Жүргізуші:
От жалыннан таралған
Отан біздің атамыз.
Жауды жеңіп оралған
Отанымызға ағамыз.
Ерлігіне бар адам
Таңдай қағып тамсанып.
Омырауға қадаған
Ордендері қаншама.
Айтқан сайын жақсы аға
Әңгімеге тоймаймыз.
Біздер бүгін бақшаға,
Жеңіс күнін тойлаймыз.
Барлық айдан шырайлы,
Мамыр дейді бұл айды.
Жасыңда кәріңде
Бәріне де ұнайды.
Бейбіт күннің тұрағы,
Отанымыз қырағы.
Сол себепті – бүгін де
Көктем болып тұр әні - деп көктемдей құлпырған, гүлдей жайнап өсіп келе жатқан Ересектер тобы бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Аңсат: Жеңіс келді далама,
Женіс келді ән болып.
Жеңіс келді қалама,
Келді ауылға сән көрік.
Әліби: Әлияны бұл күнде,
Барлық бала біледі.
Әлия атты - көңілде
Әпкеміз деп жүреді
Атын аңыз, жыр қылып,
Елдің батыр түлегі.
Әр жүректе тұр күліп.
Айдын: Отан үшін от кешкен
Өліммен де беттескен
Омырауын оқ тескен,
Менің атам – майдангер.
Сүйеу: Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем.
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем.
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған.
Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.
Жаным менің, кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Отан, Отан
Бәрінен биік екен
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Данияр: Оны көрсең
Сәлем берсең
Бас киімді ал - дағы.
Қастерлейді
Оны кәрі жолдағы.
Балдақты адам
Бөккен қанға
Зор майданда.
Оқ бораған, жай атқан
Сенің үшін
Айрылған ол аяқтан.
Ерлігіне, ісіне
Балдақты адам
Ардақты адам
Барлық – барлық кісіге.
Іңкәр: Мәншүк атыс толасында
Жүр орманның арасында
«Мені ал, мені ал»- деп алуан гүл
Қолында оның таласуда.
Тығылып гүл омырауға
Сұрағандай жанға сауға
Ант еткендей тұрды Мәншүк
Гүлді жауға таптатпауға.
Жанбота: Өр тұлғалы, келбетті
Қошқарбаев Рақымжан
Сын сағатта ерлепті
Ел сүйсінген батыржан
Арпалысып ел күнде
Аңсап талай жыл күткен
Жеңіс күні Берлинде
Рейхстакқа ту тіккен!
Міне, Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 76 жыл да өтіпті. 9 - мамыр сол кездегі Кеңес халқының ержүректіліктерімен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн.
Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған - туыстарына, жақын - жарандарына, туған жеріне оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіреді. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. 4 жыл бойы күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, Осы келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Ешқашанда Жауынгер ерлігімен жеңісті ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз - болашақ ұрпақты Отан сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Міне енді, ортамыздағы өшпес мәңгілік отқа қарап, осы сұраныс соғыста ерлік көрсетіп, қаза тапқан батыр аталарымыз бен аналарымызды еске алу үшін құрметпен 1 минут үнсіздік жариялайық.
Қара бұлтқа оранбасын күн көкте
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте
Отанымыздың бақыты үшін мерт болған
Батырларды еске ұста, құрметте.
Ән. Хор: « Отанымды қорғаймын»
Әли: Ойлап - ойлап тұрдым көп
Сауал бердім білгім кеп;
- Қуанышты мереке
Жеңіс күні қай күн деп
Атамнан да сұрадым,
Әкемнен де сұрадым
Ағамнан да сұрадым
Апамнан да сұрадым
Тост бәрі құлағын,
Дұрыс, десті - сұрағын
Бейбіт күнін бәрі де
Жеңіс күні шырағың.
Ерасыл: Зұлым жаудың ниеті
Москваны құлатпақ
Қызыл алаң тасында
Жын ойнағын ойнамақ.
Нұрасыл: Жеңілмейді Астана
Берілуге болмайды
Артымызда Москва
Шегінуге болмайды.
Алмас: Көп қой батыр ағалар
Халық сүйіп бағалар
Көп қой батыр ағалар
Жаттап алар балалар.
Дәулет: Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді далама!
Жеңіс келді әке боп
Елдігі боп балаға.
Нұрайна: Жеңіс келді ән болып
Келді ауылға сән болып.
Жеңіс келді, алақай
Тоя жейтін нан болып.
Ару: Арылтып жаудан жеріңді
Табанға шаншып өлімді
Жеңіспен желпіп өмірді
Оралды ерлер көңілді
Десеңдер бұл қай күн
9 - шы Май күні.
Би «Солдатский вальс»
Күн нөсерін төгейік
Жырдан моншақ өрейік
Көңілденіп біз енді
Смуглянка биіне кезек берейік.
Би.»Смуглянка»
Жүргізуші:
Мың жылда бір ақ көрінетін, сыры да, сезімі де терең, тұңғиық дана тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр. Әйтпесе де Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі, Қуаныш пен Әлкей білімі, Дінмұхамедтің парасаты бүгінгі ұрпаққа өнеге.
Балалар, сендерде үлкен ер азамат болып өскенде Отанын қорғайтын, адамгершілігі мол, елін жерін сүйетін үлкен азамат болып өсетіндеріңізге біз сенеміз. Отан алдындағы азаматтық борышты ақтайды, деп үлкен үміт артамыз.
Елімізде, жерімізде
Бүгін үлкен мереке
Болашақтың тыныштығын қорғайды
Жас ұландар бүгінде.
Ән. Хор: «День Победы»
Әлкей: Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз
Отанды
Жас, кәріде
Туған жер деп сүйеміз
Өйткені онда бәрімізде
Туып, өмір сүреміз.
Шынасыл: Отанды әркім анасындай
Қастерлейді бағалап
Өйткені, Отан баласындай
Бізді өсірер аялап.
Отан деген - атамекен
Отан деген - туған жер
Отан - ана
Отан - үлкен
Қазақстан - туған ел!
Гүлнұр: Отан - жерім, Отан суым
Отан қуат, нәр береді
Отан - ұран, Отан - туым
Отан мәңгі гүлденеді.
Көктем бізге тыныштық
Көктем бізге ырыс құт.
Адамдардың тілегі
Мәңгі болып
Саят: Күн көзінен арайлы
Нұрлы шуақ тарайды.
Әр ауылға, әр үйге ол
Жеңіс болып қарайды.
Аян: Бүгінгі еліміздің қырмызымыз
Арайлы болашақтың ұл - қызымыз
Арасын жер мен көктің жалғайтұғын
Қанатты жарқыраған жұлдызымыз.
Бекзат: Отан біздің папамыз
Аман жүрсін анамыз
Нұрлы күн сөнбесін.
Бақытты болып жанамыз.
Жарық біздің санамыз
Қара бұлт төнбесін.
Жүргізуші:
Алаулап гүл жарады
Туған жер құлпырады.
Бейбітшілік болса
Балалар болады аман
Аналар болады аман,
Бейбітшілік болса!
Ән. « Қайдасыңдар қаруластар»
Алтынгүл: Әлпештеп ерді, аялап жерді
Бабадан қалған байырғы.
Сарбаздың сапта қатары мықты
Қадамы құтты, қайырлы.
Асылжан: Оттай лаулап жанамыз
Өседі ой - санамыз.
Қорықпайтын ержүрек
Біз азамат боламыз.
Зарина: Шүйінші, халқым, шүйінші
Шүйіншіге сүйінші
Шаттан, ата - анамыз
Шаттан, аға - бабамыз
Кек қайтарып фашистен
Соғыс бітті Жеңіспен
Жеңдік жауды күресте
Жасасын той мереке.
Жүргізуші: Арылтып жаудан жеріңді
Табанға шаншып өлімді
Жеңіспен желпіп өмірді
Оралды ерлер көңілді
Десеңдер бұл қай күні
9 - шы Май күні.
Осымен біздің «Жеңіс күніне» арналған «Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етем» атты ертеңгілігіміз аяқтала келді. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Жеңіс күні құтты болсын. Болашақ бүлдіршін сарбаздарымыз аман болсын!
Ән. Хор: «Менің Қазақстаным».
ІІ - бөлім
Ардагерлер саябағына балаларды апару.
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы,
№15 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі
Изтелеуова Ардақ Оразбекқызы
Азамат боп мен ертең, Отаныма қызмет етемін!
- Ardok86
- 27 сәуір 2021
- 12621
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Азамат боп мен ертең, Отаныма қызмет етемін, сценарий жеңіс күні
Ұқсас жаңалықтар:
Отан туралы
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем....Отан туралы
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем....Желбіре, Жеңіс жалауы!
Мақсаты: Балалардың бойына жеңісті дәріптей отырып, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру. Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен...«Жеңіс күнімен, Ардагер!» тәрбие сағаты
Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды...Ер есімі - ел есінде
Мақсаты: Балаларды ҰОС батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы ерліктерімен таныстырып, отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.