Мақсаты: Ойын, ән, биді қабылдауын, қызығушылығын дамыту. Музыкалық бейнені бере білуге үйрету. Ертегі кейіпкерлерін жандандыра білуге үйрету.
Аспапта ырғақты соға білуге талпындыру.
Көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлері (қуыршақтар), қапшық, атрибуттар, сылдырмақтар.
Мотивация: Балаларды ертегілер еліне саяхатқа шақыру
ҰОІӘ жоспары:
1. Балалардың залға кіруі.
2. Жаттығу «Табиғат аясына саяхат»
3. Тыныс алу жаттығуы
4.«Қояндар биі»
5.«Балақан» Ө. Байділдаев
6. Қимылды ойын «Аюдың апанында»
7. Аспапта ырғақтар соғу
Жаттығу «Табиғат аясына саяхат»
(Сыбдыр естіледі.)- Балалар, тынышталайық! Бұл не сыбдыр? (Конверт қыстырылған қапшық тауып алады.) Қапшықты ашамыз ба? (Иа!) Ендеше жұмбақтың шешуін табыңдар.«Өзі дөңгелек сары, Дәмі сондай тәтті.»
Қаптың аузын ашып бауырсақты көрсетеді. Бұл не балалар? (Бауырсақ)
Балалар, сендер «Бауырсақ» ертегісін білесіңдер ме?(Иа!) Ендеше ертегіні бәріміз айтайық.
Ертеде әже мен ата болыпты. Бір күні ата әжеден бауырсақ пісіруін сұрапты. Әжесі қапшықтың түбін қағып - қағып бауырсақ пісіріпті. Оны суытып терезенің алдына қойыпты. Терезе алдында жатқан бауырсақ іші пысып орманға қарай домалай жөнеліпті.
Балалар, ертегіні айтып отырғанда тек тыңдап қана қоймай қимылдар жасап, ән салып, би билейік.
- Бауырсақ домалап келе жатып ормандағы алаңқайға тап болды. Бауырсақ айналаға мұқият қарап әдемі гүлдерді көрді. Ол гүлдерді иіскегісі келді.
Тыныс алу жаттығуы «Гүлді иіскейміз»
- Бауырсақ домалап келе жатып нені кезіктірді?
- Қоянды кезіктірді.- Бауырсақ, мен сені жеймін!
Бауырсақ: Мені жеме. Мен сен сияқты епті әрі жеңіл би билеп беремін.
- Балалар, қояндар қалай жүреді, құлақтары қандай болады? (Балалардың жауаптары)
«Қояндар» биі.
- Қоян бауырсаққа риза болады. Ол әрі қарай домалай жөнеледі. Алдынан не кездеседі? (қасқыр)
Қасқыр:- Бауырсақ, мен сені жеймін!
Бауырсақ:- Мені жеме, мен саған ән салып беремін.
- Балалар, қасқырға ән айтып берейік.
«Балақан» Ө. Байділдаев
- Қасқыр риза болып бауырсақты жемейді. Одан әрі домалап келе жатса алдынан не шығады?(аю)
Аю:- Бауырсақ, мен, сені жеймін!
Бауырсақ: Мені жеме, сенімен ойын ойнаймын.
Қимылды ойын «Аюдың апанында»
Аю да бауырсақты босатады. Домалап келе жатса алдынан не кезікті?(түлкі)
Түлкі: Бауырсақ, мен сені жеймін!
Бауырсақ: Мені жеме, мен саған ән салып беремін
Түлкі: Жоқ, маған мына аспапта қалай ойнауды үйретсең жіберемін
Бауырсақ: Балалар маған көмектесіңдер, мына аспапта қалай ойнайтынын көрсетіңдерші.
«Балақан» әнінің қайырмасын сылдырмақпен ойнау.
Түлкі бауырсаққа рахмет айтып кетеді.
Ертегі кейіпкерлерін орысша атауын қайталау.
- Бауырсақ балаларға рахмет айтып, бауырсақ беріп қоштасады.
Бауырсақ кетті домалап
- nurila
- 1 қазан 2014
- 19506
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бауырсақ жайлы ертегі
Ұқсас жаңалықтар:
«Бауырсақ» ертегісі
Мақсаты: Балаларға көркем шығарманы тыңдауға, оның мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берулерін қорытындылап бекіту; олардың сөздік қорларын ұлғайту;...Ертегіде қонақта (ертегі бойынша әңгімелеуге дайындау)
Балаларға ертегі мазмұнын айтуға, сахналауға үйрету. «Қ» дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру арқылы «қ» дыбысының айтылуын меңгерту....Бауырсақ қалай бағдаршаммен дос болды
Ертеде Атай мен Әжей болыпты. Бір күні атай әжейден бауырсақ пісіруін сұрапты. Әжесі қапшықтың түбін қағып-қағып бауырсақ пісіріпті. Оны суытайын деп...Дәмді бауырсақ
Слайдтағы суреттер бойынша ертегілерді еске түсіріп, тұзды қамырдан бауырсақтың қалай жасалатынын түсіндіру. Мүсіндеу әдіс - тәсілдерін пайдалану..."Алтын күз"
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі»КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.