Сайтқа кіру Тіркелу

Мамандығым - мақтанышым

Тақырыбы: Мамандығым – мақтанышым!
Мақсаты: Тәрбиешінің қиын да қызықты жұмысын насихаттап, педагогикалық ізденістерін, өнерін ортаға салу

Барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті апайлар!
Әр адамның қалыптасуына тәрбиеші ерекше орын алады. Балғындар үшін тәрбиешілердің орны тіптен де бөлек. Міне, осы тәрбиешінің қиын да қызықты жұмысын насихаттап, педагогикалық ізденістерін, өнерін ортаға салу мақсатында ұйымдастырылған «Мамандығым мақтанышым» атты сайысымызға қош келдіңіздер.
Олай болса сайыскерлерімізге құрмет көрсетіп ортаға шақырайық.
(тәрбиешілер ортаға шығады)

- Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, тәрбиеші қымбатты.
Тәрбиешілер сайысы 4 бөлімнен тұрады.
1. Өзін - өзі таныстыру.
2. Өнер алды – қызыл тіл.
3. Педагогикалық мәселе.
4. Портфолио.
- Ақ көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп.
Шаршамай еш жалықпай,
Айтқанына көндік деп -
Әділ қазылар алқасын сайлап алған жөн болар. Тәрбиешілеріміздің біліміне, өнеріне, тапқырлығына бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар: санаториялық бөбекжайдың меңгерушісі Қ. Байжан, тәрбиеші Р. Күзербаева, әуез жетекшісі Қ. Ермақанова
Көп сөйлеп жөн жобадан аспайық біз.
Қандай сайыс болса да қашпайық біз,
Ал, енді халқым, рұқсат етіңіздер.
«Мамандығым мақтанышым» сайысын бастайық біз.
Сайысқа қатысатын тәрбиешілер өз реттілігін сақтау үшін қоржыннан жеребе алады.
Сайыскерлерге сәттілік тілеп, жанкүйерлер атынан музыкалық сәлем жолдаймыз.
ІІ кіші топ тәрбиешісі Саринова Аманкүлдің орындауында «Ұстазым» әні.
Жүргізуші: Жалын болып жанайық,
Әсем әнге салайық.
Сайыскерлер күтіп тұр,
Солармен бір танысып алайық! – деп, сайысымыздың І - кезеңін бастайық.
(Сайысқа түсуші тәрбиешілер, сайыстың шарты бойынша өздерін таныстырады)

№1. Ерімбет Эльмира.
Сәлем бердім, тойға келген ағайын,
Ағайынға басымды иіп алайын.
Құтты болсын Тәуелсіздік күніміз,
Көргеніміз той боп өтсін ылайым.

Бала біздің бақытымыз бөбегім,
Қандай ана жеп көреді бөбегін.
Мамандығым тәрбиеші болады,
Тәрбиелеп балаларды келемін.

Келген жерім Текетабын руы,
Мен боламын отбасының жылуы.
Эльмира атым ошақтының қызымын,
Жан жолдасым Өмірбектің сұлуы.

№2 Ақмырзаева Жадыра.
Білім қуып көрдім өмір қызығын,
Табын ата, Барлыбайдың ізімін.
Атым Жадыра, жайнап өскен көктемдей,
Елге сыйлы Барысбайдың қызымын.

Ел тынысын жүрегіммен ұғамын,
Мерейі үстем мамандығым мұғалім.
Балабақша «Қарлығаштың» тобында,
Абыройлы алғы шепте тұрамын.

Әрбір күннен жақсылықты тосамын,
Анам – Ұрқия, жырға қосар осы әнім.
Төрт балаға ана болдым өзім де,
Жайсаң жігіт – Жеңісбектей қосағым.

Жастайымнан берік болдым намысқа,
Бақ сынадым талай – талай жарыста.
Мамандық пен жұмысымды паш етіп,
Келдім мен де бүгінгі осы сайысқа.

№3 Байжанова Қарлығаш
Өзім алтын, тегім Байжан,
Тайбағардың қызымын.
Есімім менің Қарлығаш,
Алда өмір қызығым.
Келіп тұрмын осында,
Баршаңызға, бақ тілеп.
Тәрбиеші болып істеймін,
Ботакөзде мен деген.
Балабақша жұмысым,
Жақсартсам деп тер төгем.
Меңгеруші болады,
Байжанқызы Құрманкүл.
Жол көрсеткен біздерге,
Қалған жаста мен енді.
Бөбектерге аянбай,
Сарқып бергім келеді.
Жан күйерім, келген мына халыққа,
Сәлем бердім ізетпен.
Бәріңізге жалпыға.

№4 Куспаева Мира
Ар тұтып ата баба даналығын,
Арман ғып аңсап өскен елдің гүлін.
Ибрагим қызы болам, атым Мира,
Кіші жүз ішіндегі Тамасының.

Ботакөз балабақша аты мәлім,
Балалар шырқап бақыт әнін.
Қашаннан тәрбиеші мамандығым,
Тілеймін балалардың амандығын.

№5 Бохаева Айнұр
Тәлім алып тарихтың әр бетінен,
Тірлігі жарасқан тек дәулетімен.
Айнұрмын Бохаева Мақсұтқызы,
Тараған Киікші Кете әулетінен.

Тілеумен бөбектердің амандығын,
Тәрбиеші менің мамандығым.
Біздерге кең жол ашқан білім беріп,
Елбасы қамқор болған заман бүгін.

Жүргізуші: Көрейік тамашалап көрермендер,
Көрсетсін сайыскерлер өз өнерін – дей келе ІІ бөлімге кезек береміз. (ІІ - бөлімде тәрбиешілер ән шырқап, би билеп өз өнерлерін ортаға салады).
Білім аққан селдей - ді,
Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл – ойға кел дейді.
Сайыскерлер сіздерге, қол соғамыз бәріміз!

ІІІ – бөлім: Педагогикалық тығырықтан шығу бөлімі.

№1. Ерімбет Эльмира.
Баланың намысына тиетін «оңбаған, тәрбиесіз» деген қатты – қатты сөз айтсаңыз, келесі күні ата - анасы келіп ренішін білдіреді. Ата – анаға берер жауабыңыз?
Жауабы: тәрбиеші ата - ананың ренішін тыңдап, ондай сөз айтпағанымды дәлелдеп өзімді ақтап шығамын.

№2. Ақмырзаева Жадыра
Баланы сенің қолыңнан келмейді, кедергі жасама теледидар көр, демал деп шеттететін ата – анаға не айтар едіңіз?
Жауабы: тәрбиеші бұл дұрыс емес дер едім. «Бала тәрбиесі – бесіктен» дейді дана халқымыз. Баланы жасынан іске үйретпеу, еңбекке баулымау – ол ата - ананың балаға жасаған жақсылығы емес, керсінше оның болашағына жасаған қылмыс деп білемін.

№3. Байжанова Қарлығаш
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін өтейін деп жатырсыз, балалар шуылдап мазасызданады. Не істейсіз?
Жауабы: Сол кезде тәрбиеші сендерге қызықты болу үшін алдымен ойын ойнайықшы. Онда қазір «Үндемес» ойынын ойнайық деп бұл ойынның шарты бойынша тыныш қана отыруымыз керек деп тығырықтан шығады.

№4. Куспаева Мира
Меңгеруші «тез келсін» деп шақырады. Жүгіріп кірсеңіз ашуланып тұрған меңгеруші сіз мүлде ұқпайтын бір оқиға туралы сізге ұрса жөнелді. Не істейсіз?
Жауабы: Тәрбиеші меңгеруші апай айтып болғанша шыдамдылық танытып, содан кейін оқиға туралы өз ойымды айтамын.

№5. Бохаева Айнұр
Екі бала ойыншыққа таласып қалды. Сіздің іс - әрекетініңіз?
Жауабы: Тәрбиеші ойыншықты алып, балалардың кезектесіп ойнауын келістіремін.

ІҮ. бөлім: Портфолио. Тәрбиешілер өздері дайындаған шығармашылық жұмыс портфолиосын көрсетеді.

Жүргізуші: Нағыз тапқыр тәрбиеші,
Нағыз бұлбұл тәрбиеші.
Нағыз өнерлі тәрбиеші,
Нағыз шығармашыл тәрбиеші – деп, ортаға барлық тәрбиешілерді шақырамыз.
Қорытынды: Құрметті апайлар, балалар өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған тәрбиешілер сайысы да өз мәресіне жетті. Бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау, әділ - қазыларға сөз кезегін береміз. (әділ - қазылар өз тілектерін білдірген соң, марапаттау рәсімі басталды).
«Үздік тәрбиеші» номинациясы бойынша І кіші топ тәрбиешісі Бохаева Айнұр, «Шығармашыл тәрбиеші» Ерімбет Эльмира, «Жан – жақты тәрбиеші» Куспаева Мира, «Ізденімпаз тәрбиеші» Байжанова Қарлығаш, «Өнерлі тәрбиеші» Ақмырзаева Жадыралар осы номинациялар бойынша марапатталды.

Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістерден тұратын,
Өмір күрес жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңдім деп ренжімеген,
Қатысуда бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын – дей отырып әрқашан сыналған шақта сүрінбей қадамдарыңызға нұр жаусын! – деп, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×