Өту барысы:
Тәрбиеші: Тәуелсіздік - бастауы бар бақыттың
Тәуелсіздік - ұлтың менен ұраның
Шартарапта шаттығындай азаттық
Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн
Көк байрағы, Елтаңбасы, бірлігі
Шалқи берсін Әнұраны қазақтың
Әнұран орындалады.
Тәрбиеші: Ата - бабамыз армандаған тәуелсіз күннің атқанына, міне бүгінде 23 жыл толып отыр. Ендеше осы ұлы мерекеге арналған «Бар береке Қазақстан жерінде» атты мерекелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі ҚР тәуелсіздік алғанмерекесі құтты болсын дей отырып құттықмтау сөз кезегін балабақша меңгерушісі Абауова Зоя апайға береміз.
Тәрбиеші:
Тәуелсіздік бізге оңай тимеді
Асау аттай өз тізгінін бермеді
Қазағымның алтын басын иілтіп
Талай дұшпан төріміздге өрледі
Тәуелсіздік бізге оңай тимеді
Жұртым менің не қиындық көрмеді
Жылап тұрып аналарым бұл жолда
Сан перзентін қара жерге жерледі.
Бақыт құсы әр адамға қонып бір
О, тәңірім бізді баққа жолықтыр
Бүгін міне тәуелсіздік ағайын
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.
Хор: «Көк тудың желбірегені»
Тәрбиеші: - Балалар, бүгінде тәуелсіз еліміз өркениетті 50 елдің қатарымен тереземізді теңестірсек дегеналдына мақсатқойып отыр. Аспанымыз ашық, еліміз аман болса ол мақсатқа да жетеміз деп сенеміз. Сол болашақтың тірегі мына бүлдіршіндер сендерсіңдер. Ендеше мерекеге арнаған тартуларыңды ортаға сала қойыңдар.
Ақниет: Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын деп тілеймін!
Бабалардың ғасыр бойы арманы
Өткені мен келешегін жалғады
Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың
Егемендік, тәуелсіздік алғалы.
Дәулетияр: Менің Отаным Қазақстан, мен тақпағымды Отаныма арнаймын.
Отаным, жерім, ауылым
Әкешім, ана, бауырым
Отанның сүйем құм тасын
Сүйемін қарын жауынын
Отаным – елім, кең далам
Құстары биік самғаған
Мен сенің Отан бір балаң
Қорғауға өзін арнаған.
Тәрбиеші: Бүгінгі тәуелсіздігіміз кешегі желтоқсан оқиғасымен тығыз байланысты. Еліміздің тәуелсіздігі жолында Қ. Рысқұлбеков, Л. Асанова, Е. Сыпатаев сияқты қазақ жастары құрбан болды. Осы құрбандардың рухы үшін бір минуттық үнсіздік жариялаймыз.
Ән: «Қаһарман қыз – Ләззат қыз»
Тәрбиеші: Л. Асанова 1970 жылы өмірге келген. Желтоқсан оқиғасына Алматы қаласындағы музыка училищесінде оқып жүрген кезінде қатысқан еді. Ол не бәрі 16 жаста еді. Елбасы Н. Ә Назарбаев «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің белгілерін де ерекше қадірлеуіміз керек.
Нұрай: Мен елтаңбамды қадірлеймін, сол жайында айтамын.
Шаңырақтан таралған
Қос пырақтай бар арман
Татулық пен елдігім
Уықтай нық қадалған
Бес құрлыққа танылған
Жұлдыз болып жағылған
«Қазақстан - Отаным»
Деп айшықты жазылған.
Нұрбақыт: Әнұранымды мақтанышпен жырлаймын:
Алтын күн аспаны
Деп айтар жастары
Әнұраны елімнің
Айбыны дастаны.
Рух сыйлап еліме
Дем береді сенімге
Әнұраным айтылыр
Жеңістердің төрінде
Айдана: Ал мен көкбайрағымызды сипаттап беремін.
Көгілдір аспан төрінде
Күн нұрын шашты еліме
Қанатын қомдап қыран құс
Шарықтай ұшты көгіне
Найзадай бол жығылма
Туым тұр биік тұғырда
Айшықтап ою - өрнектер
Тартады тарих сырына.
Мақсат: Ал мен тақпағымды әсем қала Астанаға арнаймын.
Астана төрі елімнің
Тұғыры туған жерімнің
Жетелер алға арманды
Жемісі сенсің сенімнің
Астана – үміт қаласы
Бас болған елдің данасы,
Мақтана оған қарайды,
Қазақтың барлық баласы.
Ақниет: Мен Қазақстанымды шексіз сүйемін.
Қазақстан - елім менің
Отаным - жерім менің
Өзіңнен өскен тарап
Ата - бабам тегім менің
Сені Отан қасиетті
Сүйеді бар ұланың
Байрағы желбіреген
Асқақтап әнұраның.
Райбек: Ал мен елімді қорғайтын батыр боламын
Мен кішкентай баламын
Тайдай өсіп толамын
Талабым биік асқар шың
Ел сүйген ер боламын
Білім алам талмаймын
Жамандыққа бармаймын
Бабалардай ер жүрек
Елімді мен қорғаймын.
Хормен:
Қазақстан ел жоқ сенен асатын
Біз боламыз саған үлес қостын
Ынтымағы, бірлігіміз жарасқан
Алға!
Алға!
Қазақ елі жасасын! (Ән: «Жаса, Қазақстан!»)
Тәрбиеші:
Балалардың өнерлі
Тыңдадық біраз әр үнін
Елі жайлы білетін
Қорытындылайық білімін.
1 - Сұрақ Нұрын төккен арай көк
Иесі ұлы төріңнің
Аталады қалай деп
Мемлекеті еліңнің?
2 - Сұрақ Халқы үшін мынау өмірдің
Татқан тұщы - ащысын
Кім айтады елімнің
Мемлекеттік басшысын?
3 - Сұрақ Танытып айбын, өр үнін
Таң қалдырған жер жүзін
Кім айтар қазақ елінің
Егемен алған мерзімін?
Би: «Жігіттің сұлтаны»
Ән: «Алтын ана»
Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар, қонақтар, еңселі еліміздің егемендік алған күніне орай ортаңғы топ бүлдіршіндерімен ұйымдастырылған «Бар береке Қазақстан жерінде» атты мерекелік ертеңгілігіміза яқталды. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын деген тілекпен, сіздермен қоштасамыз.
Ән: «Өз елім»
Бар береке Қазақстан жерінде
- Kiyas Ardak
- 19 наурыз 2014
- 6774
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бала-бақша, ертеңгілік сценарийі
Ұқсас жаңалықтар:
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз ел....Тәуелсіздік бастауы желтоқсан
Желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу....Тәуелсіздік бастауы – желтоқсан
Желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу...Тәуелсіздік -тұғырым
«Жауқазын» балабақшасы Тәрбиеші: Сапашева Гүлжанат...Тәуелсіз елдің ұланымыз
Мақсаты: Балалардың бойына тәуелсіздік күні туралы түсіндіру. Отан, Рәміздер, Елбасы, ұлтының қазақ, Қазақстан елінде тұратынын білуге үйрету. Жеке...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.