Сайтқа кіру Тіркелу

Пияз отырғызу

Білім саласы: Таным. Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Экология негіздері.
Тақырыбы: «Пияз отырғызу»
Мақсаты: Пияздың түрлерімен таныстыру, оларды отырғызудың және себудің, күтіп баптаудың жолдарын көрсете отырып, пиязды өсіруге, оларды күтіп - баптауға талпындыру. Зерттеу, тәжірибе жасап, күнделік толтырып, нәтижеге қол жеткізе білуге тәрбиелеп, балалардың қызығушылығын арттыру.
Көрнекіліктері: Пияздың түрлері мен өсу жолдары бейнеленген слайдты көрсету.
Қажетті құрал - жабдықтар: пияздың тұқымы, пияздың өсіндісі, алжапқыш, жұмыс қолғап.
Алдын ала жасалатын жұмыстар: Слайдты көріп танысу.
Әдіс - тәсілдер: Сөздік, көрнекілік, практикалық.
Ә/к.
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Баланың іс - әрекеті

Балаларды шаттық шеңберге шақыру.
Бір шаңырақ астында,
Тату - тәті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
- Бәрекелді, тамаша! Енді біріміз орнымызға барып жайғасып отырайық.

Осы мезгілде есік қағылады.
- Бұл кім екен?
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- Сәлеметсіз бе атай.
- Балалар, мен «шалқан» ертегісіндегі атаймын мен сендерге қонаққа келдім. Сендер мені танисыңдар ма?
Мен сендерге сиқырлы қорапша әкелдім. Бұның ішінде не бар деп ойлайсыңдар? Қане барлығымыз ойланайықшы.
Ол жанды табиғатқа жатады.
- Оны біздер күнделікті пайдаланамыз. Ол көкөністер тобына жатады. Оны пісіріп те, пісірмей де жейміз. Оны тамақтың барлық түріне пайдаланамыз. Оның түсі сары, әрі бірнеше қабаттан тұрады.

Ол туралы мынандай жұмбақ та бар.
Ұрмай - соқпай жылатады,
Әркім бірақ ұнатады. Ол не?
Әрине, ол - пияз.
- Жұмбақта не үшін ұрмай - соқпай жылатады делінген?

Балалар сендер білесіңдер мен егін еккенді жақсы көремін. Сонымен қатар менің ертегімде үлкен шалқанды өсіріп қызығына бөленгенімді де білесіңдер.
Сондықтан мен бүгін сендермен бірге пияз отырғызғым келіп тұр. Сендер келісесіңдер ме?
Балалар пиязды екпес бұрын сендер мына слайдқа қараңдаршы. Мұнда мен сендерге пияз туралы, пияздың қандай түрлері болатындығы туралы және оны қалай егіп, күтіп - баптауға болатындығы туралы көрсетуге тырыстым. Ендеше барлығымыз қарайық..

Міне балалар, пияздың бірнеше түрі болады екен.
Мысалы, жыл сайын тамырланып өздігінен өсе беретін көпжылдық түрлері бар, олардың жер бетіндегі бөлігі тамаққа пайдаланылады. Бұдан пияздар тұқым арқылы (тұқымын көрсету) өседі. Сол сияқты көшеті арқылы өсетін пияздар болады. Олар домалақ пішінде болады, қысқа сабақтан және оған тығыз, біріне - бірі қысыла орналасқан етті қабықтардан тұрады.
Пияздың сырт келбетін қараңдаршы, үш бөліктен тұрады екен: Жапырағы, дәнегі, тамыры.
- Пияз көкөніске жата ма, әлде жеміске жата ма?
- Ол бақшада өсе ме, әлде бақта өсе ме?
- Пияздың қалай өсіп - өнетінін көргендерің бар ма? Пияз қалай өседі?
- Пиязды өсіру үшін не керек?
- Дұрыс айтасыңдар кез - келген өсімдіктің өсуіне қажетті топырақ, су, жарық керек екен. Пияздың да басқа өсімдіктердегі сияқты тамыры, жапырағы болады.
- Кім айтады, пияздың қай жақ бөлігін топыраққа отырғызамыз, тамыры бар жағын ба, әлде жоғарғы жағын ба?

- Қазір біз пиязды отырғызамыз. Алдымен алжапқыштарыңды тағыңдар, қолдарыңа жұмыс қолғабын киіңдер. Сендер бірінші алдарыңда тұрған пиязды алып, қараңдар, пияздың жоғарғы жағында кішкентай жасыл өскін болады, сол өскінді жоғары қаратамыз.

Ал топыраққа отырғызатын жағын қалай білеміз?
Балаларға пиязды қалай отырғызу керектігін көрсету.

- Міне, балалар, пиязды отырғыздық, енді пияз өсу үшін не істейміз?
Жарайсыңдар, балалар, енді бізде тағы бір топырақ салынған жәшік пен пияздың тұқымдары қалды. Мен сендерге тұқымнан өніп шығатын пияздың түрі бар екендігін айтқан болатынмын. Қазір сол тұқымды топыраққа себеміз.
Қалай ойлайсыңдар, пияз тұқым арқылы тез өсіп шыға ма, әлде отырғызған пияз тез өсе ме?
Балалардың берген жауабына қарай толықтырулар енгізіп, түсінік береді және екі жәшіктегі пиязды да күтіп - баптап, олардың өсуіне бақылау жасаймыз.
Балалар енді пиязымызды отырғыздық енді оған күнделік толтырып, бақылап отырамыз. Келісесіңдер ме балала?
Сергіту жаттығуы:
Терезені ашайық,
Таза ауа кірсін деп.
Жаттығуды жасайық,
Денем мықты болсын деп.

- Енді балалар мен тағыда басқа балабақшаларға баруым керек, сендер бүгінгі сабағымызға түсіндіңдер ме?
- Ендеше бүгін пиязды отырғызудағы түсінгендеріңді апайларыңмен бірігіп дәптерге орындаңдар.
- Ал сау болыңдар, көріскенше.

Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.

Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрау. Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріне түсіріп сұрақтар қоя отырып пысықтайды.
Балалар шаттық шеңберін құрып, өлеңді қайталап, қимылдар жасайды.

- Танимыз
- Ойыншық.
- Қарындаш т. б. заттардың атын айта бастайды.
- Гүл, шөп.
- Алма, алмұрт т. б.
- Сәбіз.
- Картоп.
- Орамжапырақ.
- Пияз.

- Өйткені пиязды қабыршағынан аршығанда, турағанда көзіңнен жас шығады.

- Ия.

Балалар слайдты тыныш отырып, мұқият қарайды.

- Пияз көкөніске жатады.
- Бақшада өседі.
Балалар тәжірибелеріне сүйеніп жауап береді.
- Топырақ, су, жарық, жылу керек.
- Тамыры бар жағын.
Балалар пиязды алып аударыстырып қарап, жасыл өскіні мен топыраққа отырғызатын жағын тауып алады.

- Тамырынан білеміз.
Балалар тәрбиешінің жасаған әрекетін қайталайды.
Балалар жауап беруге тырысады.
(су құямыз, жарыққа қоямыз т. б.)
- Балалар өз ойларын айтады.
- Ия атай келісеміз.
Балалар жаттығуды қимыл - қозғалыстармен орындайды.
- Ия, түсіндік.
Дәптерге берілген тапсырманы орындайды.
Іс - әрекеттегі көңіл күйлерін дәптерге таңбаларға белгілейді. Қойылған
Күтілетін нәтиже:

Біледі: пияздың да басқа өсімдіктердегі сияқты тамыры, жапырағы болатындығын, олардың
тұқым және көшет арқылы көбейтетіндігін, бақшада өсетіндігін, көкөніс тобына
жататындығын, өсуі үшін су, топырақ, жарықтың қажеттілігін.
Игереді: пияздың әртүрлі болатындығын, сортына қарай тәтті, жартылай ащы, ащы болатындығын, пияздың тұрмыста, медицинада қолданылуын, оларды өсіру үшін
су, топырақ, жарық және күтім керектігін, бақшада өсетіндігін.
Меңгереді: өсімдікті отырғызудың және себудің қарапайым түрін; күтіп - баптауды, пиязды
отырғызу барысында құралдарды ұқыпты пайдалануды.

К ү н д е л і к
Қыркүйек айы
І аптасында – Балаларға пияз туралы түсінік беру. Слайд бойынша таныстыру. Ата - аналардың көмегімен сабаққа керекті заттарды (ыдысын, топырағын, тұқым, өсінділер) дайындап алдық. Ыдысқа өсіндіні ектік, суардық.

ІІ аптасында – Суарып, түбін түптеп, күтіп, бапталады. Өсуін, күн сәулесінің түсуін қадағалау.
ІІІ аптасында - Суарып, түбін түптеп, күтіп, бапталады. Өсуін, күн сәулесінің түсуін қадағалау.
ІҮ аптасында – Бір ай бойына өскен нәтижесін көріп, ата - аналармен бірлесе тамашалау, балалар өз жұмыстарын ата – аналарына мақтанышпен таныстырады. Балалар мадақталады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×