Мақсаты: Білімділік: Айналадағы заттардың орналасуын алдында, артында, оң жақта, сол жақта, нешінші сұрақтарға жауап бере білуге дағдыландыру. Дамытушылық: Балалардың танымдық қабілеттерін арттыру, сөздік қарым - қатынастарын молайту. Белсенділіктерін, ой - қиялдарын жинақтау қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік: Алған білімдерін жүйелі түрде көрсете білу, ұқыптылыққа, мақсатқа жете білуге, өз ойларын жеткізе білуге машықтандыру.
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, әңгімелету, сергіту сәті, ойын.
Көрнекіліктері: үлестірмелі құралдар, сандар, суреттер, тақта.
Оқу іс - әрекетін ұйымдастыру:
Шаттық шеңбері Армысың, қайырымды Аспан - ата, Армысың, мейірімді Жер - ана. Армысың, шұғылалы Нұрлы - күн, Армысыздар, құрметті апайлар.
Балалар көңіл күйлерің қалай? Өте жақсы.
- Есіктен Тапқышбек кіреді, қолында конверт.
- Саламатсың ба, сіз кім боласыз?
- Мен Тапқышбекпін! Сәлематсыздар ма! мен математика патшалығынан келдім. Мына конвертте тапсырмалар бар. Соған жауап берсеңдер, мен сендерге сыйлық беремін. Келістік па?(Келістік) - Тапқышбек, сіз біздің балалардың сабағын тыңдаңыз. (Тапқышбек орындыққа отырады)- Олай болса балалар, Тапқышбектің тапсырмаларын шешейік.
1. Санамақ айту
Бір дегенім – білім, Білімсіз жоқ - күнің. Екі деген – елім, Далам, тауым, көгім. Үш дегенім – үміт, Үміт аптар жігіт. Төрт дегенім – төзім, Төзе білем өзім. Бес дегенім – – бесік, Шықтық содан өсіп, Алты деген – ақыл, Тыңдағаның мақұл. Жеті деген – жалау, Жүректегі алау. Сегіз деген – сөзің, Серт беретін кезің. Тоғыз деген – тоқтау, Елдің жоғын жоқтау. Он дегенім – Отан, Қорға оны, ботам!
2 Тапсырма: «Қанша, болса сонша» мақсаты: кез - келген санды айтады, балалар сонша зат көрсетеді.- Жарайсыңдар Балалар! Тапқышбектің екінші тапсырмасында орындадық.
3 Тапсырма:-«Шалқан» ертегісі қалай басталады? Балалар естеріңе түсіреді. Ата, одан кейін әже, қыз, ит, мысық, тышқан тартады. - Балалар ретімен кейіпкерлерді қояды. - Балалар ата нешінші тұр? бірінші - әже нешінші тұр? екінші - Қыз нешінші? үшінші - Ит нешінші? төртінші - Мысық нешінші? бесінші - Тышқан нешінші?– алтыншы
Сергіту сәті: Ормандағы аю, қонжық, Ұялардан бал іздеді. Мойындарын оңға бұрды, Мойындарын солға бұрды, Орман ішін аралады. Оңға бір, солға бір, Ағаштарды шайқап көрді. Аяқтарын көтеріп ап, Қуанғаннан билей берді.
Д\о: «Кеңістікті бағдарла» мақсаты: Суреттегі заттардың орналасқан орнын айту, төмен, жоғары биік, аласа сөздерін қолдану. Еске сақтау қабілетін арттыру.
- Балалар бүгінгі сабақта Тапқышбектің тапсырмасын орындадыңдар. Сабаққа жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар!
Күтілетін нәтиже: Білу: Сандардың реттік орнын анықтай біледі, тура, кері санайды.
Игеру: Кеңістіктегі заттардың орнын бағдарлай білуді игерді.
Меңгерді: Өз беттерімен іс - әрекет жасай алады.
Оң жақта, сол жақта
- usenov2009
- 29 мам 2014
- 42313
- 0
- 0
Ілмек сөздер: оң, сол жақ, нешінші, санамақ, кеңістік
Ұқсас жаңалықтар:

Есептеу машығын арттыру
Степногорскі қаласы, №2 Ақсу орта мектебі. Бастауыш сынып оқытушысы: Мырзабекова Ұ. Т....
Нешінші?
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Садыкова Т. С....
Бала тілі - бал
Білім беру саласы: Таным Оқу іс – әрекетінің түрі: Қарапайым математика. Мақсаты: Балалар 0 - 5 дейінгі сандарды тура, кері санау, жұбын табу, апта...
1-10-ға дейінгі сандарды қайталау
Мақсаты: Сандарды білуге, кері санай алуға, заттың санын білуге, математикалық тапсырмаларды дербес шеше білуге, логикалық ойлау қабілетін дамытуға...
7 санының құрамы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сапақкөл орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Бисенгалиева Шаттык Жумаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.