Білім беру саласы: «Денсаулық»
Оқу іс – әрекет түрі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Гимнастика
Мақсаты:
а) гимнастикалық қабырғаға өрмелеп шығуды үйрету;
ә) шашыраңқы жүріп, жүгіруге жаттықтыру;
б) күштілік ептілік икемділік қасиеттерін дамыту;
Қолданылатын құрал саймандар: гимнастика төсеніш, гимнастикалық скамейка, гимнастикалық қабырға.
Мотивациялық – қозғаушы
Балалар әдемі әуен ырғағымен шеңберге тұрады.
Шеңбер бойымен жүру, қолға арналған жаттығулар жасап жүру – алдыға, жан - жаққа, белге, иыққа – шынтақты әр жаққа 5 реттен айналдыру. Қол жоғарыда аяқтың ұшымен – «күнге созыламыз», өкшемен – «балапандар»; балапандар өсті, қораздар тәрізді тізені жоғары көтеріп жүреміз. Жүру, дем алу жаттығулары, 3 саптізбек құру.
Ұйымдастырушы - ізденуші:
1. Басқа арналған жаттығулар
1. Алға
2. Бастапқы қалыпқа келу
3. Артқа ию
4. Бастапқы қалыпқа келу (2 - рет)
2. Иыққа арналған жаттығулар
1. Оң иықты көтеру.
2. Бастапқы қалып
3. Сол иықты көтеру
4. Бастапқы қалыпқа келу (2 рет)
3. Қолға арналған жаттығулар
1. Қолды алға созу
2. Жоғары созу
3 Жанға созу
4 Бастапқы қалыпқа келу (2 рет)
4. Белге арналған жаттығулар
1. Оңға иілу
2. Бастапқы қалыпқа келу
3. Солға иілу
4. Бастапқы қалыпқа келу
5. Аяққа арналған жаттығулар
1. Аяқты қосу
2. Тізені бүгу
3. Бастапқы қалыпқа келу
Негізгі қимылдар:
1. Гимнастикалық скамейкадан секіру;
2. Гимнастикалық төсеніште алға домалау.
3. Гимнастикалық қабырғада мініп - түсу. Жаттығуларын жасату.
Қимылды ойын: «Балапандар»
Ойыншылар үш топқа бөлінеді. Әрбір топта – отырған тауық және оның балапандары бар. Таңдап алынған үш лашын құстар балапандарға алақандармен тигізуі қажет, содан кейін ойыннан қуып шығылады. Отырған тауық өз балапандарын қорғайды. Шабуыл кезінде балапандарын қорғаған тауықтың қолы лашынға тисе, ой ойыннан шығып қалады.
Рефлексивті – коррекциялаушы:
Сап тізбекте бір - бірден жүру, дем алу жаттығулары, нүктелі массаж
Ойынды қорыта келе: сендерге не ұнады?
Не қиын болды? – деп балалардан сұрау.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: гимнастикалық скамейкадан секіруді, гимнастикалық қабырғада мініп - түсуді;
Машықтандыру: гимнастикалық орындық үстінде еңбектеуге;
Гимнастика
- asilai
- 5 мам 2014
- 56498
- 0
- 100
Ілмек сөздер: дене шынықтыру, гимнастикалық жаттығулар
Ұқсас жаңалықтар:
Гимнастикалық орындық
Гимнастикалық орындық үстінде аяқты аяқтың алдына қойып жүруді үйрету Он, сол аяқпен кезек, кезек секіруге жаттықтыру....Гимнастикалық жаттығулар
А) Гимнастикалық қабырғада жасалатын жаттығуларды жетілдіру. Ә) Акробатикалық тепе-теңдік жаттығуларын дамыта үйрету....Дене шынықтыру сабағынан қысқа мерзімді жоспарлар
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақұдық орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Ескиндиров Адлет Болатович...Гимнастикалық төсеніште алға және артқа домалап, жауырынға тұру
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Файзуллин...Қызықты аңдар
Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы.«Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі Гүлжазира Махмутова Сиражеденқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.