Сайтқа кіру Тіркелу

Қазба байлықтар

Балалар, қане қонақтармен амандасайық! Бүгін мен сендерге жұмбақтар жасырамын ал сендер шешеуін табасыңдар? Және бұл заттармен сендерді таныстырамын. Ал олай болса бірінші жұмбақтын шешуі табайық?
1 - Жұмбақ
Қара батпақ, қара батпақ Жанады от қып жақсақ Алады елдің бәрі Қайғы улап жайды. Алтынға көп қып сатсақ (Мұнай)
Слайдтан мұнай алынатын заводтарды, одан өндірілетін заттарды көрсету.
"Мұнай"-(персия тілінен нефт - тұтанатын жанғыш зат) Мұнай әр түрлі жағармай алынатын қара түсті сұйық, табиғи шикі зат. Ол автомобильдер мен ұшақтарға, пароходтарға мен тепловоздарға трактор мен комбайындарға электр станциялары мен заводтарға қажет. Олардың қозғалтқыштары пештері мен оттықтары бензинмен, мазутпен жұмыс жасайды олар мұнайдан алынады. Мұнай өндіретін адамды мұнайшы дейді, ал балалар сендер мұнай туралы не білесіңдер?
авторы: Жарковтің "Нефтіні білгің келе ме?"
Т. Жаннұр: Нефті - жердің бұлағы, Нефті - жердің құнары Нефті - өмірдің шырағы Нефті - қайрақ қайратқан Нефті - деген немене Нефті - күші тасқын күш Нефті - өмірді жайнатқан Нефті - күші асқан күш
авторы: Құмар Жүсіповтің "Мұнай"
Саят: Зауытта фабрикада сүйеді май
Жүйіткіген машинаның жүрегі май
Жанған шам жағылған пеш, мұнай күш
Көкте бұлт теңізде тіледі май
Авторы: Асқар Тоқмағамбетовтің "Мұнай бер"үзінді

Аяулым: Қоян, Жота, Ақтөбе Құлсары, Құба, Қосшағыл Жолдыбай, Сағыс, Байшонай Доссор, Мақат, Екене
Сендерден Отан сұрайды ел
Ол тілегі мұнай бер.
Жанерке:
Біз мұнайшы маманбыз.
Байлығына ел аланбыз
Жерге бұрғы саламыз
Мұнай көзін аламыз
2 - Жұмбақ
Қара жер адамзатқа болған мекен Қазына іші толған әр түрлі кен Ішінде жүз мың түрлі асы бар Солардың ең артығы не екен. (Темір)
"Темір"тақырыбында слайд көрсету. Өндіретін заводтарды тұрмыста қандай пайдасы бар екенін көрсету.
- Жер қыртысында 70ке жуық темір түрлері кездеседі. Металл бұйымдар күнделікті өмірде жиі қолданылады. Олар темір шеге, жез, самаурын, қасық, т. б. Тіпті ұшақтың өзі әр түрлі темірден жасалған. Ал сол темірді өңдейтін адамды металлург - деп атайды. Балалар ағзамызда 3грамм темір бар. Ол қанға қызыл түс беріп тұрады, ал сол темір ағзамызда азайып кетсе басымыз айналып тез шаршайтын боламыз. Олай болса темір туралы не білесіңдер?
Рамазан:
Шарлап аспан әлемін
Жұлдыздарға бет алған
Ракета дегенің
Жасалады темірден
Алихан:
Қысқыштан бастап – ақ
Балта, балға қашауда
Самолетке қос қанат
Темір керек жасауға
Инабат:
Басы толы бағанның
Тоқ жүретін сым – темір
Жазып журген қаламның
Ұшында да тұр темір
Ж. Амина:
Сынық темір жиятын
Болса оқушы балалар
Балқытатын құятын
Металлург аға бар.
Мақалдар:
- Көптің аузы - темір талқы ( Жанерке)
- Темірші көміршіге үйір (Рамазан )
- Темірді қызған кезде соқ (Алихан)
- Темірдің бір басы ыстық, бір басы суық(Инабат)
- Темір кессең қысқа кес, ұзартуын оңай(Алихан)
- Болған іске темірдей берік бол.(Ж. Амина)
3 - Жұмбақ
Су астында жұмыртқа ағарар, Ұсақ мейлі, ірі мейлі, Мәңгілік шірімейді.(Тас)
"Тас"- таудың үгітіндісі. Тас біздің табиғатымыздың бір бөлшегі. Балалар бордың өзі тас онымен тақтаға ол теңіз өсімдігінің қабыршақтарынан құралады онымен үйді ақтағанда да пайдаланады. Олай болса тәжірибе жасайық.
1 - Тәжірибе: "Түсімен пішінін аңықтау"
Балалар қолдарына тастарды алыңыздар қане әрқайсымыз қолымыздағы тасты сипаттайық
Балалар шешімі: Тастар түсімен қалпына қарай әр түрлі болады.
2 - Тәжірибе:"Көлемін аңықтау"
Тастардың ішінен үлкенін орташа кішкентай ең кішкентайын көрсетеді. Сонымен не шештік.
Балалар шешімі: Тастар әртүрлі көлемде болады.
3 - Тәжірибе:"Сыртқы жағын аңықтау"
Балалар осының ішінен тегіс және бұдырмақты көрсетіңдер.
Балалар шешімі: Тастар тегіс және бұдырмақты болады.
4 - Тәжірибе:"Тастар неге бұдырмақты болады?"
Лупамен қарап онда дөңес шұңқыр дақ өрнектер бар.
Балалар шешімі: Шұңқырлар, дақтар және басқа да өрнектер тасты бұдырмақ қылып тұр.
5 - Тәжірибе:"Тастың жүзгіштігің бақылау."
Судың ішіне тасты салып судың ішіне батып кетеді, ал пароллон судың бетінде
Балалар шешімі: тас пароллоннан ауыр, пароллон жүзеді, өйткені ол жеңіл.
6 - Тәжірибе:
Судың ішінен тасты салып, пароллонмен салыстырады.
Балалар шешімі: Тас болған тарелкеде су қалды пароллон тұрған тарелкеде су жоқ. Себебі: Тас су сіңірмейді, ал пароллон су сіңіреді.
--- Жарайсыңдар балалар біз бүгін көп білдік. Мұнай, Тас, Темір бұл затты біз білеміз ба?
Олай болса ойын ойнайық. Біз бұны білеміз ба?."
Шарты: Тас, темір, мұнайдан өңделген заттарды тауып ажырату.
Қорытындылау. Осы ойын арқылы біз тас, темір, мұнай туралы білдік. Олай болса қонақтармен қоштасайық.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Қазба байлықтар, мұнай
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×