Тақырыбы: «Сиқырлы ағаштар»
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтай отырып, қыс мезгіліндегі орманның табиғаты туралы, ондағы жануарлар туралы түсініктерін нығайту, жалпы табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Сөздік қоры: Сиқыр
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
- Балалар, қараңдаршы бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті, қане амандасайық.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты!
Жарқырайды күніміз,
Жайнап түсті даламыз.
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз!
- Өте жақсы балалар екенсіңдер!
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір жылдың қыс мезгілі.
- Қыс мезгілінде неше ай ба?
- Қыс мезгілінде үш ай бар.
- Қыста ауа - райы қандай болады?
- Қыста ауа - райы салқын болады.
- Қандай табиғат құбылыстары болады?
- Қар жауады, боран соғады.
- Бір аптада неше күн бар?
- Бір аптада жеті күн бар.
- Қыста адамдар қалай киінеді?
- Жылы киінеді.
- Қандай жануарларды білесіңдер?
- Жабайы және үй жануарлары.
Олрадың тіршілігін айтады.
- Балалар қыста қандай ойындар ойнамыз?
Қардан аққала жасап, қар лактырып, шана теуіп ойнаймыз.
Балалар сендер күндізгі орманды көрдіңдер, ал түнгі орманға саяхатқа барғыларың келе ме?
- Ия
- Түнде біздер не істейміз?
- Ұйықтаймыз.
Түн ішінде жан - жануарлар де, ағаштар да, бұлттар да, тау – тастар барлығыт да ұйықтайды.
- Міне, меніғ қолымда таяқша бар, ол жай таяқ емес сиқырлы.
(Тәрбиеші сиқырлы таяқшаны сермегенде құдды ертегі әлеміне кіргендей сезінеді. Балалар қар болып ұшып жүргендей. «Ертегілер» әні ойнап тұрады.)
Балалар көздерін ашты, түнгі орманға келді, жан - жағына таңырқай қарайды.
- Балалар, қараңдаршы біз қайда келдік?
- Орманға келдік.
- Аппақ қар жауған екен7
- Мынау қандай ағаш?
- Шырша.
Шырша туралы тақпақтарын айтады.
Шыршалар жанып – сөніп тұрады.
- Балалар, ағаштар не жамаылған?
- Аппақ, сиқырлы қар жамылған.
- Балалар түнгі орманның тыныштығын бұзуға болмайды, шуламай аяғымыздың ұшымен жүреміз.
- Балалар, орманда қандай аңдар бар екен?
- Қасқыр, түлкі, қоян.
- Қане, мен осы жабайы аңдармен байланысты жұмбақ жасырайын.
1. Өзінше ноян
Қорқақ......... (қоян)
2. Төрт аяқты шалғы
Шауып кетер малды (қасқыр)
- Балалар, орманда қандай ағаштар өсіп тұр?
- Емен, шырша, қарағай.
- Ормандағы ағаштар қандай?
- Қар жамылған.
Осы кезде қарағайдың түбінен «Қар адамы» шыға келеді. Жел улеп кетеді, музыка қосылады.
Қар адамы: - Бұл кімдер менің ұйқымды бұзған?
Тәрбиеші: - Қар адамы, біздер түнгі орманның табиғатын, сиқырын тамашалауға келдік. Біздің балалар, орманның сиқырына тамсанып тұр. Олар сізге қыс туралы тақпақтарын айтпақшы.
Қар адамы: - Жарайды. Айтсын.
Балалар қыс туралы тақпақтарын айтып береді.
Сергіту сәті:
- Балалар, біз қайда саяхатқа бардық?
- Түнгі орманға саяхатқа бардық.
- Ормандағы ағаштар қандай болып тұр?
- Сиқырланып тұрғандай.
- Ормандағы түнгі саяхат сендерге ұнады ма?
- Ұнады.
- Балалар, сендер шаршаған боларсыңдар, ендеше менің сиқырлы таяғыммен топқа қайтайық.
Сабақты қорытындылау
Cиқырлы ағаштар
- vini
- 11 наурыз 2014
- 12476
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бала-бақша, ашық сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Көрікті қыс
Балалардың шығармашылық ынтасын ояту, түсті қағазға дәстүрлі емес тәсілмен жұмыс істеу іскерлігіне баулу. Ұжым сурет салуға үйрету, балалардың...Аңдардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: 1. Қыс мезгілінің құбылыстары мен қыс табиғатының ерекшеліктері туралы білімдерін толықтыру. Балаларға жалпы құстар мен аңдар туралы,...Қыс қызығы
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға ауылы «Мөлдір» балабақшасы тәрбиешісі Тлеубаева Ақбөкен Аманғалиевна...Жабайы аңдар
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Тажібаева Клара Шайханқызы...Қыс
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақшасы тәрбиешісі: Кушембетова Әдемі Жарасханқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.