Ал қанекей бәріміз, сәлем дейік үлкенге.
Балалар келген қонақтармен сәлемдеседі.
- Балалар, енді орындарыңа отырып, мына суретке қараңдаршы, далада қандай өзгерістер бар екен?(сурет бойынша жұмыс)
- Далада қар жауып тұр, айнала аппақ қар.
- Дұрыс олай болса мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешуін табыңдар.
Жұмбақтар:
Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. (қар)
Қырға сүйреп шығам, ойға мініп түсем. (шана)
Аяқтарым қалтырап, қос тай міндім жалтылдақ.
Шапса жауабын жазбайды, қолымда екі таяғым. (коньки)
Зырлаймын қардың үстімен, озамын атты кісіден. (шаңғы)
Тақпақтар:
Дария: Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жып - жылтыр боп жатады.
Тұрсынай: Аралайды бақшаны
Үзілмейді жақсы әні
Гүлденеді бақшалар
Жауса, жаусын ақша қар.
Бекет: Аппақ ұлпа қары бар
Қаңтардың өз сәні бар.
Әлішер: Бұрқыратқан ақ қарды
Көрдіңдер ме, ақ қарды.
Дауысы да тым өткемді
Борандатып өткенді.
Ғажайып сәт:
Топқа көңілді әуенмен Аққала кіреді.
Мен, Аққала, ақ бала
Келіп қалдым бақшаға
Екі көзім қап - қара
Көргің келсе сен қара.
Аққала: - Сәлематсыңдар ма, балалар!
Тәрбиеші: - Саламатсыз ба Аққала!
Аққала: - Бәрін тамаша болып өсіпсіңдер. Далаға қараңдаршы, қар жауып тұр, балалар далада ойнап жүр. Сендер білесіңдер ме, қыста қандай ойын бар?
Балалар: - Балалар шанамен сырғанайды, коньки, шаңғы тебеді, қардан аққала соғады.
Аққала сәл мұңайып: - Жоқ, қазір балалар аққала соғып ойнамайды.
- Сендер далада аққала көрдіңдер ме?
Балалар: - Жоқ.
Тәрбиеші: - Аққала, сен ренжіме біз саған балалармен бірге көп аққала жасап береміз, солай емес пе балалар?
Балалар: - Иә.
Аққала: - Мен қуаныштымын, балалар маған аққала жасап беретін болды.
- Балалар, біз аққала жасау үшін алдымен мына үлгіге қараймыз.
- Аққаланың денесі қандай геометриялық пішінге ұқсас?
- Дөңгелек.
- Балалар, аққала неше дөңгелектен тұрады, қане санайықшы.
- 1, 2, 3.
- Дұрыс айтасыңдар, ең үлкен дөңгелек – төменгі жағы, орташасы – кеудесі, кішкентайы – басы және 2 қолы, 2көзі, сәбізден – мұрны бар.
Балаларға аққаланы қалай жапсыру керектігін түсіндіру.
Сергіту сәті:
Қайда екен қолымыз
Оңымыз бен солымыз
Білеміз бе оны біз
Міне, оң мен солымыз
Міне алақай қолымыз
Қол соғайық бәріміз.
Балалар өз орындарына жайғасып, алдарындағы пішіндерді, желім, қайшы, қылқалам, қара және қызыл бояуларды пайдаланып жұмыстарын жасайды
Тәрбиеші: - Енді, Аққалаға арнап тақпақтар айтып берейік.
Құралай: Көше бойы омбы қар
Жиналамыз топтала
Демей бетім домбығар
Соғамыз біз аққала
Нұрсая: Марал, Зада мақтана
Соқтық дейді аққала
Мен қызықтап көріп ем
Аққала емес, ақ бала
Құралай: Көше бойы омбы қар
Жиналамыз топтала
Демей бетім домбығар
Соғамыз аққала
Аққала: - Ой, алақай, балалар рахмет сендерге мен енді жалғыз емеспін, достарым көбейді. маған арнап айтқан тақпақтарың үшін де рахмет.
Мен енді қайтайын, сау болыңдар.
Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру, жақсы жұмыс жасаған балаларды мақтап - мадақтау.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін сұрақ - жауап арқылы қорытындылау.
Аққала (Жапсыру)
- asilai
- 6 сәуір 2015
- 11916
- 0
- 0
Ілмек сөздер: шеңбер және сопақ пішіндерді қағаздан ою кесу
Ұқсас жаңалықтар:
Аққала
Мақсаты: Жыл мезгіліне тән ерекшеліктерді түсіндіру. Балаларға шеңбер және сопақ пішіндерді алу үшін бұрыштарды дөңгелектеп кесуге, композицияны...Қыс қызығы
Мақсаты: Сурет бойынша балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Балалардың сөздік қорын байыту. Бүлдіршіндердің қыс мезгілі, қысқы ойын...Қысқы ойын
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балалар бақшасы тәрбиеші: Қарымсақова Рабиға...Көңілді қыс
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындарға...Аққала бізде қонақта
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Искакова Кунсулу Төребейқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.