Сайтқа кіру Тіркелу

Әлемді әнімен тербеткен - ана!

Тақырыбы: «Әлемді әнімен тербеткен - ана!»
Мақсаты: 1. Тәрбиешілерді, ата - аналарды, балаларды мерекелерімен құттықтау;
2. Халқымыздың ата - бабадан келе жатқан асыл салты ананы құрметтеу, қыз баланы сыйлау т. б. үлгі өнеге, жасы үлкенді сыйлау, парасатты мейірімді болуға үйрету;
3. Бала бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық т. б. жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Зал мерекеге сәйкес безендірілген, қабырға газеттері, шарлар, гүлдер, ана туралы жазылған қанатты сөздер, техникалық құралдар.

Жоспар: 1. Өз орныңды тап
2. Таныстыру
3. Өз өнеріңді көрсет
4. Тығырықтан шығу
5. Ойлан, тап
6. Анам әзірлеген дастархан
7. Қорытынды

1 - жүргізуші: Армысыздар, ару қыздар, абзал ана,
Анаға тең келетін бар ма дана?
Мерекең бүгінгі күн құтты болсын,
Қуанышпен құшақтарға гүлдер толсын.

2 - жүргізуші: Құрметті аналар, тәрбиешілер, және бірінен - бірі тәтті біздің балапандарымыз, бүгінгі мерекелік кешке қош келдіңіздер! Мереке қарсаңында өткелі отырған «Әлемді әнімен тербеткен - ана!» атты аналар сайысына қатысушы аналарымызды ортаға шақырамыз. (Музыка ойналып тұрады ортаға аналар шығады)

1 - жүргізуші: Армысыздар қадірменді асыл халқым,
Арта берсін абыройың атақ - даңқың.
Қарсы алайық бүгінгі аналарды,
Ұстаған қазағымның ата - салтын.

2 - жүргізуші: Құрметті көрермендер! Сіздердің алдарыңызда бүгінгі сайысқа қатысушы аналар!

Сайыстың жастарына көз тимесін,
Аналарға ешқашан сөз тимесін.
Гулфайруз бен Сәндігул ән шырқаса,
Тоты мен Ырысгүл дөңгеленіп би билесін.

1 - жүргізуші: Құрметті сайысқа қатысушылар, сайысты бастамас бұрын сіздерді сайыстың әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып өтейін. (Қазылар алқасы таныстырылады )

2 - жүргізуші: Нешінші болып өнер көрсететіндеріңізді анықтау үшін жеребені аламыз, жеребедегі нөміріңіз бойынша бүгінгі сайысқа түсесіздер.

2 - жүргізуші: Өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейсіз.
Сайысқа келген аналар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз!
Аналарымыздың таныстыруына кезек береміз! (Аналар өздерін өнер
жолдарымен таныстырады )

1 - жүргізуші: Өнерлерің өрге жүзсін, жас ұрпағым,
Сарқылмасын бойларыңда таланттарың — деп аналарымыздың өнеріне кезек береміз; «Өз өнеріңді көрсет»
(Аналар би билеп, ән шырқап өз өнерлерін көрсетеді )

1 - жүргізуші: Ал аналар сайысқа қалайсыңдар?
Сендер өтер әлі де талай сын бар,
Тапсырма ал қоржыннан қысылмай кеп,
Жауап берсеңдер сұраққа, жарайсыңдар!
(Аналар ситуациялық сұрақтарға жауап береді)

Бақшамыздың балалары сіздерден қалыспайды
Өнерін көрсетуге ешқашан жалықпайды

Би: Өзбекше Айгөлек тобынан Дилназ билейді
Ән: Бесік жыры. Орындайтын Гүлім. (Айгөлек тобы)

1 - жүргізуші: Ал, халайық ықыласпен демейік,
Әділдікпен бағаларын берейік — деп қазылардан 3 бөлімнің бағасын сұраймыз!?

2 - жүргізуші: Ал келіңдер, келіңдер,
Бір - біріңе еріңдер
Білімдеріңді тексеріп
Бір таласып көріңдер — деп аналарымызды мақал - мәтелдердің жалғасын табуға шақырамыз!
(Мақал - мәтелдер айтылады)
Ана үйдегі бақ
Әке отыратын тақ
Анасыз бала ұйықтамайды
Қатықсыз айран ұйымайды
Анасын көріп қызын ал
Табағын көріп асын іш
Анаға қарап қыз өсер
Атаға қарап ұл өсер
Ана сүтін ақтамағанды
Ешкім жақтырмайды
Ана ақылды болса — үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы

1 - жүргізуші: «Өнер — адамның бойындағы қабілеттің ең биік көрінісі» -- деп орыс жазушысы Л. Толстой айтқандай Келесі кезекті «анам әзірлеген дастархан» бөліміне береміз. (Аналарымыз үйден дайындап келген тағамдарын көрсетіп жасалу жолын айтады)

Қазылар алқасы аналардың қорытынды бағасын қорытындылап болғанша балаларымыз «Әжем жатыр ұйықтап» өлеңін айтып береді.

Би: Қазақша. Ағлен, Гүлімнің орындауында

1 - жүргізуші: Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.

2 - жүргізуші: Аналар – әрқашан үлкен тірек,
Бұл өмірде бірлескен біздің тілек.
Шын көңілден құттықтаймыз мерекемен,
Алғысқа бөлене бер деп тілейді біздің жүрек!
1 - жүргізуші: Гүлден ұрық шашылса, гүл тарайды әлемге - деп Сәбит
Мұқанов айтқанындай аналар, жеңгелер гүл болып шешек
атса, аруларымыз гүл болып әлемге шашылары анық.
Құрметті аналарымыз жеңістеріңіз құтты болсын!!!
Сау болыңыздар!!!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×