«Көңілді смешариктер»
(орыс тілі элементтерімен дене шынықтыру сабағынан танымдық - интеграциялық сабақ)
Білім беру саласы: Денсаулық, қатынас
Бөлімі: Дене шынықтыру, орыс тілі
Мақсаты: Балалармен ойын іс - әрекеті барысында, орыс тілін меңгеруіне ықпал жасау. Ойлау қабілеттерін дамыту, сабаққа деген қызығушылықтарын ояту, екі тілде түстерді ажыратып, санай білуге үйрету. Балалардың ой - өрісін дамыту.
Сабақтың барысы:
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
(балаларға ертеңгілік күлкі сыйлау)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Көңілді көңіл - күймен дене шынықтыру сабағын бастайық. Ең алдымен дене жаттығуларын орындап, шынығып алайық.
(Қара жорға әуенімен дене жаттығуын орындау)
Сұрақ - жауап:
- Балалар, сендердің «Көңілді смешариктер» еліне саяхатқа барғыларың келеме?
- иа
- Ендеше, саяхатқа бару үшін біздер екі тілде сөйлей білуіміз керек екен, содан соң ғана біздер «Көңілді смешариктер» еліне барып түрлі ойындар ойнап, кедергілерден өте аламыз
- Біздер екі тілді де меңгердік, «көңілді смешариктер» еліне барудан қорықпаймыз
- Ендеше, ұшаққа мініп саяхатқа аттанайық
(Балалар көздерін ашқанда түрлі - түсті шарлардың арасында тұрады)
1 - кезең
«Қанекей, санап көрейік»
Балалар шарларды қазақ содан соң орыс тілінде санайды
2 - кезең
«Менің сүйікті түсім қандай?»
Балалар түстерді ажыратады
3 - кезең
«Менің көңіл - күйім»
Шарларда бейнеленген көңіл - күйлерді бет бейнелерімен салады
4 - кезең
«Біз батырмыз, батылмыз»
Балаларға шарларды жарғызу
- Жарайсыңдар, балалар біздер «Көңілді смешариктер» еліндегі барлық тапсырманы орындадыңдар, енді өзіміздің балабақшамызға оралайық
Балалар көздерін ашқанда балабақшаға, дене шынықтыру сабағына оралады.
- Балалар енді сабағымызды аяқтайық, бір қатар бойымен сапқа тұрамыз, оңға бұрыламыз, сапты бұзбай өз тобымызға ораламыз.
«Көңілді смешариктер»
- ramuk_b
- 3 сәуір 2015
- 4245
- 0
- 0
Ілмек сөздер: дене шынықтыру сабағынан танымдық сабақ, балабақша жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
1 Сәуір - Күлкі күні
Мақсаты: а) Балаларға көңілді, көтеріңкі көңіл – күй сыйлау б) Ойын шарттарын түсініп ойнауға тәрбиелеу...Дене шынықтыру КТЖ. 1 сынып
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар 1 сынып, жылына 102 с, аптасына 3 cағат Дене шынықтыру пәні бойынша жоспар...Дене шынықтыру КТЖ. 2 сынып
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар 2 сынып, жылына 102 с, аптасына 3 cағат Дене шынықтыру пәні бойынша жоспар...Дене шынықтыру КТЖ. 5 сынып
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар 5 сынып, жылына 102 с, аптасына 3 cағат Дене шынықтыру пәні бойынша жоспар...Дене шынықтыру КТЖ. 7 сынып
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар 7 сынып, жылына 102 с, аптасына 3 cағат Дене шынықтыру пәні бойынша жоспар...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.