«Үй құрамыз»
Мақсаты: Дене бітімін дұрыс қалыптастыру; ұзындыққа орыннан секіруге, заттардан аттап жүруге жаттықтыру; жануарларға деген қамқоршылық сезімін арттыру
Құралдар: Әр балаға екі кірпіштен, 6 үлкен кубиктер, 3 ойыншық қояндар, кірпіштен жасалған үйшік
Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивация - қозғаушы Шеңберге тұрып, бір - бірімен сәлемдесу. Үйшіктің жанында отырған қоянға қарауға ұсыныс жасайды Балалар спортзалға кіріп, шеңберге тұрады. Бір - бірін құшақтап қарсы алады.
Іздену - ұйымдастыру Қоянана шаршады
Үй құруды да қойды
Көмектесеміз бе?
Қолға кірпішті аламыз,
Құрылысқа барамыз (жай жүру)
Біз жүреміз, жүреміз,
Жолдан тура өтеміз
Аяқты биік көтеріп
Көрсетеміз әдемілеп (тізені биік көтеріп жүру)
Алдымызда көпір тұр,
Одан өту ғажап бір (тақтайдың үстімен жүру)
Жүгіреміз ақырын
Жүреміз бір шақырым (аяқтың ұшымен жүгіру)
Басты төмен түсірмейміз
Тыныс алып серпілеміз
Ж. Ж. Ж. (кірпішпен)
Жаттығудың бір мезгілде аяқталуына мән беру, санауды қарау.
1. «Кірпіштер мықты ма?»- Б. қ.- аяқты сәл ашық, қол дене көлемінде. Қолды жоғары көтеріп, кірпішті бір - біріне соғу
2. «Кірпіштер жылтыр ма?» - Б. қ.- аяқ иық көлемінде, қолды артқа қою. Еңкейіп, қолды алға созып көрсету
3. «Кірпіштер қатты ма?»- Б. қ.- арқамен жатып, қолды жоғары көтеру. Аяқты бүгіп кірпіштермен тізені соғу
4. «Кірпіштер әдемі ме?»- Б. қ. – ішпен жату, қол иық көлемінде. Аяқты еденнен алмай, қолды жоғары көтеру
5. Секіру. Б. қ. – кірпіштерді еденге қойып, аяқты бірге ұстап айнала секіру
Қояндарға барамыз,
Құрылысты жалғастырамыз
Қ. Н. Т.
Міне, алда шұңқыр тұр
Өте алам деп бала тұр ( екі жол арасынан секіру, арақашықтығы 30 - 40см)
Міне, кірпіш айнала
Біз аттаймыз оп - оңай!(Кубиктерді аттап жүру)
Алдымызда көк шөп,
Секіреміз бір топ!
Саусақ жаттығуы «Қояндар» (көрсетіп түсіндіру)
Секіреді сұр қоян
Биік - биік ағаштан,
Келеді тағы қоян
Басқа үлкен ағаштан
Тыныс алу жаттығуы «Құлақтар» (дұрыс тыныс алуларын бақылау)
Құлақтар бәрін тыңдайды
Балаларды, аңдарды
(Басты оңға еңкейтіп - терең демалу, солға еңкейтіп - демді қалыпты шығару. Иықты қозғалтпай, құлақты иыққа тигізу. Басты бұрған уақытта денені бұрмауын қадағалау.
А/о: «Сұр қоян жуынады»
Сұр қоян тұрады
Бетін жуады
Шашын тарайды
Айнаға қарайды
Сосын отырады
ойынның ережесін естеріне салу.
Балалардың жауабы
Қолдарына кірпіш алады
Тәрбиешінің берілген тапсырмасын орындайды. Бір іс - әрекеттен екінші іс - әрекетке көшеді, белгі бойынша.
Жаттығуларды орындап, бағытты қадағалап, демді, қозғалысты дұрыс ұстайды.
ЖЖЖ орындайды: Денені дұрыс ұстайды, басты төмен еңкейтпейді.
Кірпіштерді үйшіктің жанына қойып тамашалайды
Педагогтың көрсетуімен тыныс алу жаттығуын орындайды.
Мәтінге байланысты қимылдарды көрсетеді
Жетекші - жөндеуші Құрылысқа бардық,
Қоянмен ойнадық!
Бірге атқарған жұмыстарына алғыс білдіру. Қоянмен қоштасады. Сұрақтаға жауап береді
Қоштасып, залдан бір - бірден шығады.
Күтілетін нәтиже:
- Білу қажет: денені шынықтыру керектігін түсіну
- Қалыптасқан түсінік: Жүру, жүгіру әдістерін білу, жаттығудың пайдасын білу.
- Орындаушылық қабілеті: Шеңберде өз орнын таба білуді, бір бағытта жүгіруді
Үй құрамыз
- Алуа Анешовна
- 11 сәуір 2014
- 7766
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бала-бақша, дене шынықтыру, орта топпен жұмыс
Ұқсас жаңалықтар:
Таза ауадағы қимыл-қозғалыс ойындары
Жүру: Аяқтың үшімен, өкшемен, Аяқтың ішкі, сыртқы жағымен. Отырып, жартылай отырып жүру....Гимнастикалық орындық
Гимнастикалық орындық үстінде аяқты аяқтың алдына қойып жүруді үйрету Он, сол аяқпен кезек, кезек секіруге жаттықтыру....Қоянмен серуенге барамыз
Алуа Анешовна...Ағаш аттан секіру
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ешманов Нұрлыбек...Гимнастикалық төсеніште алға және артқа домалап, жауырынға тұру
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Файзуллин...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.