Ортаңғы топ
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер, түстер, көкөністер, жемістер туралы білімдерін нығайту. Аяқ қимылының үйлесімділігіне үйрету. Таныс ертегілерді еске түсіру. Тілін, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекіліктер: слайд, «Үйшік» ертегісі кейіпкерлерінің жапсырмалары, геометриялық пішіндер, есіктің макеті, гимнастикалық матрас, жылан - жол.
Кіріктіру: таным, қатынас, денсаулық.
Барысы: (әуен ойналады, балалар топқа музыка әуенімен кіреді).
Тәрбиеші: Саламатсыздар ма, балалар?
Балалар: Саламатсыз ба?
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізге қонаққа қуыршақ Көркем келді.
Қуыршақ: Сәлем, балалар!
Балалар: Сәлеметсің бе, Көркем!
Тәрбиеші: Қуыршақ, сен ойын ойнағанды ұнатасың ба?
Қуыршақ: Әрине, ұнатамын.
Тәрбиеші: Ал, балалар, сендер ше?
Балалар: Иә, ұнатамыз.
Тәрбиеші: Ендеше, балалар сендерді қуыршақ Көркеммен бірге саяхатқа шақырамын. Саяхатқа қалай барамыз.
Қуыршақ: Міне, мына жол біздерді саяхатқа шақырады.
Тәрбиеші: Балалар, адасып қалмау үшін бір - бірімізден қалмай, саппен жүрейік.(Алаңқайға келу).
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы біз қайда келдік?
Балалар: Алаңқайға.
Тәрбиеші: Орман шетіндегі алаңқайға. Нелер көріп тұрсыңдар?
Балалар: Көбелектер, гүлдер.
Қуыршақ: Ой, гүлдерді мен жақсы көремін.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Ендеше, балалар, гүлдердің хош иісін иіскейік. Таза ауамен дем алайық. Қараңдаршы, балалар, бізге тағы біреулер қарап тұрған сияқты. Қай ертегінің кейіпкерлерін көріп тұрсыңдар? («Үйшік» ертегісі)
«Орнын тап» ойыны. Шарты: Балалар «Үйшік» ертегісінің кейіпкерлері орындарынан адасып қалған сияқты. Біздер оларға көмектесейік. Ол үшін мына қақпақтағы кейіпкерлерді тауып, шелектерге жауып ретімен қояйық. (балалар кейіпкерлерді орналастырады). Жарайсыңдар! Балалар, қараңдаршы, алдымызда өзен бар екен. Қуыршақ Көркем, сен саяхатты немен жалғастырғың келеді?
Қуыршақ: Балалар, қайықпен барғым келеді.
Тәрбиеші: Балалар, бізге қайық керек болды, енді не істейміз? Қандай пішіндерді көріп тұрсыңдар?
Балалар: үшбұрыш, төртбұрыш, тік төртбұрыш.
- Ендеше осы пішіндерді пайдаланып, қайық құрастырайық.
(қайық құрастырады)
Тәрбиеші: Экранға назар аударайық. Қайығымыз әдемі болып шықты. Енді осы қайығымызбен судан жүзіп өтейік. Жарайсыңдар, балалар! Міне, біздер өзеннен де өттік. Балабақшамызға қайту үшін бау - бақшаның ішімен өтейік. Балалар, сендер жемістер мен көкөністерді жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: Олай болса, мен сендердің тапқырлықтарыңды тексергім келеді. Мен жемістер мен көкөністерді сипаттаймын, сендер қуыршақ Көркемге де білгендеріңді үйретіп жауабын тауып айтайық..
Енді мұқият тыңдаңдар.
1. Өзі домалақ,
Ала көйлегі бар.
Сырты қатты
Жесең тәтті. (қарбыз).
2. Қызғылт түсті,
Қоянның сүйікті асы. (сәбіз).
3. Өзі ащы,
Тамаққа салсаң дәмін келтіреді,
Ұрмай - соқпай жылатады. (пияз).
4. Қызыл, сары, жасыл домалақ,
Балалар оны ұнатады.
Балдай тәтті дәмі бар,
Тауып көр оны, балалар. (алма).
Тәрбиеші: Тапқыр екенсіңдер! Сендерге саяхат ұнады ма? (иә)
Қуыршақ: Балалар, менің үйге қайтатын уақытым болды. Сендермен ойнап көңілім көтеріліп қалды. Рахмет сендерге, келесі кездескенше сау болыңдар!
Тәрбиеші: Балалар, біз де қуыршақ Көркеммен қоштасып, жылылық сыйлайық. (Бүгінгі ойынға қатысқан балаларды мадақтау, қорытындылау.) Жаңа мен бау - бақшадан өткенде алма жинап алып едім, сендерге сыйға тартамын.
- Міне, балалар, біздер балабақшамызға да келдік. Қараңдаршы, балалар, балабақша есігі жабық тұрған сияқты. Енді не істейміз? (балалардың жауабы. есікті ашады) Сау болыңыздар!
Қуыршақ Көркеммен саяхат
- ramuk_b
- 27 қаңтар 2015
- 4793
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қуыршақ Көркеммен саяхат атты сабақ, геометриялық пішіндер, есіктің макеті
Ұқсас жаңалықтар:
Пішіндер бізде қонақта
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Тажібаева Клара Шайханқызы...Ойыншықтар бізде қонақта
№118 балабақша Төлепбекова А.А....Ертегілер еліне саяхат
Мақсаты: - ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту; - ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;...Кел ойнайықта ойлайық
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы "Асанәлі" бала бақшасының Тәрбиешісі: Ерішева Ардақ Асқарқызы...« Аяулы - анашым»
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі»КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С. Тақырыбы: Аяулы – анашым. Мақсаты: Жанұядағы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.