Сайтқа кіру Тіркелу

Қасқыр мен жеті лақ /тіл ұстартуға арналған ертеңгілік сценариі/

«Қасқыр мен жеті лақ»
/тіл ұстартуға арналған ертеңгілік сценариі, орыс халық ертегісінің желісі бойынша /

Ертеңгіліктің мақсаты: Көркем әдеби шығарма негізінде балалардың сөйлеу тілін ұстарту, байланыстырып сөйлеуін дамыту, дыбыстық мәдениетін жетілдіру. Сөздік қорын молайта отырып, ертегі қойылымын сахналауға қатынасып, бала бойындағы актерлік шеберлікті шыңдау, өнер сүйгіштікке тәрбиелеу.

Ертеңгіліктің көрнекілігі: Саз залы орман көрінісімен бейнеленген, интерактивті тақтадан орман, күздің сұлу табиғаты, ешкі үйі бейнеленген суреттер көрсетіледі.

І - көрініс
Орман көрнісі /слайд түрінде/

Автор: Ерте, ерте, ертеде қалың орманның ішінде ешкі жеті лағымен тату - тәтті өмір сүріпті./ Ешкі лақтарымен орманда серуендеп, келе жатады/
Ешкі:- Лақтарым, шырақтарым айналаға қараңдаршы,
- Табиғат қандай тамаша!
- Ауа қандай тап - таза!
«Тыныс алу жаттығулары»
Тренинг:
- Армысың, алтын күн!
- Армысың, туған жер!
- Армысың, жасыл орман!
Ешкі лақтарымен таңертеңгілік жаттығу жасайды.

Логоритмика «Өс, Ұлан!»
Сау болсын десең,
Он екі мүшең -
Ерте тұр!
Құлақ түр,
Тыңда сыр.
Жапырақтар жырлар,
Гүлдер сыбырлар
Күн нұрын күт!
Таза ауа жұт -
Бойыңа құт.
Жүгір,
Селмен жарысып.
Жүгір,
Желмен жарысып.
Нұрға сылан,
Болып қыран
Өс, ұлан!
Автор: Ешкі үйге лақтарымен келеді.
Ешкі: Лақтарым, шырақтарым,
Көлге біткен құрақтарым.
Мен сендерге орманнан
Шүйгін шөп, әкелейін.
- Лақтарым, сендер мен келгенше бақшадағы сәбіздерді жинап, үйге кіргізіп қойыңдар.
Жауын жауып кетуі мүмкін.

Автор: Ешкі орманға кетеді. Лақтар сәбіз жинауға кіріседі.

«Сәбіз жинау» ұсақ - қол моторикасына арналған жаттығу.
1 лақ: - Лақтар жүріңдер, кіріңдер үйге. Жауын жауғалы жатыр.
2 лақ: - Есікті мұқият кілттеп қояйық..
Автор: /Осы кезде есік соғылып қасқыр келеді/
Қасқыр: - Лақталым, шылақталым,
Көлге біткен құлақталым.
Мен сенделге олманнан
Шүйгін шөп әкелдім.
Лақтар: /бәрі қасқырға шулап күледі/
3 лақ: - Сен біздің анамыз емессің.
4 лақ: - Біз саған есік ашпаймыз.
Қасқыр: /түсініксіз кейіппен/
- Бұлал мені қалай біліп қойды?
- Бәлібіл сенделді жеп қоямын. / Кетіп қалады/
ІІ - бөлім
Автор: Ешкі орманда келе жатып қоянды кезіктіреді. Қоян көжектерімен орманда серуендеп жүреді.
Қоян: - Қайшы құлақ қоянмын,
Ақшыл түске бояндым.
Сытыр еткен бұтақтан,
Елең етіп ояндым.

Ешкі:- Амансың ба қоян?
Қоян:- Сәлеметсіз бе, ешкі ана!
Ешкі – Менің үйім мына жерде жақын, көжектеріңмен бірге қонаққа жүр.
Қоян: - Жарайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×