Сайтқа кіру Тіркелу

Мектепке дейінгі жастағы балалардың қатысымдық құзырлылықтарын қалыптастыру

Мектеп дейінгі жаста коммуникативті құзырлығының дамуында маңызды өзгеріс болады. Оның араласу шеңбері кеңейеді. Ересектерден бөлек ол өз құрдастарымен араласа бастайды. Басқа балалардың да өзі сияқты екенін көреді. Ол мұны бұрын байқамады, көрмеді деген емес, бірақ құрдастарын түсіну ерекше қасиет – саналылықты қалыптастырады.
А. Н. Леонтьевтің сөзі бойынша дәл осы жаста адами қасиеті қалыптасады.

Баланы қарым - қатынасқа түсуге жетелейтін негізгі 3 қажеттілік:
Әсер ету; Белсенді іс - әрекет; Мойындау мен қолдау:

Қарым - қатынасқа қабілеттілік қамтиды:
• Қоршаған ортамен қарым - қатынасқа түсуге деген қалауы “Мен қалаймын”
• Қарым - қатынасты ұйымдастыру білігі “Мен жасай аламын”
• Басқаларды тыңдау, шиеленісті жағдайларды шешу “Мен білемін”

Балалардың балабақшаға бейімделу кезінде олардың көпшілігі ашушаң, ызақор, өте белсенді, эмоциясын ұстай алмайтын немесе ұялшақ, өзіне деген бағасы төмен, сөздік қоры аз, құрдастарымен қарым - қатынас жасай алмайтындығын байқадым. Осы балаларды зерттей келе ойындар картотекасын жасап, жұмыстар жүргіздім. Бұл ойындар 4 блоктан тұрады.

1 - блок балалардың бір - бірімен жақын болуына бағытталған ойында
«Кел, танысайық!»
Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы өз атын, жақсы қасиетін айтады
«Шеңберге кір».
Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала сыртта тұрады. Ол шеңберді бұзып шеңберге кіру керек.
«Қалпақтар».
Барлық қатысушыларға таяқшалар және түрлі - түсті қалпақтар беріледі. Қатысушылар таяқшаның көмегімен қалпақтарды келесі адамға беріп «Саламатсыз ба! Менің атым.....» дейді. Келесі адам «Танысқаныма қуаныштымын» деп жауап береді. Қалпақты қолмен ұстауға болмайды.
2 - блок балалардың эмоциясын дамытуға бағытталған ойындар
«Рөлдік гимнастика»,
Балалар сәби, ата, аю, түлкі сияқты жүру керек.
«Эмоциямызды жаттықтырамыз».
Балаларға әртүрлі тапсырмалар беріледі. Олар орындау керек. Мыс; қу түлкі, күзгі бұлт сияқты немесе зұлым сиқыршы сияқты қабағыңды түй. т. б.
3 - блок әлеуметтік қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ойындар
«Ойлан да бейнеле».
«Ғажайып кәмпиттер».
Балаларға қораптың ішінде не бар екені сұралады. Кәмпиттерді жеген соң сиқыршыға айналатынын айтады. Барлық адамдарға олар қуанатындай тілек айту керек.
4 - блок өзіндік “Мен” ұғымын қалыптастыруға бағытталған ойындар
«Комплимент».
Балалар бір - біріне қарап тұрып көршісіне жақсы тілек, мақтау сөз айтады да қағаз шамды береді. Бастысы қайталамау керек.
«Мақтаулы моншақтар».
Балалар үстелде отырып досының жақсы қасиетін айтып бір моншақты жіпке тізеді. Келесі бала жалғастырады.
«Біздер доспыз».
Балалар шеңберге тұрып шарды жоғары көтеріп достарын айтады. Барлық шарларын қосып біздер бәріміз доспыз деп айтады.
Коммуникативті әрекетті дамытуда жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша балалар мейірімді, тату, өздеріне сенімді бола түсті. Өзара ойнап араларындағы жағдайларды өз бетінше шешуге үйренді.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Актер деген кім?

Актер деген кім?

Мақсаты: актер туралы түсінік беру, сөздік қорын, сөйлеу мəдениетін, ойлау қабілетін дамыту, ым - ишараларды қолданып кейіпкердің бейнесін жасауды...
Дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балаларға қарапайым математикалық түс ...

Дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балаларға қарапайым математикалық түс ...

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, № 14 «Қарлығаш» б/б тәрбиешісі Умирзахова Айхан Култаевна...
Логикалық және математикалық ойындар арқылы мектепке дейінгі балалардың лог ...

Логикалық және математикалық ойындар арқылы мектепке дейінгі балалардың лог ...

Балалардың кәсіби дайындық деңгейін көтеру, тәрбиешілердің дамыту тәжірибесі арқылы, белсенді қарым - қатынас жүргізу....
Бала тілін ойын арқылы дамыту

Бала тілін ойын арқылы дамыту

Баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтанда оның мәні ерекше. Жас баланың өмірді тану, еңбекке танысы, психологиялық...
Ынтымағы жарасқан отбасы

Ынтымағы жарасқан отбасы

Пән: Көркем әдебиет Сынып: МАД тобы Мерзімі: 16 – қараша Мұғалім: Жиенбаева Л.Ш....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×